малды дұрыс бағып күтпегендіктен жэне азықтандырмағандықтан бір жерде
жыл өткен сайын қайталана береді.
Індет процесі үздіксіз өтетін болғандықтан ол кейде күшейіп, кейде
бэсеңдеп отырады. Індеттену қарқынының уақыт өткен сайын өзгеруін
маусымдылъщ
(жыл маусымына сэйкес). жэне
кезеңділік
(бірнеше
жыл өткен
соң) деп ажыратады. Бұндай ауытқулар індет процесіне табиғи жэңе шаруа-
шылыққа байланысты жағдайлардың эсерінен туындайды >
сонымен қатар
індеттенудің маңызды сапалық көрсеткіштеріне жатады. Оларды індетке қар-
сы шараларды жоспарлау және орындау барысында, атап айтқанда малға
жаппай вакцина егу кезінде ескеріп отырады. Сонымен қатар
м аусы м ды ды қ
пен кезеңділік індеттік ахуалды болжаудың маңызды элементтері болып
табылады.
4.8. Індет қарқынының статистикалық көрсеткіштері
Індет процесінің таралу қарқынына салыстырмалы түрде
объективті баға
беру үшін эр түрлі статистикалық шамалар пайдаланылады. Бұл шамалар
індетті сипаттау үшін ғана емес, оның математикалық моделін жасау жэне
болашақтағы өзгерістерін болжау үшін де аса қажет. Індет жағдайын талда-
ғанда абсолютті шамалардан гөрі салыстырмалы шамалар кұнды ақпар береді.
Мысалы, ауырған малдың жалпы саны қаншама үлкен шама болса да індет-
тің жайылу дәрежесін сипаттай алмайды. Ал егер ауырған мал санының
жалпы мал басына шаққандағы үлес салмағын алып қарастырсақ,
аурудың
таралу дәрежесі туралы недэуір дэл мағлүмат алуға болады.
Салыстырмалы көрсеткіштер
ңарқындыльщ (цнтенсивтілік)
және
баяу-
лъщ (экстенсивтік)
көрсеткіштерге бөлінеді. Қарқындылық көрсеткіштерге
жүғымталдық, ауруға шалдығу, аурудың таралуы, жаңадан шалдығу, өлім,
көрнектілік, ошақтану коэффициенті, ауру жайлаған пункттердің үлесі, ін-
деттілік, індет ахуалының шиеленісуі жатады.
Жүгымталдыц көрсеткіші
(индекс контагиозности)
- эксперимент
арқылы анықталатын инфекция қоздырушысының бастауымен тікелей жанас-
қан 100 басқа шаққандағы ауруға шалдыққан малдың саны. Мысалы аусыл-
мен ауырып тұрған сиырмен бірге 10 сау сиырды орналастырғанда оның сегізі
ауруға шалдықса, жүғымталдық көрсеткіші 80 %-ға тең болады.
Шалдыгу көрсеткіші
('индекс пораженности) - тексерген сәттегі ауырған
мал санының 100 басқа шаққандағы саны. Мысалы, бруцеллезге шалдыққан
қой отарында бір қабат диагностикалық тексеру кезінде 600 қойдың 30-ы
ауруға шықса, шалдығу көрсеткіші 5
%.
Таралу көрсеткіші
(индекс заболеваемости) - 100, 1 000, 10 000, 100 000
басқа шаққанда бір жыл ішіндегі ауырған малдың саны. Мысалы, бруцеллезге
шалдыққан шаруашылықта 10 мың ірі қараның жыл бойы 400 басы ауырған
болып табылса, мүндай жағдайда аурудың таралу көрсеткіші 4 %-ға тең.
Басылымдылыц көрсеткіші
(индекс превалентности)
- ауру жайлаған
пункт бойынша немесе белгілі бір уақыт аралығы үшін анықталады. Басым-
дылық қазіргі сәтке анықталатын болса, онда оны уақыт аралығына бөлмей
53
барлық бұрын-соңды көрсеткішті алады. Егер ол белгілі бір уақыт аралығы
үшін анықгалатын болса сол уақыт аралығының жиынтық.көрсеткіші арқылы
есептеледі. Басымдылық көрсеткіші деп ауру жэне микроб алып жүруші
жануарлардың жиынтық санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 басқа шаққан-
дағы үлес сапмағын айтады. Бұл шаманы анықтағанда инфекцияның бұрын
жэне жаңадан байқалған жағдайлары бөлінбей бірге қарастырылады.
Жаңадан шалдыгу қөрсеткіші
(иңдеқс инцидиеңтности)
- бедгілі бір
кезеңде жаңадан айқындалған инфекцияға ұшыраған (ауру жэне микроб алып
жүруші) жануарлардың жалпы санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 малға
шаққандағы үлесі.
Шыгын көрсеткіші
(индекс смертности) - белгілі бір аурудан өлген
жануарлар санының 100, 1 000, 10 000, 100 000 малға шаққандағы үлесі.
Өлім көрсеткіші
(индекс смертельности) - белгілі бір аурудан өлген
жануарлардың сол ауруға шалдыққан барлық мал санымен салыстырғандағы
проценті.
Көрнекілік көрсеткіші
(показатель наглядности)
- аурудың бір жылғы
таралу көрсеткішінің басқа бір жылдың таралу көрсеткішімен салыстырған-
дағы пайыздық қатынасы. Мысалы, аурудың таралу көрсеткіші биыл - 5%, ал
өткен жылы 10% болса, биылғы жылдың былтырғымен салыстырғандағы
көрнектілік көрсеткіші 50 %-ға тең.
Ошақтану коэффициенті
(коэффициент очаговости) бір індет ошағына
неше ауру малдан келетінін көрсетеді. Оны табу үшін ауру малдың санын
індет ошағының санына бөліп, әрбір жылға және жануарлардың эрбір түлігіне
жеке-жеке есептейді.
Ауру жайлаган пункттердің үлесі
(доля неблагополучных пунктов) -
ауру жайлаған пункттердің (елді мекен, шаруашылық, ферма), яғни індет
ошағы санының барлық пункттердің санына қатынасы.
Індеттілік көрсеткіші
(индекс эпизоотичности) - ауру жайлаған уақыт
мезгілінің барлық бақылау жүргізілген уақытқа қатынасы.
Індет ахуалының шиеленісі
(напряженность эпизоотической ситуации) -
жиынтық ұғым, оны анықтау үшін ауру жайлаған пункттердің үлес көрсет-
кішін індеттілік көрсеткішіне көбейту керек. Есеп төменгі формула бойынша
жүргізіледі:
п t
W
-------; мұнда
N Т
W - індет ахуалының шиеленісі;
п _ аУРУ жайлағаң пункттердің саны;
N - барлық пунктгердің саны;
t - ауру жайлаған мерзім уақыты;
Т - бақылау жүргізілген уақыт.
54