Мишықтың
зақымдалуы
нәтижесінде
гиперметрия
байқалады—
қозғалыстың шамадан артық орындалуы түріндегі сәйкессіздігі. Гиперметрия
пронаторлы сынама өткізу арқылы анықталады.
Ауру адамға қолын алдына
созып тұрып, алақанының жайылған немесе жоғары қараған (супинация)
жағдайынан тез арада төмен қараған (пронация) жағдайына ауыстыруын
сұрайды. Мишықтың бұзылу себебінен, зақымдалған жақтағы қол алақанының
шамадан артық айналып кетуі байқалады.
Қарама-қарсы қозғалыстардың алмасып
орындалуының бұзылысы
адиадохокинез деп аталады. Адиадохокинез қол буынының супинациясы мен
пронациясының кезекпен-кезек тез жасалуынан көрінеді.
Ауру адамда бұл
қозғалыстар баяу, біртүрлі икемсіз болады, калыптан тыс қозғалыс байқалады.
Мишықтың зақымдалу себебінен сөз баяулап, буындарға
бөлініп шығатын
болады.
Көз алмасының қозғалысы кезінде көздің қағып тұруы —нистагм
байқалады.
Тремор мен майда қимылдар үйлесімінің бұзылуы нәтижесінде науқастың
жазуы өзгереді. Ол
тегіс және біркелкі болмайды, әріптердің сызығы қисық
болып келеді. Ал әріптердің өзі өте үлкен болып жазылады.
Мишықтың зақымдалуы бұлшық ет гипотониясына әкеп соқтырады.
Достарыңызбен бөлісу: