Жоғарғы жүйке іс-әрекетінің типтері Жүйке қызметі жалпы заңдылықтарға бағынышты болғанымен, оның жеке
индивидке тән бірқатар жеке дара ерекшеліктері бар. Негізгі жүйке
процестерінің (қозу мен тежелудің) күшіне, қозғалғыштығына және өзара тепе-
теңдігіне қарай И.П.Павлов жоғарғы жүйке іс-әрекетінің төрт түрін бөлді:
А) күшті, байсалды, қозғалмалы (Гиппократ бойынша сангвиник);
Б) күшті, байсалды, бірақ аздап инертті – салмақты, жәйбасар түр
(флегматик);
В) күшті, бірақ байсалды емес, тежелу процесіне қарағанда қозуы басым;
қозғыш және ұстамсыз (холерик);
Г) әлсіз, байсалды емес, тежелу тез пайда болады (меланхолик).
И. П. Павлов бойынша, адамның және жануарлардың жүйке жүйесінің түрі
туа біткен, соның ішінде тұқым қуалаушылыққа тәуелді, қасиеттер мен сыртқы
орта әсері (өмір жағдайы, тәрбиелеу және оқыту ерекшеліктері, еңбек іс-
әрекеті) нәтижесінде жүре пайда болған қасиеттердің біртұтас құймасы болып
табылады.
Философиялық механизімдер ретінде И. П. Павлов ерекше екі сигналды
жүйе концепциясын ашқан, олардың көмегімен жануарлар мен адамдар
болмысты танып біледі.
Бірінші сигналды жүйе – жануарлар мен бізге ортақ,
шынайылық жүйесі. Ол сөздерден басқа біздің өзімізде бар, қоршаған ортадан
естіген, көрген әсерлер, мысалы шу, вибрация, жарық және т.б. Екінші
сигналды жүйе – ол сөз. Егер бірінші сигналдар сезім мүшелеріне есту, көру,
сезу т.б арқылы әсер етсе,
екінші сигналдар сөз арқылы бірінші сигналдардың
сапасын және сипатын білдіреді. Адамның ерекшелігі сыртқы әлемді бір-
бірімен тығыз байланысты бірінші және екінші сигналдармен танитындығында
тұрады. Сигналды жүйелердің өзара әрекеттесуінің бұзылуы кейбір психикалық
аурулардың пайда болу себебіне жатады. И. П. Павлов сигналды жүйелердің
өзара әрекеттесуіне негізделе, өз заманында адамдардың арасында үш түрді
бөліп шығарған: көркемдік, ойлы және орташа. Көркемдік түрге ойлау кезінде
бірінші сигналды жүйе басымдылық танытатын және оған мидың қыртыс асты
құрылымдарының қатысу дәрежесі жоғарырақ болатын адамдарды жатқызған.
Ондай адамдардың ойлауы бейнелі, нақты сипатта болатындығымен және
көңіл-күйге аса тәуелді екендігімен ерекшеленеді. Ойлы немесе философиялық
түрге жататын адамдарда керісінше екінші сигналды жүйе басымдылық
танытады. Ондай адамдарға абстрактылы ойлау тән. Павлов адамдардың
көпшілігін жатқызған орта типті адамдарда ойлаудың қандай да бір ғана түрінің
басымдылығы анықталмайды.