Індет
- (эпизоотия; латынша
ері
- арасында,
zoon
- жануар)
індет про-
цесінің орташа дэрежедегі қарқынмен дамуы. Індет кезінде жүқпалы ауру-
дың мал арасында кең таралуға бейім тенденциясы байқалады. Ауру бара-
бара сол отарды ғана емес кең алқапты қамтып, аудан, облыс масштабына,
тіпті бүкіл елге жайылуы мүмкін.
Індет тек қана ауырған мал санының көптігімен ғана ерекшеленбейді.
Індет кезінде барлық ауырған малдың ортақ
бір инфекция қоздырушының
бастауы жэне ортақ берілу жолы болады. Індет кезінде жаңа індет ошақтары
пайда болады. Бұндай
дисперсиабелъділік -
жүқпалы аурудың кең таралуына
ықпал жасайды. Сонымен қатар індет кезінде аз уақытта көптеген жануарлар
ауруға шалдығады. Бұны
індеттіц тұтануы
немесе
бүрцетпесі
(орысша -
эпизоотическая вспышка) деп атайды. Індет
ретінде көп аурулар тарайды
(аусыл, топалаң, құс пастереллезі, шошқа обасы т.б.).
Лаң
(панзоотия, латынша
pan -
тұтас, жалпы) - індет процесінің ең
жоғары қарқыны. Лаң кезінде жүқпалы ауру барлық малды дерлік дертке
шалдықтырып, қауырт қарқынмен шалғай шартарапқа жайылып кетеді. Лаң-
данған
кезде ауру бірнеше елді, бүкіл құрлықты қамтиды. Лаң ретінде аусыл,
шошқаның африка обасы сияқты аурулардың аса бір зілденген түрлері тарай-
ды.
Қазіргі заманда халықаралық қауымдастық тарапынан жануарлардың лаң
ретінде байқалатын жұқпалы ауруларының таралуына пәрменді тосқауылдар
қойылады. Халықаралық індет бюросы мұндай аурулармен күреске ерекше
мэн береді. Бұл тұрғыдан эмергентті ауруларға (ағылшынша -
emergency -
төтенше, оқыс) зор назар аударылады. Ондай
аурулардың қоздырушылары
бүрын белгісіз, немесе белгілі болғанымен қазіргі жағдайда басқаша көрініс
беріп, індеттің ерекше қауіпті деңгейде таралуына себеп болады.
Індеттің аталған эр түрлі формаларын кей жағдайда бір-бірінен ажырату
өте қиын. Олардың айырмашылықтары тек шартты түрдегі ұғым. Бұларды
бір-бірінен ажырату үшін нақтылы індет ахуалының
сандық жэне сапалық
көрсеткіштерін ескерген жөн. Бүл жағынан індет процесінің статистикалық
көрсеткіштері объективті ақпар бере алады.
Індет процесінің қарқындылығынан басқа энзоотия, маусымдылық,
кезенділік деген үғымдар қалыптасқан.
Достарыңызбен бөлісу: