Оқулық. Алматы, 518 бет


Идиотип-антиидиотиптік қатынасы



Pdf көрінісі
бет27/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Идиотип-антиидиотиптік қатынасы. 
Иммуноглобулиннің біркласы на 
жататын антиденелердің антигендік құрамы бірдей болады, тёк қана анти- 
генмен қосылатын "белсенді центр" деп аталатын азғантай бөлігі антигеннің 
құрамын қайталайтын болғандықтан эрбір антқцснеде телімді болады. ■Анти- 
дененің өзін тудыратын антигеннің құрылысына байланысты телімділігін 
идиотип деп атайды. Идиотиптің осындай телімділігі нэтижесінде организмдё 
оған қарсы антидене - антиидиотип пайда болады. .Антигеннің ангиподы 
идиотип, ал оның антиподы антиидиотип болғандықтан антиген мен антии- 
диотип толық сәйкес келеді, өйткені екеуі де бір идиотиптің антиподы. Сон- 
дықтан антиидиотипті антигеннің орнына организмді йммундеу іүшін қолда- 
нуға болады.
В- жэне Т-лимфоциттердің идиотиптік рецепторлары ашылды. Идиотип 
торы теориясы бойынша жайшылықта лимфоциттердің, әсіресе Т-көмекші 
мен Т-супрессордың, идиотиптік рецёпторлары бірін-бірі тежеп, тепе-тең 
қалыпта болады. Бұл көзқарас бойынша толеранттыльщ тепе-тендіктің қайта 
қалпына келіп, иммундік жауаптың тежелуі.
3.3 Жұқпалы ауруларға қарсы иммунитет және
оның түрлері
Микроб денеге енгенде оған қарсы организмнің иммунологиялык арсе- 
налы түгел іске қосылады. Бұл жағдайда иммунологиялық иқемділік ,реак- 
цияларының барлық түрлерін байқауға болады. Бұл жерде жеке-жеке талдап 
жатпай-ақ олардың жалпы қандай түрлерге бөлінетіндігін қарастырып өтейік.
Жұқпалы ауруға қарсы иммунитеттің туа біткен жэне қалыптасқан негізгі 
екі түрі болады. 
Туа бігпкен иммунитет
конституциялық. иммунитет деген 
атпең жоғарыда қарастырылды. Жануарлардың белгілі бір микробқа ‘туа 
біткен иммунитеті олардың дене құрылысы мен іқызметінің табиғи консти- 
туциялық ерекшеліктеріне ібайланысты. Бүл ерекшеліктер микробтың орга- 
низмге енуін жэне өніп-өсуін қамтамасыз етпейді. Өндай микробты көп 
мөлшерде организмге қолмен енгізгенде де телімді ауру дамымайды, өйткені 
организмнің ұлпалары мен жасушаларында микроб пен оның улы заттарына 
тэн тиісті қүрылымдар (рецепторлар) жоқ.
Жұқпалы ауруға қарсы пайда болған иммунитет негізінен екі түрлі -
табиги
жэне 
жасанды
жолмен қалыптасады. Табиғи жолмен қалыптасуы 
адамның араласуынсыз, ал жасанды жолы әртүрлі ідэрігерлік әдістердің көме- 
гімен іске асады. Бұлардың эрқайсысы 
белсенді
жэне 
енжар
болып бөлінеді. 
Егер организм антиденёлер мен басқа да қорғаныс заттарын өзі түзіп шығарса
35


ондай иммунитет белсенді (активті) болады да, қорғаныс заттарын дайын 
күйінде қабылдаса - ондай иммунитет енжар (пассивті) деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет