Оқулық. Алматы, 518 бет


Дауалау және күресу шаралары



Pdf көрінісі
бет148/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дауалау және күресу шаралары. 
Пастереллезді болдырмау үшін сау 
шаруашылықты ауру қоздырушысын ауырған мал жэне пастерелла алып жү- 
рушілер, жемшөп, т.б. арқылы әкелуге жол бермеу керек. Әсіресе, малды 
бағып күтуде санитариялық-зоогигиеналық талаптардың орындалуына ерек- 
ше көңіл бөлінеді. Егер фермада пастереллез байқалған болса, жыл ішінде 
барлық малдарды оған қарсы егеді. Мүндай шаруашылықтың мал басы егіл- 
ген жануарлармен ғана толықтыруға тиіс.
Жануар мен қүстардың қай түрі болмасын пастереллез байқалған жағ- 
дайда шаруашылыққа шектеу шараларын енгізеді. Шошқа, сиыр, қойды тү- 
гелдей клиникалық тексеруден өткізіп, аурулары мен дүдамаларды оқшаулап, 
емдейді, ал қалғандарын егеді. Ауру мал бөлініп алынған эрбір сәттен кейін 
қораға дезинфекция жүргізіледі. Кейін мүндай ағымдағы тежеу дезинфекция 
эр 10 күн сайын шектеу алынғанға дейін өткізіледі. Малдың өлекселері утилге 
жіберіледі немесе өртеледі. Шаруашылықтан шектеуді ең соңғы ауру байқал- 
ғаннан кейін барлық малды еккен соң 14 күн өткенде, қорытынды дезинфек- 
ция жасап барып алады.
Қүстың пастереллезі байқалған жағдайда барлық аурулары мен дүдамал- 
дары сойылады. Кейде тіпті ауру шыққан қорадағы барлық қүсты сою тиімді 
шара болып есептеледі. Жүмыртқаны формальдегидтің буымен дезинфекция- 
лайды. Ауру жүғу қаупі төнген қүстарды оқшаулап, егеді. Ауру кең тараған 
кезде қүстарды егер алдында шүғыл дауалау мақсатымен сау қүстарға анти- 
биотиктер мен сульфаниламидтер береді. Барлық пастереллезге шалдыққан 
қүстарды сойғаннан соң, ферманың бүкіл территориясын тазалап, дезинфек- 
ция, дезинсекция жэне дератизация жасап, қорытынды дезинфекцияның 
нэтижесіне бактериология тексеру жүргізіліп барып, шектеу алынады. Пас-
212


тереллез шыққан қоян фермасында қатаң шектеу шаралары жүргізіледі. 
Ауырған қояндарды сойып, торлары мен қораны дезинфекциялайды. Барлық 
сау қояндарға бүлшық етіне бір рет террамицин (1 кг массасына 20 мг) неме- 
се екі рет 8-10 сағат аралатып биомицин береді де, 7 күн өткен соң 45 күннен 
асқан қояндарға қоян пастереллезіне қарсы экстрактформолвакцинамен егеді. 
Шаруашылықтан шектеуді 14 күн өткен соң алады.
Аң өсіретін щаруашылықтарда пастереллез байқалған жағдайда азығы- 
ның құнарлы болуын ерекше бақылауға алып, тек қана пісірілген азық береді. 
Емдік жэне дауалық мақсатпен антибиотиктер мен арнайы қан сары суын 
тағайындайды. Күзен мен саз күзен ауруға шалдыққан жағдайда алдын-ала 
немесе лажсыз жағдайда майлы вакциналар егіледі.
Атаулар мен ұғымдар
Пастереллез, Pasteurellosis, Pasteurella multocida, Pasteurella haemolytica, 
геморрагиялық септицемия,сырға ауруы, прецепитацияланған формалвак- 
цина, аллюминий сутотықты қоймалжың вакцина, бөктірілген (эмульгирован- 
ная) вакцина, пастердің вакцинасы, краснодарлық К жэне АВ вакциналары, 
экстрактформал вакцина.
Бақылау сұрақтары
1. Ауруға қагысты өзекті мэселелер саналатын негізгі мәлімепер: ауру- 
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы, індеттік ерекше- 
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер, 
балау, емі, иммуңитет, дауалау жэне күресу щаралары.
2. Пастереллездің этиологиясында P.multocida мен P.haemolytica қандай 
рөл атқарады?
3. Жануарлар мен қүстардың әрбір түріне пастереллезге қарсы қандай 
вакциналар қолданылады?
4. Тауықта пастереллездің «сырға ауруы» аталуы не себепті?
Тапсырма
Пастереллез шыққан қой, сиыр, тауық фермаларындағы дезинфекция, 
дезинсекция, дератизация шараларының толық жоспарын жасап, іске асыру 
жолдарын көрсетіңіз.
213




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   144   145   146   147   148   149   150   151   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет