Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет28/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60
Байланысты:
невро лекция

(менингоэнцефалит)
.
Менингиттен кейін есту мен көрудің бұзылыстары түріндегі қалдықты 
салдар байқалатын балалардың айтарлықтай бөлігі арнайы мектептерде оқуы 
тиіс (кереңдерге, нашар еститіндерге, соқырларға, нашар көретіндерге 
арналған). Олардың аздаған бөлігі көмекші мектептерге барады. Ал уақытша 
және жеңіл ақыл-ой бұзылыстары болған балалар сәйкес шаралар жүргізілген 
жағдайда қалыпты мектепте қалады.
Менингиттің қоздырғыштарының бірі эпидемиялық паротит вирусы болуы 
мүмкін. Бұл ауруда құлақ маңы сілекей бездерінің аздаған жергілікті қабынуы 
немесе айтарлықтай ауқымды қабынуы байқалады. Ауру 5 – 10 жас аралығында 
жиі кездеседі және онымен көбінесе ер балалар ауырады. Ауру жедел өтеді, 
барлық менингеалдық симптомдар анықталады. Жұлын сұйықтығын 
тексергенде оның аздап сұйытылғандығы (формалық элементтер санының 
азаюы) байқалады, сұйықтық мөлдір болады, үлкен қысыммен ағып шығады. 2 

3 аптадан кейін смптомдар жойыла бастайды, бірақ гипертензиялық синдром 
және емдеуді қажет етуші астениялық жағдай әлі де болса сақталады.
Түрлі жұқпалы аурулар жүйке жүйесінің қызмет-құрылымдық жағдайына із 
қалдырады. Әртүрлі асқынулардың дамуы мүмкін. Олардың дәрежесі себепші 
фактордың (аурудың қоздырғышының) өсіп келе жатқан организмге әсер ету 
мерзіміне (құрсақ ішілік кезеңде, әлде туғаннан кейін ауырды ма), диагноздың 
дер кезінде қойылуына және ем шараларының сәйкестігіне байланысты.
Жүйке ауруларының клиникасында әртүрлі сырқаттардың салдары ретінде 
микроцефалия мен гидроцефалия, ақыл-ой кемістігі (
олигофрения немесе 
кемақылдылық
), көрудің, естудің, сөйлеудің, қимыл-қозғалыстың бұзылыстары 
және басқа да психопатологиялық бұзылыстар қарастырылады.
Арахноидит. 
Арахноидит – бас миы мен жұлынның өрмек тәрізді 
қабықтарының қабынуы. Қабыну процессі іріңді емес. Өрмек тәірізді қабық 
астында тамырлардың бір-біріне жабысуынан жұлын-ми сұйықтығының 
қозғалысы бұзылуынан, бас ішіндегі қысым жоғарлайды. Арахноидит қызылша, 
қызамық, отит, мұрын ішілік қуыстардың инфекциялық ауруларынан кейін 


пайда болады. Арахноидит кезінде байқалатын клиникалық белгілер: дене 
температурасының жоғарлауы, бас ауруы, бастың айналуы, құсу.
Арахноидит кезінде көбінесе бас миының үшкіл, беттік, тіл асты 
жүйкелерінің зақымдалулары байқалады. Қабыну процессі ми көпірі мен 
мишық арасында орналасса, ауруларды құлақтағы шу, бас айналулары, беттің 
ауруы, мазасыздандырады. Көру жүйкелерінің қиылысындағы арахноидиттен 
көру функциясының бұзылуы байқалады. Көру өткірлігі төмендейді. Кейбір 
кезде тіпті соқыр болуға дейін әкеледі.
Энцефалиттер 
тобына 
миды 
зақымдайтын 
қабыну 
процесстері 
жатқызылады. Олардың орналасуы әралуан болуы мүмкін.
Энцефалиттің ағымында жалпы ми симптомдары да, сонымен қатар ошақты 
симптомдар да байқалады. Жалпы ми сипмтомдарына жататындар: естен тану 
(жеңіл бұлыңғыр естен танудан толық есін жоғалтуға дейін), бастың ауыруы, 
бас айналуы, құсу, тамыр соғысының және тыныс алудың өзгеруі. Ошақты 
симптомдар ауру процесінің мидың әртүрлі аймақтарындағы орналасуына 
қарай әртүрлі болуы мүмкін. Мысалы, қимыл-қозғалыс, сөйлеу бұзылыстары, 
эпилепсия тәріздес ұстамалар орын алуы мүмкін.
Медицина тәжірибесінде энцефалиттер 
біріншілік, немесе эпидемиялық

және 
инфекциялық 
болып бөлінеді; инфекциялық энцефалиттердің кейбірі 
аллергиялыққа жатады. Таралуы эпидемиялық сипатта болатын біріншілік 
энцефалиттердің қатарына 
А энцефалиті (летаргиялық) 
жатқызылады. Оның 
ағымында энцефалиттерге тән біраз жалпы симптомдардан басқа, ұйқының 
ауыр бұзылыстары болады. Ал эпидемиялық энцефалиттердің тағы бір түрі 
Б 
энцефалиті (жапондық) 
вирусының тасымалдаушысы масалар болып 
табылады. Сырқат ауыр түрде өтеді, психозбен және ақыл-ойдың тұрақты 
төмендеуімен асқынуы мүмкін. Біріншілік энцефалиттің тағы да бір түрі – кене 
энцефалиті немесе жаздық-көктемдік энцефалит. Оны қоздырушы вирус орман 
кенесінің шағуы арқылы беріледі. Оған жұлынның мойын бөлігінің 
зақымдануы тән, соның нәтижесінде мойын мен қолдардың сал болып қалуы 
(паралич) байқалады. Сонымен қатар басқа да эпидемиялық сипатта өтетін 
бірнеше вирустық энцефалиттер белгілі.
Инфекциялық энцефалиттер мен энцефаломиелиттер 
балалық шақтың 
инфекцияларының асқынуы ретінде дамиды. Олар ағымындағы ортақ 
белгілерімен сипатталады, бірақ энцефалитті шақырған қандай да бір жеке 
инфекцияға тән ерекшеліктердің болуы да мүмкін.
Энцефалиттердің жедел және қалдықтық (резидуальдық) кезеңдерінде 
байқалатын әртүрлі патологиялық симптомдар ми мен оның қантамырларының 
құрылымдық өзгерістеріне қалай байланысты болса, жалпы нейродинамиканың 
бұзылыстарына да солай байланысты болады.


Энцефалитпен науқас балалардың жоғарғы жүйке қызметін тәжірибелік 
тексеру қыртыстық нейродинамикадағы ауыр бұзылыстарды көрсетеді. 
Мысалы, жедел кезеңге қозу және тежелу процестерінің өзара қатынасының 
айтарлықтай бұзылуы, индукциялық қатынастардың бұзылуы және ми 
қыртысының реактивтілігінің төмендеуі тән. Сонымен бірге сақтандырушы- 
шипалық сипаттағы тежелудің дамуы тән болады. Ол мидың жеке 
аймақтарында белгісіз, кейде бірталай ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Резидуальдық кезеңде жоғарғы жүйке қызметі тарапынан бірқатар 
патологиялық өзгерістер қалады. Соған байланысты шартты-рефлекторлық 
әрекет белгілі дәрежеде толық жүзеге асырылмайды да, баланың танымдық 
қызметінің және оқу қабілетінің төмендеуіне себепші болады.
Энцефалитпен ауыруға бала организмінің қорғаныс қасиеттерінің әлсіреуін 
шақыратын бірқатар себептер жағдай жасайды. Бұл себептерге жататындар: 
жүйке жүйесінің туа біткен кемістігі, жалпы соматикалық әлсіздік, мешел, 
қолайсыз тұрмыс жағдайы және организмнің иммунобиологиялық 
қасиеттерінің әлсіздігі. Энцефалиттердің кейбір түрлерін қарастырайық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет