құбылысты дэріден туындайтын толеранттылық деп атайды. Әйтсе де аталған
дэрілер рентген сэулесімен тақілеттес организмге телімді әсер етпейді. Сон-
дықтан бұндай жағдайда белгілі бір антигенге бағытталған телімді иммуно-
логиялық толеранттылық болмайды.
Иммунологиялық толеранттылықтың қанда антидене болмайтын айқын
түрі де, антидененің өте аз мөлшерде түзілетін салыстырмалы түрі де табиғат-
та кеңінен тараған. Эмбриональдік кезеңде пайда болған толераңттылық
бактериялық жэне вирустық этиологиясы бар жүқпалы іш
тастау аурулары
тұсында жиі ұшырайды. Ондай ауруларға бруцеллез, сальмонеллез, кампило-
бактериоз, лептоспироз,
жылқы ринопневмониясы, сиырдың жүқпалы рино-
трахеиті, т.б. жатады.
Қоздырушысы тікелей (вертикальді) енесінен ұрыққа берілетін бірқатар
вирустық жұқпалы аурулар кезінде, кейінгі ұрпакта иммундік жауап реак-
циясы білінбей-ақ вирус организмде тұрақтап қалады.
Мұндай инфекцияларға
тышқанның хориоменингиті, тауықтың лейкозы, адамның вирустық гепатиті,
Борн ауруы, висма-маеди, скрепи, т.б. жатады. Ф.Бернет
мұндай ауруларды
түбегейлі толеранттанған инфекциялар деп атады.
Достарыңызбен бөлісу: