Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет18/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

л о г й я л ы қ
 
сатысын да айқындай алады. Аурудың мұндай түрін 
симптомсыз
(латенггі, жасырын, инапарантты) деп атайды. Сондықтан да аурудың латент- 
ті немесе жасырын түрі инфекцияның дербес түрлері микроб алып жүру мен 
иммундеуші субинфекцияға сэйкес келмейді.
Патологиялық процестің орын тебуіне байланысты да жұқпалы аурудың 
бірнеше түрлері болады. Мысалы топалаңның өлітигең (сепсис), ішектегі, 
терідегі, карбункулезді (күйдіргі), ангиналы, өкпедегі түрлері болады. Коли- 
бактериоздың өлітиген (сепсис), ішектегі жэне энтеротоксемиялык түрлері 
кездеседі.
Инфекцияның түрлері мен байқалу ерекшеліктерін білу дұрыс диагноз 
қойып, тиімді емдеу шараларын жүргізуді жеңілдетеді.
Қысқаша қорытынды
Инфекция жануар организміне ауру қоздырушы миьфоб енгенде болатын 
құбылыс. Инфекция процесіне жануар организмі (макроорганизм), ауру қоз- 
дырушы микроб (микроорганизм) қатысады жэне оның байқалуы үшінші 
фактор - сыртқы ортаның жағдайына байланысты. Инфекция организмде бір- 
бірімен байланысты жэне қарама- қарсы екі өзгерістер: инфекциялық патоло- 
гиялық жэне иммундік қорғаныс құбылыстары арқылы байқалады. Бұл құбы- 
лыстардың ара қатынасына байланысты инфекцияны үш түрге бөледі: инфек- 
циялық ауру, микроб алып жүру, иммундеуші субинфекция. Макро- және 
микроорганизмдердің бір-біріне қатынасы бірге тіршілік ету (симбиоз) заң- 
дылықтары: эктосимбиоз, эндосимбиоз, мутуализм, коменсализм жэне пара- 
зитизм арқылы айқындалады. Оның негізгі тетігі микробтың қоректік 
қасиеттеріне (паратроф, метатроф, сапрофит, прртотроф, гетеротроф) байла- 
нысты. Микробтың ауру қоздыру (зардагітылық, яғни патогендік) қабілеті 
оның уыттылық (вируленттілік) факторларына байланысты. Уыттылық 
факторлары екі топқа бөлінеді. Біріншісі - инвазиялылық қасиеті. Оған агрес- 
син мен адгезин жатады. Екіншісі - улылығы (экзотоксин жэне эндотоксин 
түзу қабілеті). Инфекцияның байқалуы макроорганизмнін резистенттілік 
(төзімділік) жэне реактивтілік (икемділік) қасиеттеріне байланысты. Инфек- 
циялық аурудың байқалуы микробтың денеге ену жолдарына (инфекция 
қақпасы) жэне денеде орын тебуіне (шектеулі бір ағзада немесе денені жай- 
лаған) байланысты болғандықтан, осыған негізделген жүқпалы аурулардың 
клиникалық-патанатомиялық жіктелуі (классификациясы) қалыптасқан. Жұқ- 
палы аурудың көрініс беруі оның кезеңдеріне (инкубациялық, продромаль- 
дік, айқын клиникалық, реконволесценция) байланысты болады.
23




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет