Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Жүйке үрдістерінің қозуы мен тежелуі



Pdf көрінісі
бет55/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
невро лекция

Жүйке үрдістерінің қозуы мен тежелуі. 
Шартты рефлекстердің қалыптасуы үлкен жарты шар қыртысының іс- 
әрекетті, белсенді кезінде ғана мүмкін болады. Бұл белсенділік қыртыста негізгі 
процесстердің өтуімен қамтамасыз етіледі – қозу және тежелу.
Қозу – 
ішкі және сыртқы тітіркендіргіштердің талдағыштар арқылы әсер 
етіп, ми қыртысының жасушалық элементтерінде пайда болатын, белсенді 
процесс болып табылады. Қозу ошағы аймағында жүйке байланысының күшеюі 
жүреді – мұнда белсенді жұмыс аймағы пайда болады.
Тежелу 
де белсенді процесс болып табылады, ол қозуды күшпен 
(зорлықпен) ұстап тұратындай болады, белсенділіктің түрлі деңгейімен 
сипатталады. Тежелудің сыртқы (шартсыз) және ішкі (шартты) түрлерін 
ажыратады.
Сыртқы тежелу 
– ол бірден әсер етіп, шартты рефлекторлы іс-әрекетті 
баса алатын, туа біткен механизм. Ол – сыртқы бөтен тітіркендіргіш әсерінен 
іс-әрекет актісінің кенеттен әлсіреуі немесе басылып қалуы. Мұның себебі 
әртүрлі 
жаңа 
тітіркендіргіш 
бағдарлау 
рефлексін 
туғызады. 
Осы 
тітіркендіргіштің көптеп қайталануынан, оған деген үйрену пайда болады.
Шартты рефлекстің шамасы тітіркендіргіш қарқынына («күш заңы») 
тікелей тәуелді келеді. Шартты тітіркендіргіш күші шектен аса өссе, қарама- 
қарсы нәтижеге, яғни шартты рефлекстің әлсіреуіне, тежелуіне әкеліп соғады. 
Бұл тежелудің сақтандырушы маңызы бар. Өйткені ол жүйкені шамадан тыс 
күшті немесе ұзақ тітіркенірудің әлсірету әсеріне кедергі жасайды. Бұл тежелу 
жүйкені уақытша жұмыстан босатады және оның қалыпты қозғыштығы мен 
жұмыскерлігін қайта орнына келтіруге жағдай жасайды. Жүйкесі тозған 
жануарларда шектен тыс тежелу тіпті біршама әлсіз шартты тітіркендірудің 
әсерінен де пайда болады.
Ішкі тежелу 
– жүре пайда болатын механизм, ол өмір, тәрбие, еңбек 
процесі кезінде қалыптасады. Ол шартты рефлекс сияқты құрылады.


И. П. Павлов шартты тежелуді өшетін, ажырататын, шартты тежейтін және 
кешіктіретін деп 4 түрге бөлді.
Өшетін тежелу 
– шартты қоздыру бірнеше рет бекітілусіз ұсынылған 
жағдайда 
пайда 
болады. 
Егер 
шартты 
тітіркендіргіштің 
шартсыз 
тітіркендіргішпен ұштасуы тоқталса, бұрынғы қалыптасқан тұрақты шартты 
рефлекс әлсірейді, кейін шартты сигнал бірнеше рет нықталмаса рефлекс тіпті 
жойылады.
Егер шартты тітіркендіргіш тағы біраз уақыт қолданылса, өшкен шартты 
рефлекс қайтадан қалпына келеді. Бұл құбылысты тежелуден босау деп атайды.
Ажырататын тежелу
. Жаңа қалыптасқан шартты рефлекстің алғашқыда 
жалпылама өзгешелігі болады. Өйткені ол үйренген шартты тітіркендіргіштен 
басқа, бірақ оған ұқсас немесе көптеген біррайлы тітіркендіргіштерге де жауап 
ретінде пайда болады. Алайда, егер тек шартты тітіркендіргіш қана бекітіліп, 
басқалары елеусіз қалса, біраз уақыттан кейін ұқсас тітіркендіргіштерге 
әсерленісі өшеді. Шартты рефлекстің ажыратылмалығының өңделуі 
психикалық іс-әрекеттің жоғарғы түрінің қалыптасуына көмектеседі – 
логикалық ойлау, бөлікке бөлінген сөйлеу тіл және күрделі еңбекті қимыл- 
қозғалыстар. Оқыту және тәрбиелеу процессі ажырататын тежелудің 
өндірілуіне сүйенеді.
Шартты тежегіш
. Егер небір қосымша агентпен ұштастырылған 
тітіркендіргіш нығайтылмаса, ал жеке қолданған шартты сигнал әрдайым 
нықталса, жүйке орталықтарында шартты тежелу пайда болады.
Кешіктіретін тежелу 
қозудың берілу тәртібінің өзгеруімен шартталады. 
Кешіктіретін шартты рефлекстер бірден құрылмайды, тек нығайтудың басталуы 
біртіндеп ұзартылғанда барып жасалады. Осы шартты тітіркендіргіштің 
жекеленген әсерімен бастапқы кезде жүйке жасушаларының іс-әркеті тежеледі.
Тежелу мен қозу осы процесстердің іске асырылуында заңды түрде пайда 
болатын ерекше қасиеттермен сипатталады. 
Иррадация 
– қозу мен тежелудің 
үлкен жарты шар қыртысы бойынша тарала алу қабілеті. 
Концентрация 
– 
қарама-қарсы қасиет, яғни доминанта ошағы қалыптасатын, жүйке 
процесстерінің жиналу, белгілі бір аймақта шоғырлану қасиеті. Жүйке 
процесстерінің өзара индукциясы деп – сол процесстердің тығыз байланысы 
түсіндіріледі. Олар әрқашан бір-бірін шақырып өзара әрекеттеседі. Оң және 
теріс индукцияны ажыратады. Негізгі жүйке процесстерінің берілген қасиеттері 
тұрақты қызметімен ерекшеленеді, сондықтан олар жоғарғы жүйке іс- 
әрекетінің заңы атауын алды.
Ми қыртысына әсер ететін тітіркендіргіштер әсер ету сипатына қарай әр 
түрлі болады. Кейбіреуі тек қана бағыттық манызды болады, басқалары белгілі 
функционалды-динамикалық 
жүйелерді 
құрайды. 
Осы 
жүйелердің 
тұрақтылығы олардың қалыптасу жағдайымен байланысты. Егер әсер етуші 


тітіркендіргіштер жиынтығында қандай да бір кезеңділік анықталса және 
тітіркендіргіштер белгілі бір тәртіпте, уақытта келіп түссе, онда шартты 
рефлекстер жүйесі үлкен тұрақтылықпен ерекшеленеді. И. П. Павлов бұл 
жүйені динамикалық стереотип деп атады. Динамикалық стереотип – арнайы 
функцияларды атқаратын шартты рефлекстердің жаттықтырылған бір қалыпты 
жүйесі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет