Оқулық. Алматы, 518 бет


Аурулардың табиғи ошақтылығы



Pdf көрінісі
бет44/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

5.3. Аурулардың табиғи ошақтылығы
Жүқпалы аурулардың белгілі бір географиялық ландшафта табиғи ошақ 
тудыру қасиетін 
табиги ошацтылыц
деп атайды. Трансмассивтік инфек- 
циялар мен паразиттік аурулардың ошақтылығы туралы ілімнің негізін акаде- 
мик Е.Н. Павловский (1884-1965) қалады. Адам мен үй жануарлары ауру- 
ларының қоздырушыларын алып жүрудегі жабайы жануарлардың маңызын 
анықтай келе, ол ауру қоздырушысын жануардан жануарға немесе жануардан 
адамға қан сорғыш буынаяқты жәндіктердің тасымалдайтыны жөнінде ғылы- 
ми тұжырым жасады. Иесі мен паразиттің арасындағы қатынас паразиттің 
тоғышарлық тіршілігімен шектелмей, олардың арасында ауру қоздырушы ми- 
кробтың табиғаттағы айналымын да қамтамасыз етеді. Бұл қүбылыс транс- 
массивтік аурулардың табиғи ошақтылығы деген атқа ие болды. Қазақстан- 
дық ғалымдар И.Г. Галузо мен П.А. Петришева бұл ілімді ары қарай дамыта 
отырып, трансмассивтік емес азфулардың да табиғи ошақтары болатынын 
дэлелдеді. Табиғи ошақта трансмассивтік емес аурулардың қоздырушылары 
жабайы жануарлардан тікелей жанасу арқылы немесе сыртқы орта объек- 
тілері арқылы беріледі. Мысалы, құтырықтың вирусы қүтырған жануар тісте- 
ген кезде жұқса, дептоспироз бен листериоздың қоздырушылары сыртқы 
ортадағы ауру таратушы жануарлар ластаған заттардан жүғады.
60


t
Жүқпалы аурулардың табиғи ошақтары адам баспаған немесе игерілме- 
ген алыс түкпірлерде ғана емес, адам қоныстанып, шаруашылықта игерілгең 
жерлерде де кездеседі. Адамның шаруашылық тіршілігі ондай ошақтарды кей 
жағдайда элсіретсе, екінші бір жағдайларда керісінше өршіте түседі. Шаруа- 
шылық эрекетіне байланысты тіпті жаңа табиғи ауру ошақтары пайда болуы 
да мүмкін. Қазіргі уақытта кейбір деректерге қарағаңда 550-ден артык омырт- 
қалы жануарлар, олардың ішінде сүтқоректілердің 200 түрі, құстың 250-дей 
түрі табиғи ошақты аурулардың қоздырушыларын сақтап, тасымалдауға қаты- 
сады. Бұның сыртында қан сорғыш буынаяқтылардың жүздеген түрлері бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет