Оқулық. Алматы, 518 бет


ше.пне жету ?ндет Бірен-саран



Pdf көрінісі
бет37/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

ше.пне жету
?ндет
Бірен-саран
Аурудың
Аурудың ең жоғарғы
Аурудың
ауру
жиілеуі, жіті
таралуы, негізінен
таралуының
және аса жіті
кәдімгідей өтуі
төмендеуі,
өтуі
созылмалы, өшкін
өтуі
Індетгпің шегіне жету сатысы
- індеттенудің келесі ең жоғарғы шарық- 
тау шегі. Бұл кезде белгілі бір уақыт аралығында (тэулік, апта, ай) ауруға 
жаңадан шалдыққан жануарлардың саны ең жоғары шегіне жетеді. Аурудың 
жіті түрімен қатар жітіден төмен түрі де байқалады. Иммунді жануарлардың 
саны арта түседі.
Індеттің өшу сатысы.
Індеттену шегіне жеткеннен кейін ауруға жаңа- 
дан шалдыққан жануарлардың саны кеми бастайды. Аурудың қоздырушы- 
сына қарсы иммунитет недәуір артады. Инфекция қоздырушысының берілу 
тетігі бұзылады. Бұл кезеңде аурудың өшкін белгілері басым болып, жітіден 
төмен жэне созылмалы өршуі, үзілмелі түрлері басым болады.
Індет соңы сатысы
- аурудың одан ары тарамай, тоқтаған уақыты. Бүл 
кезеңде иммунитеті өте күшті жануарлардың саны тым жоғары деңгейге жете- 
ді. Аурудың жаңадан байқалуы бірен-саран ғана болады. Белгісі білінбеген 
инфекция мен микроб алып жүру басым болады.
Келтірілген індеттің өрбу сатыларын шартты жоба ретінде қабылдаған 
жөн. Іс жүзінде індеттену процесі - өте күрделі құбылыс, ол тез арада өзінен 
өзі тоқгап қалмайды. Адамның белсенді араласуы індеттің дамуын кез-келген 
кезеңде тоқтатып, оның стадиялығын бұзады.
. 4.6. Табиғат және шаруашылық факторларының
індеттенуге әсері
Індет процесінің өршуіне, оның жітілігіне бірталай жағдайлар әсер етеді. 
Сондықтан бір жұқпалы аурудың өзі эр түрлі жағдайда биологиялық, табиғи- 
географиялық жэне шаруашылық жәйтгерге байланысты басқаша білініп, 
таралуы мүмкін. Жұқпалы аурудың біліну жэне таралу ерекшеліктері ең 
алдымен қоздырушысының биологиялық қасиеттеріне, оның уыттылығына, 
малдың ауруға бейімділігі мен топтық иммунитетінің деңгейіне жэне де 
аурудьщ негізгі білінген түрі мен жүргізілген шаралардың нәтижелілігіне 
байланысты. Бүнымен қатар аурудың таралуына недәуір әсер ететін басқа да 
жәйттер болады. Олар - табиғи-географиялық жэне элеуметтік-экономикалық 
факторлар.
49


Табиги-географиялъщ жагдайлар
(ауаның жылылығы мен ылғалдығы, 
жауын-шашын, өсімдіктер, күн сәулесі, т.т.) барлық жерлерде бірдей болмай- 
ды, сондықтан да олар ауру қоздырушылары мен жануарлар организміне 
түрліше әсер етеді. Сонымен қатар табиғат жағдайы үй және жабайы жануар- 
лардың түрлік құрамына, олардың аймақтық таралу аясына, микроб тасымал- 
даушылардың болу-болмауына әсер етеді. Табиғи жәйттердің індеттенудің 
барлық үш қозғаушы күштеріне әсері даусыз.
Табиги алғышарттар кейбір жұқгіалы аурулардың белгілі бір география- 
лық ортаға дөп келуіне себепкер болады. Тіпті кейбір аурулардың энзоотия- 
лығын, яғни ошақтануын тудырады. Сондықтан да 
географиялъщ немесе
өлкелік індеттану
деп аталатын түтас бір ғылыми бағыт қалыптасқан. Оның 
мақсаты - нақтылы бір аймақтағы індет процесінің ерекшеліктерін жэне 
жүқпалы аурулардың географиялық таралуының ала-құлалығының себептерін 
зерттеу болып табылады.
Жүқпалы ауру жэне індет процесі - белгілі бір дәрежеде табиғи- 
географиялық жағдайлармен байланысқан биологиялық күбылыстар болып 
табылады. Бірақ індет процесінің биологиялық қозғаушы күштерінің өзара 
қабаттасуы жэне олардың арақатынасы едәуір дэрежеде 
элеуметтік-эконо-
микалъщ (шаруашылъщ) жагдайлармен
байланысты болады.
Жұқпалы аурулардың шығуы мен таралуына малды өсіру жэне күту 
жағдайлары, өндірістің технологиясы мен ұйымдастырылуы, шаруашылық- 
экономикалық байланыстар мен мал шаруашылығына ветеринириялық- 
санитариялық қызмет көрсету мәдениеті зор эсер етеді. Әлеуметтік-экономи- 
калық жағдайлар елдің мемлекеттік жэне қоғамдық қүрылысына, хапықтың 
жалпы мэдени дәрежесіне, ауыл шаруашылығының, оның ішінде мал шаруа- 
шылығының дамуына және де эр түрлі әлеуметтік қиыншылықтарға (соғыс, 
аштық, экономикалық тоқырау) тікелей байланысты. Бүл жағынан індеттану- 
дың тарихы қоғамның шаруашылық-экономикалық, элеуметтік эрекеттерінің 
індет процестеріне зор ықпал ететіндігін дәлелдейтін дэйектерге бай. Қоғам- 
ның мұндай эрекеттерінің табиғатқа ықпалы неғұрлым зор болса, онда 
олардың эсері үй жануарлары арасында ғана емес, жабайы жануарлар ара- 
сында да басым болады. Сондықтан індет процесінің пайда болуына инфек- 
ция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетігі мен бейім жануарлар қажет 
болса, ауру одан ары тарай ма, тарай қалған жағдайда індеттің таралу аясы 
қандай болады, осының бэрі барлық биологиялық, табиғи жэне әлеуметтік- 
шаруашылық факторлардың жиынтығынан туындайды.
Сонымен індет процесінің мәні мен негізгі ерекшеліктері, оның биоло- 
гиялық, табиғи-географиялық және әлеуметтік-экоңомикалық себептерінің 
біртүтастығын зерттеу арқылы айқындалады. Бүл принцип теориялық жағы- 
нан ғана емес, індетке қарсы практикалық шараларды ғылыми негіздеу үшін 
де өте маңызды.
Жануарлардың арасында жұқпалы аурулардың таралуына орай әлеумет- 
тік-экономикалық жағдайлардың маңыздылығын тани білу - індет процесінің 
өзгешелігін, оның биологиялық табиғатын, індеттенудің негізгі қозғаушы 
күштерінің өзара эсерін жоққа шығару 
емес. Індет процесінің негізінде
50


инфекция қоздырушысының табиғатта сақталуы жатқандықган, бұл процеске 
баға бергенде, эрине, сол нақтылы ауру қоздырушысының биологиялық мэні 
мен мал шаруашылығының экономикалық (шаруашылық) мэнін бір-бірінен 
бөлмей, қатар қарастыру керек.
Микробтың тоғышарлық тіршілігі - паразитизмнің 'заңдылықтары, ол 
микроб үй жануарларында немесе жабайы аңда ма, болмаса адамда тоғы- 
шарлық ете ме, барлығында да бірдей болады. Бірақ олардың нәтижесі осы 
заңдылықтардың іске асу жағдайларына байланысты. Басқаша айтқанда, био- 
логиялық факторлардан өрбитін індет процесінің іске асуы нақтылы табиғи 
және шаруашылық жағдайларға байланысты болады. Сондықтан бір жағдайда 
ауру эдеттегідей айқын білінсе, екінші бір жағдайда сол ауру жасырын түрде 
өтеді.
Аталған жағдайлар індет процесіне тікелей емес, оның негізгі козғауіііы 
күштері арқылы әсер етеді. Сол себепті табиғи-географиялық және әлеумет- 
тік-экономикалық жэйттерді індет процесінің 
ңосаіщы факторлары
деп 
атайды. Бұл факторлардың қосалқы деп аталуы олардың маңызын төмендет- 
песе керек, өйткені іңдеттің ерекшеліктері мең таралу аясы юсы жэйттерге 
тікелей байланысты. Қазіргі заманда мал шаруашылығынын жаңа өндірістік 
қатынастар негізінде дамуына байланысты әлеуметтік-экономикшіық фактор- 
лардың эсері барған сайын жан-жақты болып, табиғи-географиялық фактор- 
лардың эсері бэсеңсіп бара жатқандай ұғым қалыптасуы ықтимал. Бірақ 
табиғи орта, экологиялық факторлар барлық жағдайда да шешуші маңьізын 
жоймайтыны ақиқат.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет