Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет43/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

5.2. Індет ошағының түрлері
Індет ошақтары 
жаца, өше бастаган, тұрацты
жэне 
табиги
болып 
бөлінеді.
Іңдет ошағы жуықта пайда болып, ауруға шалдыққан жануарлардың 
саны әлі де болса өсіп келе жатса, ол 
жаңа
болып есептеледі. Мұндай ощақ- 
тан аурудың одан эрі тарап кету қаупі жоғары болады.
Өше бастаган
ошақта жүргізілген іңдетке қарсы шаралардың нәтиже- 
сінде немесе ауру эбдең жұғьіп болып, ауырған малдардың сауығуыңа байла- 
нысты індетгену бәсеңдей береді. Қоздырушының белсенді бастауларының 
азаюына байланысты аурудың одан әрі таралу қаупі де төмендейді.
Тұрацты
деп аурудың тұтануы оқтын-оқтын белгілі уақыт аралығынан 
соң үнемі байқалып түратын ошақты атайды. Нақтылы бір себептердің 
салдарынан мүндай ошақта аурудың біліну мүмкіндігі сақталады. Індет оша- 
ғының түрақтануына жаңуарлардың арасында жасырын микроб ,алып жүру- 
шілердің болуы, әр түрлі микроб тасымалдаушы кемірушілер және зардапты 
микробтың сыртқы ортада үзақ уақыт сақталуы себеп болады. Листериоздың 
індет ошағының тұрактануы оңың қоздырушысының сүрлемеде (силоста), 
кемірушілердің арасында сақталуынан болса, топалаңның індет ошағының 
үзақ мерзімділігі қоздырушысының топырақта жылдар бойы өлмеуінің сал- 
дары. Егер ауру қоздырушысының бастауы болмай, қоздырущы микроб 
сыртқы ортада ұзақ сақталған жағдайда, оңдай жерді індет ошағы дегеннен 
гөрі 
зарарланган аймац
деп атаған жөн. Топалаңның қоздырушысы сақталған 
топырақ қоздырушының бастауына емес таратушы факторына жатады.
Табиги індет ошагы
деп белгілі бір жұқпалы ауруды қоздырушысының 
жабайы жануарлардың арасында айналымда болатын аймақты атайды. Құты- 
рық, туляремия, листериоз, лептоспироз жэне т.б. аурулардың табиғи ошакта- 
ры болады.
59


Індет ошағынан басқа 
аурудан сау емес пункт
деген ұғым: қалыптасқан. 
Аурудан сау емес пункт болып індет ошағы бар елді мекен, шаруашылық 
немесе экімшілік аймақ есептеледі. Аурудан сау емес пункт деген ұғымның 
мағынасы онша нақтылы емес. Бұл негізінен экімшілік аймаққа сәйкес ұғым 
және эрбір ауру кезінде оған деген көзқарас та эр түрлі. Мысалы бір үлкен 
шаруашылықтың 3 мал фермасы болып, оның біреуінде аусыл шыға қалса
шаруашылық түгелдей аурудан сау емес деп есептелінеді. Ал топалаң байқала 
қалған жағдайда, ауру шыққан ферма ғана сау емес деп саналады. Ең дұрысы 
аурудан сау емес пунктті есепке алғаннан гөрі індет ошағы бойынша есеп 
жүргізген дұрыс. Әсіресе, Қазақстан сияқты кеңбайтақ өлкеде бір іэкімшілік 
территорияда індет ошағының бірнешеуі болуы жиі кездесетін жағдай.
Бір елді мекенде көптеген ұсақ шаруашылықтар немесе әрбір отбасында 
үй жануарлары болуы эдеттегі жағдай. Жүқпалы ауру шыға қалғанда елді 
мекен түтасымен аурудан сау емес пункт, ал нақты ауру мал тұрған қора 
жайлар індет ошағы болып саналады. Елді мекеннің індет ошағынан тыс 
территориясы қатер төнген аймақ болып есептеледі. Себебі, ол жерде ауру 
шығу қаупі өте жоғары жэне ондағы жануарлардың аурудан сау екендігі 
дүдэмэл. Сонымен жүқпалы ауру байқалған елді мекен немесе экімшілік 
территория аурудан сау емес пунктке жатқызылады да, оның қүрамында бір 
немесе бірнеше індет ошағы және оған қосымша қатер төнген аймақ болады. 
Жүғымталдығы жоғары инфекциялар кезінде ауру шыққан елді мекен тұтас- 
тай індет ошағы, ал онымен шекаралас елді мекендер қатер төнген аймақ 
болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет