3 mapay
3. Иммунитет және иммунологиялық икемділік
Өзекті мәселелер. Иммунитет туралы жалпы түсінік.
Ветеринариялық иммунология. Конституциялық, фагоцитар-
лық, лимфоидтық иммуногендік жүйелер. Организмнің имму-
нологиялық икемділігі: антидене түзу, жедел типті сезімталдық,
баяу типті сезімталдық, иммунологиялық жады, толерант-
тылық, идиотип-антиидиотиптік қатынас. Туа біткен және
қалыптасқан, табиғи жэне жасанды, белсенді және енжар
иммунитёт.
3.1 Иммунитет және иммуногендік жүйелер
Иммунитет туралы ғылым - иммунология осы заманғы биологияның ең
жедел дамып келе жатқан саласы. Иммунологияның жетістіктері молеку-
лалық биология, генетика,
биохимия, биофизика, мал жэне егін шаруашы-
лықтарының барлық салаларына, медицина мен ветеринарияға игілікті ықпал
етіп отыр. Тарихи тұрғыдан иммуңология инфеқциялық патологияның
негізінде қалыптасты. Сондықтан ескі немесе классикалық иммунологияны
инфекциялық иммунология деп атайды. Ал
енді молекулалық биология,
генетика, трансплантологиямен байланысты иммунологияны инфекциялық
емес, немесе жаңа иммунология деп атап жүр. Бұл ғылымды осылайша жіктеу
тым жасанды. Негізінде иммунология - ортақ мақсаты мен өзіндік әдістері
(методикалары) бар біртұтас ғылым. Оның серология, аллергология, иммуно-
химия, иммуногенетика,
өсімдіктер иммунитеті, жануарлар иммунитеті т.б.
салалары бар. Сол сияқты медициналық жэне ветеринариялық иммунология
қалыптасты. Ветеринариялық иммуңология барлық ветеринариялық ғылым-
дармен тығыз байланысты. Оның негізгі бір мақсаты жануарлардың жұқпалы
ауруларының иммунологиялық механизмдерін зерттеп, сол арқылы жұқпалы
ауруларды балау, емдеу жэне дауалау жұмыстарын жүргізу болып табылады.
Иммунитет (элует) латынның
immunitas
(міндеттен босану) деген сөзінен
шыққан. Ол - организмнің генетикалық болмысы үшін бөгде заттардан, оның
ішінде зардапты микробтардан қорғану қабілеті.
Иммунитет организмнің ішкі
ортасының тұрақтылығын (гомеостаз) жэне оның қызметінің біртұтастығын
қамтамасыз ететін микробтан бастап адамға дейінгі бүкіл тіршілік иелеріне
тэн қасиет. Иммунитеттің қалыптасуьща бүкіл организм біртұтас жүйе
ретінде қатысады. Бұл - тірі табиғаттың ұзақ эволюциялық дамуының, табиғи
сұрыптаудың паразит пен оның иесінің өзгергіштігінің нәтижесі. Жоғары
сатыдағы организмдердің арнайы иммунитет органдары бар. Эволюциялық
жолмен үш түрлі: конституциялық, фагоциттік жэне лимфоидтық иммуно-
гендік жүйелер қалыптасты.
Конституциялық жүйе немесе конституциялық иммунитет
иммунитеттің
ең ежелгі түрі. Ол күллі тіршілік иелеріне ортақ, ал микробтар мен өсімдік-
терде иммунитеттің бірден-бір түрі. Фагоциттік жүйе немесе фагоциттік
иммунитет, омыртқасыз жаңуарларда пайда болды. Ал омыртқалы жануар-
25
ларда иммунитеттің үш інш і _ең жетілген түрі - лим ф оидты қ жүйе пайда
болды.
Достарыңызбен бөлісу: