Оқулық. Алматы, 518 бет


Иммунитеттің конституциялық жүйесі



Pdf көрінісі
бет20/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Иммунитеттің конституциялық жүйесі. 
Конституциялық иммунитет 
жануарлардың эрбір түріне тэн қасиет болған соң ертеректе түрлік (орысша - 
видовой) иммунитет деп аталды. Жан-жақты алып қарағанда бұндай имму- 
ңитет бір түрге ғана тэн емес, эрбір жеке жануардан бастап барлық токсоно- 
миялық 
топтарға, тіпті ең жоғарғы токсономиялық бірлік - типке дейін 
қатысты. Сондықтан конституциялық иммунитетті мынандай топтарға ажы- 
ратқан дұрыс.
1. Таксондар иммунитеті.
Ол туа бітқең табиғи төзімділікті жануар- 
лардың әрбір түрінен бастап ең жоғары токсономиялық топтарына (отряд, 
класс, тип, т.б.) қатысты қарастырады.
2. Түр ішіндегі иммунитеш.
Бір түрге жататын эр түрлі нәсілдің (адамға 
қатысты) немесе тұқымның (малға қатысты, орысша - порода) иммунитеті.
3. Индивидуумніц
(жеке жануардың, не адамның) иммунитеті.
Таксондар иммунитетіне, мысал үшін тұтас бір типтің иммунитетіне,
буын аяқтылардың барлық дерлік вирустар мен риккетсияларға табиғи төзім- 
ділігін жатқызуға болады. Ал кластың иммунитеті аусыл кезінде байқалады. 
Аусылдың вирусына құстар класының өкілдері түгелдей төзімді де, бұл 
ауруға 6 отрядты қүрайтын сүтқоректілер класының өкілдері шалдығады. 
Әрбір түрге тэн иммунитет табиғатта жиі кездеседі. Мысалы, жылқы обаның 
сиырға, итке, шошқаға тэн вирустарына өте төзімді. Сиыр маңқамен, инфек- 
циялық анемиямен ауырмайды. Топалаңмен жануарлардың көптеген түрлері 
ауырады, бірақ олардың бейімділік дэрежесі эр түрлі. Мысалы үй қоянына 
инфекциялық процесс қоздыру үшін топалаң микробының екі-ақ спорасын 
тері астына жіберу жеткілікті болса, ит үшін бір миллион спора қажет.
Түр ішіндегі иммунитет көптеген жұқпалы аурулар кезінде байқалады. 
Қойдың алжир түқымы топалаңға шалдықпайды. Обаға иттің боксер, бульдог, 
терьер тұқымдары төзімді де, неміс овчаркасы, лайка, тазылар бейім болады. 
Арнайы бір зерттеуде бір бұқадан тараған үрпақтарының 62 %-ы туберкулезге 
шалдыққаны, ал дэл осындай жағдайда басқа бұқадан өрбіген жануарларда 
ауру мөлшері 40% болғаны анықталған.
Жеке жануарлардың иммунитеті кез келген инфекцияда байқалады. 
Қандай бір жұғымтал аурудың жаппай білінген кезінде де барлық мал 100 % 
ауруға шалдықііайды. Сондықтан жануарлардың жеке ерекшеліктері иммуни- 
тетке де қатысты. Өсімдік шаруашылығында ежелден бері мэдени өсімдіктер- 
дің ауруға төзімді сорттарын шығаруға көп көңіл бөлінеді. Мал шаруашылы- 
ғында селекциялық жүмысты жүргізгенде бұл мэселе назардан тыс қалып 
келеді.
Қазіргі уақытта жануарлардың туа біткен иммунитетінің үрпаққа берілу 
қасиетінің тек кейбір ерекшеліктері ғана белгілі болып отыр. Жануарларды 
будандастырған кезде алынған ұрпақ ауруға төзімділігі жағынан өзінің ата- 
анасынан аспайды, яғни бұндай жағдайда гетерозис қүбылысы байқалмайды. 
Конституциялық иммунитет Мендель заңдары бойынша келесі үрпаққа бір 
жағдайда доминантты, ал екінші жағдайда рециссивті белгі ретінде беріледі.
26


Бруцеллезге қарсы туа біткен иммунитет қоянда доминанттық ,тип бойынша 
ұрпақ қуалайды. Иттің оба вирусына төзімділігі бастапқыда рециссивті белгі 
ретінде тұқым қуалайды да, егер белгілі бір жүйе бойынша бүл қасиетті бекіте 
түскен жағдайда, кейбір генетикалық линияда доминантты белгі ретінде та- 
райды.
Үрпаққа берілетін микробтарға қарсы иммунитет сүтқоректі жануар- 
ларда көбінесе жеке гендермен, немесе гендердің кішкентай ғана топтарымен 
басқарылады. Сондай-ақ организмнің бұл қасиеті полигенді (көп гендер 
арқылы) болуы да ықтимал еқеңі айкындалып отьір.
Сонымен, конституциялық иммунитет түқым қуалайды, ол иммундеуге 
тэуелді емес, бүкіл өмір бойы болатын қасиет жэне инфекциядан қорғанудың 
ең бір сенімді түрі. Жалпы алғанда иммунитеттің бүл түрі абсолютті десе де 
болады, бірақ кей жағдайда оны жеңуте де болады. Мысалы, -табиғи жағдайда 
тауық топалаңға, ал бақа сіреспеге шалдықпайды. JI. Пастер тауықты суық 
суға батырып, оған топалаң жұқтырған. Ал термостатта жылытып ұстағанда 
бақада сіреспе ауруына бейімділік пайда болады.
И мм унитеттің ф агоциттік жүйесі. Фагоциттер туралы И.И. Мёчников 
замаңьінан бері жиі айтылып қелгенімең олардың иммунитеттегі ықпалының 
нақтылы орны мен маңызына дэл баға беріле бермейді. Иммунитеттің фаго- 
циттік жүйесі организмге енген микробтарды жұтып, ыдырататын фагоциттер 
деп аталатын жасушалардың қызметінен туындайды. Фагоциттердің екі түрі 
бар: микрофагтар және макрофагтар. Оларға ортақ қасиет лизосома деп ата- 
латын диаметрі 0,25-0,5 мкм түйіршік болады. Лизосомада көптеген фермент- 
тер: қышқыл фосфатаза, миелопероксидаза, p-глюкуринидаза, колагеназа, 
лизоцим, катепсин, РНҚ-аза, ДНҚ-аза т.б. болады. Юсы ферменттер арқылы 
фагоцитоз кезінде микробтар мен бөгде антигендер ыдыратылады. Фагоци- 
тоздың өзі бірнеше қезеңнен тұрады.
1. Хемотаксис - фагоциттің фагоцитоз объектісіне жақындауы.
2. Фагоциттелінетін бөлшектің фагоцитке жабысуы.
3. Бөлшектің фагоцитке батуы жэңе оны қоршаған жасуша мембрана- 
сының бөлігі үзіліп фагосома түзуі.
4. Фагосома мен лизосоманың қосылып фаголизосома түзуі.
5. Түйіршіктің қорытылуы. Бұл кезде күрделі заттар ыдырап, полиса- 
харидтер олигосахаридтерге, белоктар пептидтер мен амин қышқылдарына 
ыдырайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет