Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет46/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Интернет көздері: 
16.
htth: //www.eti-deti.ru
17.
htth: //www.defectolog.ru
18.
htth: //www.satr.kz
Лекция тақырыбы: 
Сезімталдықтың бұзылуының синдромдары. 
Есту.Көру. 
 
Дәріс жоспары: 
1. Сезімталдықтың бұзылуының синдромдары. Есту.Көру.
1. 
Сезімталдықтың бұзылуының синдромдары. Есту.Көру. 
Сезiмталдық – ағзаның сыртқы ортадан және өзiнiң тiндері мен 
мүшелерiнен келетiн тiтiркенiстердi қабылдау қасиетi. Осы тiтiркенiстердi 
қабылдайтын экстерорецепторлар, телерецепторлар, проприорецепторлар
интерорецепторлар, осморецепторлар, хеморецепторлар, барорецепторлар және 
т.с.с. Сезiмталдықтың келесi түрлерiн ажыратады: 1) беткей (үстiртiн) – 
ауырсынуды сезу, температураны сезу, тактильдік немесе сипап сезу, 2) терең 
(проприорецептивтік) – бұлшық ет, буындарды сезу, вибрацияны сезу
басқанды сезу, терi қатпарының бағытын сезу (кинестезия), 3) сезiмталдықтың 
күрделi түрлерi – шаншу немесе сипаған жерiн сезу, теріге жасалған әрiптердi 
немесе белгiлердi тану (екі өлшемдік және кеңістіктік сезгіштік), 
дискриминациялық сезiмталдық (екi жердi бiрдей шаншығанда, осы 
шаншулардың ара қашықтығын сезу), стереогноз (сипап сезу арқылы заттың 
пішінін анықтау); 4) интерорецептивтiк (iшкi мүшелердiң рецепторлары 
арқылы тiтiркенiстердi сезу).
Сезiмталдықтың бұзылыстары: 
гипестезия 
– сезiмталдықтың төмендеуi, 
анестезия 
– мүлдем болмауы, 
дизестезия 
– тiтiркенiстердi дұрыс қабылдамау, 
аналгезия 
– ауырсынуды сезiнбеу, 
топанестезия 
– локализацияны сезiнбеу, 
астереогноз 
стереогноздың бұзылуы
гиперестезия 
немесе 
гипералгезия 
– 
қалыптан тыс сезiмталдықтың жоғарылауы, 
гиперпатия 
– тiтiркенiс шегiнiң 
жоғарылауы, 
парестезия 
– құмырсқа жүрген сияқты жыбырлағын, қышыған, 
ашыған, шаншыған сияқты жалған сезінулер, 
полиэстезия 
– бiр тiтiркенiстi 
көптеген тiтiркенiстер ретiнде сезiну
фантомдық ауырсыну 
– жоқ мүшенiң 
ауырсынғанын сезiну.
Сенсорлық (сезiмталдық) бұзылыстарға сонымен қатар көру бұзылыстары 
(көз өткiрлiгiнiң бұзылуы – амблиопия, амавроз, түстi ажыратпау – 


ахроматопсия, дисхроматопсия, көру аймағының өзгеруі – скотома, 
гемианопсия; көру агнозиясы) және есту қабiлетiнiң бұзылыстары (мүлдем 
естімеушілік, нашар естушілік, есту агнозиясы) жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет