Оқулық. Алматы, 518 бет


Ауруға бейім жануарлардың індет процесіндегі маңызы



Pdf көрінісі
бет35/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

4.4. Ауруға бейім жануарлардың індет процесіндегі маңызы
Жұқпалы аурулардың таралуы үшін қоздырушының бастауы мен оның 
берілу механизмдерінің болуы жеткіліксіз. Ауру тек қана індет процесінің 
тағы бір міндетті құрамы, оның үшінші буыны - бейім жануарлар болғанда 
ғана одан ары тарайды. Індет бұғауының барлык үш буыны түгелденгенде 
ғана індет процесі тоқтаусыз жалғаса береді. Егер оның біреуі катардан 
шығып қалса, аурудың жаңадан білінуі тоқталады. Сондықтан ауруға бейім 
жануарлар індеттенудің ең маңызды буындарының бірі болып табылады.
Жануарлардың ауруға бейімділігі, ауруға төзімділік пен икемділік және 
олардың механизмдері инфекция мен иммунитет мэселелерін .талдаған 
тарауларда қарастырылды. Бүл жерде жеке жануардың емес жануарлар тобы- 
ның (мал үйірінің) ауруға бейімділігі мен төзімділігін қарастырып өткен жөн.
Мал үйірінің ауруға бейімділігі 
жұгымталдыц көрсеткіші
(орысша -
индекс контагиозности) деген нақтылы шамамен бейнеленеді. Жүғымталдык 
көрсеткіші деп инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан жануарлар- 
дың ауруға шалдығу проценті, яғни жүз басқа шаққандағы ауырған малдың 
саны. Мысалы, бір қорада түрған 40 сиырдың бірі бруцеллезден іш тастаса, іш 
тастаған мал оқшауланбай, дезинфекция жасалмаған жағдайда, яғни барлық 
мал іш тастаған сиырмен, микроб ж үққан заттармен жанасса, 
с о н ы ң і н э т и
-
46


жесінде 8 сиыр бруцеллезбен ауырса, мұндай жағдайда жұғымталдық көрсет- 
кіш 20 % болып есептеледі.
Келтірілген мысалдағы ауру қоздырушысының бастауымен жанасқан 
жануарлардың бір бөлігінің ғана ауруға. шалдығуы үйірдің иммунологиялық 
құрылымына байланысты. Мал отарындағы немесе табындағы нақтылы бір 
ауру қоздырушысына бейім жануарлар санының төзімді жануарлар санына 
қатынасы үйірдің иммунолргиялық құрылымы болып табылады. Оны 
топ-
тъщ иммунитет
деп те атайды. Әзірше бүл айтылғандар тек қана сөз жүзін- 
дегі абстракты үғымдар болып отыр. Теория жүзінде топтық иммунитетті 
телімді серологиялық немесе аллергиялық реакциялардың нэтижелері бойын- 
ша анықтауға болады. Іс жүзінде бүндай реакция берген жануарларды ауру 
малдар ретінде үйірден оқшаулауға тура келеді. Оның себебі элі күнге дейін 
иммунологиялық реакциялардың нәтижесі бойынша иммунитетті ауру жағда- 
йынан ажырату мүмкін болмай отыр. Организмнің ауруға төзімділігін имму- 
нитеттің телімсіз факторларының көрсеткіштері арқылы бағалаған дүрыс. Бұл 
ретте организмнің төзімділігінің көрсеткіші ретіңде комплементті, коңглюти- 
нинді анықтау, жануар түрінің белогына қарсы сарысумен аллергиялық тері 
сынамасын қою құнды деректер береді.
Ауруға бейім мал басының иммунологияльіқ құрылымы көптеген жағ- 
дайларға байланысты. Олар телімді жэне телімсіз факторларға бөлінеді. 
Жануар организмінің ауруға табиғи төзімділігін қалыптастыратын ең маңыз- 
ды телімсіз факторларға малдың түқымы, жасы мен жынысы, физиологиялық 
жағдайлары, мал шаруашылығындағы технология, стрестік жағдайлар мен 
қосалқы аурулар жатады. Ал телімді фактор - жасанды иммундеу, соның нә- 
тижесінде пайда болған нақтылы ауру қоздырушы микробқа қарсы имму- 
нитет. Телімді факторлар иммунитетпен қатар шектен тыс сезімталдық 
(аллергия) немесе керісінше бейтараптылық (толеранттылық) қалыптастыруы 
мүмкін. Жалпылай әсер ететін телімсіз факторлар мен арнайы әсер ететін 
телімді факторлардың жиынтық әсерінің нэтижесінде нақтылы 
і
мал басында 
(табында, отарда) топтық иммунитет қалыптасады.
Топтық иммунитет малдың күтімін, азықтандыруды, пайдалануды қам- 
титын шаруашылық шараларын жақсарту жэне телімді дауалық .шараларды 
орнымен пайдалану арқылы қалыптасады. Сондықтан жануарлардың ауруға 
бейімділігін індет процесінің үшінші буыны ретінде қарастырғаңда, жануар- 
лардың топтық, яғни популяциялық бейімділігі мен топтык иммунитетін 
ескере отырып, үйірдің иммунологилық құрылымын анықтап, мүмкіндігінше 
мал басының ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін шараларды белгілеу 
қажет.
47




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет