Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Лекция  тақырыбы: Жүйке жүйесінде ауытқулары бар балаларға



Pdf көрінісі
бет58/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
невро лекция

Лекция 
тақырыбы: Жүйке жүйесінде ауытқулары бар балаларға 
арналған емдеу және алдын алу шаралары. 
Дәріс жоспары: 
1.
 
Церебральды сал ауруы бар балаларға көмек көрсету жүйесі. 
2.
 
Сөйлеу тілінің мүкістігі бар балаларға арналған көмек көрсету 
жүйесі. 
 
1.
 
Церебральды сал ауруы бар балаларға көмек көрсету жүйесі. 
Церебральды параличпен ауыратын балаларға көмек көрсету жүйесі ең 
алдымен неғұрлым ертерек ауруды айқындап (диагностика жасап) жүйелі түрде 
емдеу – педагогикалық жұмыстарды өткізуді бағытқа алады. Бұл жүйенің негізі 
босандыратын үйлерде және балалар емханасында жаңа туған балалардың 
арасынан церебральды патологиясы айқындалғандарға арнайы көмек көрсету. 
Біздің елімізде денсаулық, білім және әлеуметтік министрліктері жанынан 
арнайы 
мекемелер: 
емханалар, 
неврология 
бөлімшелері 
және 
психоневрологиялық ауруханалар арнайы санаторийлер, бала-бақшалары
тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған мектеп-интернаттар, 
балалар үйлері, интернаттар және басқа да реабилитациялық орталықтар 
құрылған.
Бұл мекемелерде ұзақ уақыт бойы орнына келтіріп емдеумен қатар 
мамандандырылған логопедтер, дефектологтар, психологтар, тәрбиешілердің 
таным-білімдерін және сөйлеу дағдыларын дұрыстауға мамандандырылған 
көмек көрсетеді. Өкінішке орай, бұндай мекемелер бүгінгі таңда Мәскеуде, 
С.Петербургте және басқа да ірі қалаларда ғана бар.
Амбулаториялық емдеу балалар емханаларында және үйде дәрігерлердің 
(невропатолог, педиатр, ортопед) басшылығымен жүргізіледі. Қажетіне қарай 
балалар арнайы неврология емханасына жіберіледі. Амбулаториялық жағдайда 
БЦП-нің жеңіл түрлерін емдеу нәтиже береді, ал күрделі зақымдалған түрінде 
бұл жұмыс стационарлы емдеумен байланысуы қажет.
Емдеу-педагогикалық көмектің еш түрі көмектеспейтін балалар әке- 
шешелері қандай да бір себептермен үйде емдеу, тәрбие жұмыстарын 
қамтамасыз ете алмайтын жағдайда, бұл балалар мемлекеттің уақытша немесе 
тұрақты қарамағына алынады.


Олар балалар үйлеріне, одан кейін әлеуметтік қорғау министрлігінің 
интернаттарына жіберіледі.
Мектепке дейінгілерге көмек көрсету мамандандырылған бала-бақшада, 
коррекциялық оқыту-тәрбиелеу және мектепке дайындау жүйесі арқылы жүзеге 
асырылады. Баланы қабілетіне қарай мейлінше жан-жақты дамыту өте 
маңызды.
Мектеп жанындағы балалардың қол жеткізген нәтижелерін бекіту арнайы 
мектеп-интернаттарда толық мәнінде жүзеге асырылады.
Үлкен қалаларда тұратын 60-70%. Балалар арнайы мектеп-интернаттарда 
оқиды. Бұнда негізгі міндет болып оқу-тәрбие және емдеу жұмыстарын еңбекке 
үйрету, уақытында және мақсатты түрде мамандыққа бағдар алу 
жұмыстарымен байланыстыру қойылады. Коррекциялық-педагогикалық жұмыс 
таным-білімін дамыту кемістігін түзету, жоғарғы ми қабының жұмысын түзету, 
қимыл, іс-әрекеттерінің тұрақты дұрыс формаларын тәрбиелеуден тұрады.
Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалар оқитын мектептерде жүре 
алатын және өзін-өзі күте алатын ақыл-есі сақталған. ПДТ және 
олигофренияның дебилдік түріндегі балалар оқиды. Дайындық сыныптарда 
ақыл-ойының осы кездегі жағдайы анықталып, әрі қарайғы 12 жылдық жалпы 
немесе көмекші бағдарламалар бойынша оқытуға дайындық жасалады. Ауыр 
науқасты балалар әдеттегі көмекші немесе жеке бағдарлама бойынша өзін-өзі 
күте алмайтын, өздігінен жүре алмайтын үйде оқытылады.
Олигофренияның дебилдік түріндегі кейбір балалар көмекші мектептерде 
оқиды. Мектеп-интернат педагогикалық және медициналық персоналдар 
тарапынан балалардың жеке басына бірыңғай, бүтіндей қарау негізге алынады. 
Мұғалімдерден балалардың жеке ерекшеліктерін білу, олардың ескертулерді 
қалай қабылдайтынын алдын ала білу талап етіледі.
Бұның барлығы өзінің мүмкіндігіне баланың дұрыс қарауына әсер ету үшін 
қажет.
Кішкентай қалалар мен ауылдарда тұратын балалар бүгінгі таңда 
мамандандырылған мектептерде оқи алмай отыр. Олар кәдімгі жалпы білім 
беретін мектептерде, үйде оқиды, бұл олардың білім алу деңгейін төмендетіп
қажетті еңбек дағдыларын меңгеруіне мүмкіндік бермейді.
Еңбек тәрбиесі күнделікті өмір үрдісінде және еңбек терапиясы 
сабақтарында жүзеге асырылады. Церебральды параличпен ауыратын балаларға 
кәсіби бағдар беру барлық оқу кешендерінде жасөспірімнің психикалық 
жағдайына, қызығушылығына сәйкес жүргізіледі. Мектеп- интернаттарда тігін, 
ағаш және слесарлық шеберханалары жұмыс істейді.
Мектепті 
бітіргеннен 
кейін 
жасөспірімдер 
кәсіби-техникалық 
училищелерде, техникумдарда немесе жоғарғы оқу орындарында оқи алады, 
бұнда түсуге оларға арнайы жеңілдіктер беріледі. Әлеуметтік қорғау 


министрлігінің де арнайы кәсіби-техникалық училищелері бар. Жасөспірім 
қандай мекемеде оқу немесе жұмыс істеуінің дұрыстығын наықтау үшін еңбек 
қабілетіне сараптау жасалады. Мүгедектерді жұмысқа тұрғызу кезінде ДЕСК 
(дәрігерлік еңбек сараптау комиссиясы) ұсынысын қатаң сақтау қажет. 
Сақталған интеллектісі бар аурулар программист, экономист, бухгалтер, 
кітапханашы, аудармашы т.б. мамандықтарды таңдай алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет