Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет23/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Claster
Designation) 
қабылданған. Алғашында лейкоциттің антигендеріне қарсы 
моноьслонапьді антиденелер CD арқылы белгіленсе, кейіннен сол антидене- 
лерге сэйкес антигендік детерминанттар осы атауға ие болды, яғни әрбір 
антигендік детерминанттың өзіндік CD маркері (таңбасы) болады. Бұл таң- 
баларды ажырату иммунологиялық зерттеулерге тың серпіліс беріп, бірқатар 
иммунитетке қатысты құбылыстардың сырын ашуға мүмкіндік туғызды.
Иммунитетке жауапты жасушалардың эрбір топтамасына (популяция, 
субпопуляция, т.т.) өзіне тэн телімді таңба тиесілі болғандықтан, оларды мар- 
керлері арқылы бір-бірінен ажыратады. Мысалы, CD3 маркері Т-лимфоцит- 
терде ғана болады, ал басқа жасушаларда болмайды.
Жасушалардың эрбір жетілу сатысында өзіндік маркері бар. Мысалы, 
CD1 жетіліп келе жатқан Т-лимфоцитте болады да, жетілген кезде жоғалады. 
Сондай-ақ, жасушалардың функциялық белсенділігіне сэйкес телімді маркер- 
лер пайда болады. Т-лимфоциттің антигеннің эсерінен белсенді күйге ауыс- 
қанын CD25 маркері арқылы анықтайды. Сонымен CD маркерлері арқылы 
иммунитетке жауапты жасушаларды бір-бірінен ажыратады жэне олардың 
жетілу сатысын, функциялық белсенділігін анықтайды.
3.2 Организмнің иммунологиялық икемділігі
Иммунологиялық икемділік (иммунологиялық реактивтілік), иммундік 
жауап немесе иммунитет реакциялары дегеніміз организмнің өзінікі мен 
бөтенді ажыратып, геңетикалық бөтең антигендік ақпарды өңдеп, оған имму- 
нологиялық жауап реакцияларын беру қабілеті. Бұл иммунологиялық жауап 
реакциясына жататындар:
- антидене түзу;
- жедел типті сезімталдық;
- баяу типті сезімталдық;
- иммунологиялық жады;
- иммунологиялық толеранттылық;
- идиотип-антиидиотип қатынасы.
Иммундік жауаптың себепкері антиген болып табылады. Яғни иммундік 
жауап антигендік эсерден барып туындайды. Ірі молекулалы (белоктар, 
полисахаридтер, липидтер) тегі бөтен заттар антиген болып табылады. Олар- 
дың антигендік детерминанттары .болады. Химиялық құрамы • жағынан 
антигендік детерминанттары 1-4 пептид немесе 1-4 сахаридтерден тұратын 
олигопептид немесе олигосахаридке жатады. Тек қана антигендік 'детерми- 
нанттан тұратын қарапайым заттарды гаптен деп атайды. Гаптен антиденемен 
әсерлеседі, бірақ антидене түзілте алмайды. Егер гаптенге басқа бір күрделі 
затты (белок, полисахарид) қосса, ондай қосылысты организмге еңгізгенде 
гаптенге қарсы антидене пайда болады.
30


Организмнің бөгде антигенді ажыратуын комплемент қамтамасыз етеді. 
Комплементтің үшінші компонентінің СЗЬ фрагменті кез келген субстан- 
циямен (микроб болсын, иммундік кешендер болсын) бірігеді де,‘ бөгде 
заттарды залалсыздандыратын иммунологиялық реакцияларды іске қосады. 
Организмнің өз жасушаларымен СЗЬ эрекеттеспейді.
Антидене түзу. Антидене (иммуноглобулин) қорғаныс қызметін атқа- 
рып, токсиндер мен вирустарды бейтараптайды, антигенмен қосылған соң 
комплемент жүйесін іске қосады, микроорганизмдерді тұмшалап, оларды 
фагоцитозға дайындайды. Антиденелер 5 түрлі иммуноглобулиндерге жата- 
ды (IgG, IgM, IgA, IgD жэне IgE). Олардың ішінде IgM молекулалық массасы 
жағынан ең ірісі жэне антигендік әсерден кейін біріінші пайда болады. 
Кейінірек қанда IgG пайда болады, ол ұзағырақ сақталады және оның қор- 
ғаныс қабілеті де жоғары. Әр түрлі секреттерде (сүт, уыз, сілекей, ішек сөлі) 
негізгі антидене IgA болып табылады. Иммуноглобулиндердің қалған екі түрі: 
IgD жэне IgE жануарлар организмінде өте мардымсыз мөлшерде кездеседі 
жэне де олар аз зерттелген.
Антиденелерді В-лимфоциттерден пайда болатын плазмоциттер бөліп 
шығарады. Әрбір нақтылы антиген антидене түзетін тиісті жасушаларды ғана 
іске қоса алады. Нақтылы антигенге қарсы телімді рецепторлары бар жасу- 
шалар иммундеуден бұрын организмде болады. Антигенмен кезіккен соң олар 
көбейіп, тиісті плазмоциттердің: клонын қалыптастырады. Бұл процеске со- 
нымен бірге макрофагтар мен Т-лимфоцйттер де (Т-көмекшілер, Т-супрес- 
сорлар) қатысады.
Ж едел типті сезім талды қ (Ж ТС). Сезімталдықтың бұл түрін антидене- 
лер, эсіресе IgE - цитофильді, яғни жасушаға эуес, антиденелер (реагиндер), 
комплемент жүйесі, полинуклеарлы фагоциттер іске асырады. Антиген- 
антидене реакцияларының әсерінен дәнекер ұлпаны жайлаған базофилдер мен 
шүйгін жасушалар гистамин, гепарин, серотонин, брадикинин жэне баяу эсер 
ететін липопротеидті зат деп аталатын қосылысты бөліп шығарады. Қан 
тамырлары мен жасушалық реакциялардың себепкерлері болатын осы гумо- 
ральдік факторлар организмнің жалпы реакциясына жататын анафилаксиялық 
шок (естен тану) жэне орны шектелген процесс болып табылатын Артюс 
феноменін туғызады. ЖТС-ты енжар жолмен қан ісарысуы арқылы сезімтал- 
дандырылған жануардан сезімталдандырылмаған жануарға ауыстыруға бола- 
ды. ЖТС белсенді жэне енжар жолмен сезімталдандырылған жануарға себеп- 
кер антигенді қайталай енгізгеннен соң пайда болады. Организмнің жалпы 
реакциясы антиген қанға өткеннен соң, ал тікелей көк тамыр ішіне жібе- 
рілгенде бірден байқалады. Егер антигенді тері ішіне жіберсе, ол жерде бір- 
неше минут өткен соң домбығу жэне гиперемия басталады.
Жануарларға көп мөлщерде гипериммунді қан сарысуын немесе басқа да 
белокты препараттарды жібергенде ЖТС-тың бірнеше асқынған түрлері бай- 
қалуы мүмкін. Олар жедел байқалатың телімді анафилаксиялық және телімсіз 
талықсу мен кейінірек байқалатын сарысу ауруы.
31


Телімсіз талъщсу
жануардың қьісқа уақыт мазасыздаңуы, ыстығы 
көтерілуі арқылы байқалады да, ешқандай емдеусіз-ақ басылады. Шоктан 
кейін сарысудың емдік эсері кемімейді.
Телімді анафилаксиялъщ щок
қезінде қан тамырлары кеңіп, : артерияльіқ 
қан қысымы төмендейді. Ьұл жағдайда жануар есеңгіреп, құсады, еркінен тыс 
ңәжіс пең- ңесеп щығарады. Емдеу үшін қан тамырын тарылтатың дәрілер 
(адреналин, норадреңалин, эфедриң), парасимпатиколитиктер (атропиң), кор- 
тикосупренальді гормондар (гидрокартизон), гистаминге қарсы дэрілер (диа- 
золин, димедрол, дипразин) қолданылады. 

- - - - - - — -
Сарысу ауруы
иңкубадиялық қезеңңең кейің, егер бұрың сарысу жіберіл- 
меген болса 2 апта өткенде, ал егер бұрын сарысумен емделген болса бірінші 
аптаның соңында білінеді. Бұл ауру кезівде ыстық көтеріледі, тері бөртіп, 
қышынады, сыртқы жыныс мүшелері домбығып, бронхылар тарылады. ,Кө- 
мейдің домбығуы аса қауіпті, өйткені одан малдың тұншығып, өліп кетуі 
мүмкің. Емдеу үшін аурудың клиникалық белгілері ескеріліп, жоғарыда атал- 
ған дәрілер пайдаланылады.
Сарысумен емдеуден туындайтын зардапты болдырмау үшін, эсіресе өте 
күндьт малға, қаң сарысуын жіберер алдында, жануардың бұл препаратқа 
сезімталдығын анықтаған жөн. Ол үшін көз конъюнктивасына „2-3 тамшы 
сарысуды тамызады немесе оны 0,1-0,2 мл мөлшерде тері ішіне жібереді. 
Жарты сағат өткен соң сол жердегі қабыну реакциясы арқылы малдың жеке 
сезімталдығы анықталады. Анафилаксиялық талықсуды болдырмау үшін де- 
сенсибизация қолданылады. Бұл мақсатпен алдын ала тері астына 0,5-2 мл қан 
сарысуын жібереді де, жарты сағат өтқізіп барып, барлық дозасың жібереді.
Әр түрлі малдардан алынған гипериммунді сарысулардың ішінде зар- 
дабы ең азы гомологты яғни жануарлардьщ өзі тектес түрінен алынған са-. 
рысу. Мысалы сиыр үшін жылқының қанынан алынған сарысудан гөрі сиыр- 
дан даярланған препараттың зардабы аз. Өңделмеген - сарысумен салыстыр- 
ғанда одан даярланған тазартылған иммуноглобулиндердің жағымсыз әсері 
әлдеқайда төмен. Әсіресе протеинсіздендірілген препараттар жағымсыз реак- 
ция бермейді. Ондай препараттар иммуноглобулиндерді арнаулы ферменттер- 
мен өңдеу арқылы алынады. Ондай ферментпен өңдеп, балласт белоктардан 
ажыратылған (диализделген) препараттар диаферм деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет