4.5. Індет процесінің динамикасы Індет процесін құрайтын негізгі буындардың: инфекция қоздырушысы-
ның бастауы, берілу тетігі жэне бейім жануарлардың үшеуі де болып, олар
бір-біріне әсер еткенде індеттену тоқтаусыз жалғаса береді. Аталған індет
бұғауының буындары індеттің шығуын ғана емес, одан эрі дамуын да қам-
тамасыз етеді, яғни оның тікелей қозғаушы күштері болып табылады.
Індет процесінің қозғаушы күштері өзара өте күрделі қатынаста болады.
Ауру жүққан мал қоршаған ортаға микроб тарату арқылы инфекцияның
берілу механизмін күшейтеді де, инфекция қоздырушысының жаңа бастаула-
рын көбейтеді. Аурудың жаппай жұгуының нэтижесінде жануарлардың бір
бөлігі өледі, ал тірі қалғандарында ауырғаннан соңғы топтық иммунитет
қалыптасады да, қарама-қарсы заңдылық бойынша бұл иммунитет берілу
механизмінің белсенділігін тежейді. Бұдан барып індеттің ары қарай таралуы
бәсеңдейді немесе мүлдем тоқтап қалады.
Індеттің
сатылары. Індеттенудің қозғаушы күштері арасындағы бай-
ланыс індет процесінің пайда болуы мен дамуының ғана емес, сонымен бірге
оның тежелуінің, тіпті өшуінің де себепкері болып табылады. Осындай ішкі
қайшылықтардың нәтижесінде індет процесі біркелкі дамымайды, ол бірнеше
сатыларға бөлінеді. Індеттің өрбу динамикасын алты сатыға (стадияға) бөледі.
Олар - індетаралық, індеталды, өршу, шегіне жету, өшу, індет соңы кезеңдері
деп аталады (2-кесте).
Індетарсиіъщ саты немесе тыныштық кезеңі - екі індет аралығындағы
уақыт. Бұл уақыт аралығында індет процесінің сақталуын қамтамасыз ететін
аурудың ілуде бір кездесіп түруы мүмкін. Бірақ бүл жекелеген жағдайлардан
індет тарап кетпейді. Микроб алып жүру мен симптомсыз, білінбейтін ин-
фекция басым болады. Жануарлардьщ көпшілігінде иммунитет болады, бірақ
ауруға бейімдерінің саны біртіндеп көбейе береді.
Індеталды сатысы - індеттің шығуына нақтылы мүмкіндік туған уақыт
аралығы. Жануарлардың біртіндеп иммунитетін жоғалта бастауынан, имму-
нитетсіз жас төлдің тууынан жэне ауруға бейім жануарларды шеттен әкелуге
байланысты індеттің туындауына мүмкіндіктер пайда болады. Бүл кезеңде
инфекция қоздырушысының бастауы болып табылатын ауырған малдардың
саны көбейеді. Алғашқы кэдімгі түрде өткен аурудың белгілері байқала
бастайды. Сонымен нақтылы бір инфекция қоздырушысының таралуына
қолайлы жағдай қалыптасады.
Індеттіц өріиу сатысы індеталды сатысынан соң басталады. Бүл кезеңге
тэн белгілер - індеттің одан ары таралуына қолайлы жағдайлардың болуы
жэне аурудың басым көпшілігінің өзіне тэн кэдімгі белгілерімен жіті түрде
байқалуы. Індет бүғауының эрбір буыны жэне олардың өзара байланыстары
күшейе түседі жэне оның нәтижесінде жаңадан ауырған малдың саны күрт
көбейеді. Бірақ та, бұнымен қатар иммунді ауырып жазылған жануарлар да
көбейіп, індеттің өше бастауының алғышарттары қалыптаса бастайды.
48