сөйлеу тiлiнiң фонетикалық
бұзылыстары байқалады.
Дыбыстарды дұрыс айтпағандықтан дыбыстардың фонематикалық қабылдауы
да бұзылады. Осындай баладағы сөйлеу жетiспеушiлiктерi тіл шығатын
кезеңнен әлдеқайда еретерек байқалады. Сөз қоры өте баяу дамиды.
БЦСА кезiндегi сөйлеу бұзылыстары дизартрия, алалия, дислексия және
дизграфия ретiнде байқалуы мүмкiн. Одан басқа невроз тәрiздi мутизм және
сурдомутизм сияқты сөйлеу бұзылыстары кездеседi.
Ғалымдар БЦСА кезiндегi сөйлеу бұзылыстарының келесі
себептерiнiнн қарiнастырiнады :
-
артикуляция бұзылыстары
-
ауру балалардың заттық-практикалық iспен айналыспауы
-
адамдармен қарым-қатынасының аздығы
-
ата-анасының аса жоғары қамқорлығы (гиперопека) -
баланың өз
жағдайына деген көз қарасы.
Балалардың церебралдық сал аурудың түрлері. Спастикалық диплегия (Литтл синдрiномы). Бұл БЦСА ең жиі
кездесетін түрі. Оған аяқ пен қолдағы, бірақ соның ішінде көбінесе аяқтарында
басым болатын қимыл бұзылыстары тән. Баланың алғашқы айларында
анықтала бастайды. Аяқтары созылған, кейде айқасады, сіңір рефлекстері
жоғарылаған. Бала кеш отыра және жүре бастайды. Тұрған кезде тізелері
жартылай бүгіледі және бір-біріне тиіп тұрады. Қолдарында көбінесе ерікті
қимылдарындағы епсіздік байқалады. Кейде ақыл-ес дамуы тежеледі, сөйлеу
бұзылыстары болады. Тырысулар БЦСА басқа түрлеріне қарағанда сирек
кездеседі.
Қос гемиплегия (тетрiнаплегия). Ол БЦСА ең ауыр түрі. Бұл кезде қос
аяғы мен қос қолында қимыл бұзылыстары байқалады, бірақ қолдарында олар
көбірек білінеді (35-сурет). Бұзылыстар көбінесе асимметриялы түрде болады.
Жұтуы мен сөйлеуі бұзалады. Тепе-теңдік және денені тік ұстау рефлекстері
дамымайды. Бала отыра да, жүре де алмайды. Әр қимылдаған сайын бұлшық
еттер тонусы арта түседі де, бала бір дене қалпын сақтап қалады. Психикалық
дамуының тежелуі өзімен жасты балалармен қатынасы болмағандықтан одан
сайын күшееді. БЦСА бұл түрінде кейде микроцефалия және дамудың басқа да
ақаулары кездеседі.