Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Эпидемиялық энцефалит (А энцефалиті)



Pdf көрінісі
бет29/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Эпидемиялық энцефалит (А энцефалиті). 
Эпидемиялық энцефалитпен 
науқастану организмге орталық жүйке жүйесін зақымдайтын ерекше 
нейровирустың енуімен байланысты. Ауру эпидемиялық сипатта өтеді және 
қыста жиі болады. Алайда эпидемиялық энцефалиттің жеке жағдайлары 
жылдың кез келген мезгілінде кездесуі мүмкін. Ауру кез келген жаста болуы 
мүмкін, бірақ көбінесе онымен балалар ауырады. Әдебиеттегі мәліметтер 
көрсеткендей, соңғы кезде балаларда бұл сырқаттың ауыр түрлері 
салыстырмалы сирек кездесетін болды.
Аурудың бастапқы кезеңіне негізінен мына симптомдар тән: дене 
қызуының 38-39
0
дейін көтерілуі, бас ауыруы, заттардың қосарланып көрінуі 
және ұйқының бұзылуы. Кейбір науқастар үздіксіз ұйқылы күйде болады. 
Оларды тамақ ішу үшін оятады, содан соң олар қайтадан ұйықтап қалады. Ал 
басқаларында керісінше ұйқысы қашады. Қыртыс астылық түрінде бірқатар 
жабысқақ, ығырын шығаратын қимылдар тән болады, балалар бірнәрсені 
қолымен теріп отырады, кейде жеке бұлшық еттердің тартылуы (миоклония) 
байқалады. Біраз вегетативтік бұзылыстар болады – сілекейдің көп бөлінуі, бет 
терісінде майдың артық бөлінуі.
Сырқаттың ағымы қимыл-қозғалыс, сөйлеу, психика тарапындағы жеке 
қызметтердің бұзылыстарымен асқынуы мүмкін. Міне осы бұзылыстар 
қалдықты құбылыстар деп аталатын күрделі симптомдар жиынтығын құрайды. 
Эпидемиялық энцефалиттен кейінгі осы зардаптардың сипаты едәуір дәрежеде 
мидың қай аймақтары ауыру процесіне әсіресе қатты ұшырағандығына 
байланысты. 
Эпидемиялық 
энцефалит 
қыртыс 
асты 
аймағын 
(стриопаллидарлық жүйені) және аралық миды зақымдайды. Сондықтан 


қалдықты құбылыстардың көрінісінде қозғалыс қызметінің, мінездің, сонымен 
бірге зат алмасудың бұзылыстары жиі кездеседі. Қозғалыс бұзылыстары 
әралуан болады, кейде қимылдардың өзіндік тежелгендігімен қатар қол мен 
бастың дірілдеуі байқалады, ал салдану мен парездер сирегірек кездеседі. 
Әдетте біршама клиникалық тән көрініс байқалады: баланың бетінде мимикасы 
жоқ, көз жанары тапжылмай, алысқа бағытталған, қимылдарының жалпы 
тежелгендігі, сілекей ағуы байқалады. Сөйлеуі бірырғақты, мәнерсіз. Алайда 
мұндай ерекше адинамия жағдайлары балалық шақта сирек кездеседі. 
Балаларда эпидемиялық энцефалиттен кейінгі қалдықты құбылыстардың 
көрінісі көбінесе қыртыстың қыртыс асты құрылымдарын қадағалау қызметінің 
әлсіреуіне байланысты жалпы қимыл беймазалығымен сипатталатын тән 
қызметі бұзылыстарымен білінеді. Мұндай жағдайларда баланың тәртібінде 
кенеттен пайда болатын ашу-ыза, арсыздық түріндегі дөрекі, жағымсыз 
мінездер басым болады, көңіл күйі көбінесе тұрақсыз әрі түнерген болып 
келеді. Арнайы балалар мекемелерінің педагогикалық тәжірибесіндегі кейбір 
балаларда тәбетінің немесе шөлінің шектен тыс жоғарылығы (булимия, 
полидипсия), жыныстық арсыздық, патологиялық ызақорлық, қатігездік, өзіндік 
беймазалық байқалады.
Көңіл күй-жігер саласындағы патологиялық өзгерістердің біліну дәрежесі 
мен эпидемиялық энцефалит салдарының сипаты әртүрлі болуы мүмкін. Кейде 
бұл бұзылыстар ауыр болып, баланың оқуына әсер етуі мүмкін, яғни оның 
үлгерімі күрт төмендейді, ол тәртіп бұзады, жанұясында және мектепте жиі 
түсініспеушілік, 
ұрыс-керіс 
байқалады. 
Дұрыс 
ұйымдастырылған 
педагогикалық және емдік шаралар аурудың атап өтілген салдарын едәуір 
дәрежеде түзете алады.
Эпидемиялық энцефалиттен кейін болатын ақыл-ой өзгерістері өте әрқилы 
болып келеді және тек ерте жаста ғана айтарлықтай бұзылыстармен 
сипатталып, кемақылдылыққа жақындайды. Ал одан кейінірек жаста тез 
шаршаумен, ойланудың және есте сақтаудың әлсіреуімен ғана білінетін өзіндік 
психикалық астения көрінісі анықталады. Ақыл-ойдың қатты бұзылыстары 
болмауы мүмкін. Эпидемиялық энцефалит кейде созалмалы түрге өтуі мүмкін. 
Аурудан кейін, әсіресе сырқат организм дамуының кейінгі кезеңінде пайда 
болған жағдайларда, едәуір ақыл-ой өзгерістері жоқ балалар жалпы мектепте 
оқи алады. Алайда көп жағдайда ойлаудың баяулығы, жүйке процестерінің тез 
таусылуы, көңіл күй-жігер саласының тұрақсыздығы, жиі бас ауыруы мұндай 
балаларға жалпы мектеп бағдарламасын игеруге кедергі жасайды. Олардың 
белсенділігі мен талабы күрт төмендейді. Әсіресе зейін қызметі нашарлап, оның 
тұрақтылығы төмендейді; балалар алаңғасар болады, назарын бір нәрсеге 
тоқтата алмайды, тез шаршайды. Осының бәрі кейде мұндай балаларды оқуын 
көмекші мектепте жалғастыруға мәжбүр етеді.


Соңғы жылдары эпидемиялық энцефалитің айтарлықтай біліну жағдайлары 
сирек кездеседі, олар көбінесе осы ауруға тән белгілі бір жеке симптомдармен 
сипатталатын беткей түрде өтеді. Біз эпидемиялық энцефалиттің әдебиетте 
сипатталған атипті өтетін түрлерінің тек кейбірін келтіреміз.
Энцефалиттің вестибулярлық түрі 
бас айналуы, жүрісінің бұзылуы, жүрек 
айнуы, құсу сияқты симптомдармен сипатталады. Бұл вестибулярлық немесе 
тепе-теңдік аппаратының қызметінің бұзылуына байланысты. Әдетте бұл ауру 
салыстырмалы қолайлы түрде өтеді, кейде одан кейін қалдықты құбылыс 
ретінде көз бұлшық еттерінің парезі болады. Ал басқа жағдайларда қалдықты 
неврологиялық симптом ретінде бұлшық еттердің, әсіресе бет пен мойын 
еттерінің оқтын-оқтын тартылуы байқалады. Жиі ықылықтаудың айрықша 
ұстамалары (эпидемиялық ықылық) атипті өтетін энцефалит көрінісі ретінде 
қарастырылған.
Энцефалиттің сенсорлық түрі 
балалық шақтың инфекцияларынан кейін, ал 
кейде біртіндеп және көрнекті себепсіз дамиды. Ауру жедел басталады: дене 
қызуы 40
0
дейін көтеріледі, басы, кейде іші ауырады, сезудің бұзылыстары, 
менингеальдық симптомдар байқалады. Жүйке жүйесі тарапынан бет бұлшық 
еттерінің асимметриясы, бұлшық ет тонусының бұзылуы, кейде тез өтіп кететін 
монопарездер, тұрақсыз патологиялық рефлекстер байқалады. Жедел кезең 
қысқа болуы мүмкін – 10-12 күн, одан кейін екінші, жеделдеу кезең басталады, 
ол бірталай уақытқа созылып, оқтын-оқтын өзін-өзі нашар сезіну ұстамалары 
түрінде өтуі мүмкін. Бұл кезеңге сезу бұзылыстарының көптүрлілігі тән. 
Көбінесе көру және кеңістікті қабылдау бұзылады. Кейде заттар өзгертілген 
түрде қабылданады немесе оның тек жекелеген бөліктері ғана қабылданады, 
фотопсиялар, ұшқындар, от жалындары және т.с.с. байқалады. Балалар көз 
алдында жиі түрлі-түсті нүктелерді, дөңгелектерді, доптарды көреді, 
айналасындағының түсінің өзгергендігіне шағымданады: барлығы тұманданған, 
тордың артында тұрғандай немесе әртүрлі түске боялғандай көрінеді (көбінесе 
қызыл түсті атайды). Акустикалық бұзылыстар дыбыстың күші мен үнділігінің 
өзгеруімен білінеді, адамның дауысы біресе тыныш, біресе қатты, бірде 
жақыннан, бірде алыстан естілгендей болады. Сонымен қатар дәм сезу, кейде 
иіс сезу бұзылады. Мектептегі балалардың жазуы мен оқуы бұзылады. Ақыл- 
ойдың қатты бұзылыстары сирек кездеседі, тез шаршау, ойлану қабілетінің 
төмендеуі жиірек байқалды. Бұл ауруда бастың ауыруы мен айналуы жиі 
кездесетін симптом болып табылады. Сырқат ұзаққа созылып, анда-санда 
болатын қысқа әрі тұрақсыз жақсару кезеңдерімен сипатталуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет