соң бастау болудан өзінен-өзі қалады. Егер жоғарыда аталған объектілерді
осы тұрғыдан қарастырсақ ауру қоздырушы микробтың тоғышар тіріиілік
нәтижесінде негізіңен жануар организмінде өсіп-өнуге бейімделгені айқын.
Тек зардапты микробтардың кейбіреулері ғана сыртқы ортада өсіп-өне аладыт
мысалы, лептосиира белокгы қоспалары бар суда, сальмонелла - сүтте,
листерия - силос пен топырақта, топаііаңның
қоздырушысы мен клостридия-
лар - органикалық заттарға бай топырақга, дерматомикоздардың қоздырушы-
лары - көңде. Токсикоинфекцияларды қоздырушы бактериялар мен саңырау-
құлақтар тек қана өсімдік субстраттарында (жем, шөп, сабан) өсіп-өнеді де,
организмге енген олардың улы заттары бутулизм, фузаритоксикоз, стахиобо-
триотоксикоз сияқты ауруларды қоздырады. Ал кейбір аурулардың қоздыру-
шылары биологиялық тасымапдаушы жануарлардың деңесінде өсіп-өнеді.
Сонымен ауру қоздырушы микробтардың
сыртқы ортада өсіп-өнуін
жалпы заңдылық ретінде емес, жекелей ерекшеліктер ретінде қарастыру
керек. Өйткені токсиконинфекциялардың қоздырушыларынан басқа зардапты
микробтар сыртқы ортада өсіп-өнгенде біртіндеп өзінің биологиялық қасие-
терін жоғалта бастайды. Зардапты микробтардың ең басты биологиялық
қасиеті ~ олардың ауру қоздыру қабілеті. Егер ауруға бейім жануардың
организміне түспесе, микроб осы
негізгі қасиетін жоя бастайды, an бара-бара
одан мүлдем айырылып қалуы мүмкін. Сондықтан зардапты микроб оқтын-
оқтын болса да ауруға бейім жануардың денесіне еніп, сонда өсіп-өніп, өзінің
уыттылығын қаппына келтіріп отыруы керек. Бүдан шығатын қорытынды:
инфекция қоздырушысының бастауында зардапты микроб тек қана болып,
сақталып қалуы жэне өсіп-өнуі ғана емес,
сонымен қатар өзінің барлық
қасиеттерін толық сақтауы қажет. Соңғы шарт осы күнге дейін індеттану
ғылымында оншама ескерілмей келеді.
Қорыта келгенде, инфекция қоздырушысының бастауына зардапты
микробты жұқтырған, сол микроб өсіп-өніп, барлық биологиялық қасиеттерін
сақтайтын ауруларға бейім адам мен жануар организмі жатады. Тек қана
микотоксикоздар мен токсикоинфекциялар
қоздырушыларының ерекшелік-
тері бар. Олар сыртқы ортада өсіп-өнеді, ал жануар организмі олар үшін био-
логиялық тұғырық болып табылады. Мүндай ауруларды
сапроноздар
деп
атайды.
Микроб жұқтырған организм жұқпалы аурудың эркилы сатысында
немесе ешқандай клиникалық белгісі жоқ микроб апып жүруші болуы мүмкін.
Ең күшті әрі қауіпті қоздырушы бастауы - айқын клиникалық белгілері бар
ауру мал. Аурудың өршіген кезінде сыртқы ортаға микроб ең көп мөлшерде
шығарылады. Микробтың денеден шығу жолдары: нэжіс, несеп, тері қыртыс-
тары, көз, мүрын жэне
жыныс жолдарынан аққан сора, сілекей, аққан қан мен
ірің, тастанды төл, шарана суы, сауылатын малдың сүті, т.б. Сондықтан жұқ-
палы ауру өршіп түрған кезде қора мен мал күту жабдықтарын күн сайын
дезинфекциялап, тастанды төлді,
малдың шуын уақтылы жинап, онан кейін
мұқият дезинфекция жүргізу керек. Ауру айқын білінген кезде бөлінген қоз-
дырушы микробтың уыттылығы да жоғары болады.
42