жануарлардың өзіне ауру жұқтыра бастайды. Ет қоректілердің обасы осы-
лайша үй жануарлары ит пен қолда өсірілетін терісі бағалы аңдардан жабайы
түлкі, қарсақ сияқты аңдарға жүғады. Ауыл шаруашылық малдарынан ау-
сылды жұқтырған жабайы жұптұяқты жануарлар (кйік, елік) уақьітша аусыл
вирусының қорламасына (резервуарына) айналады.
Көптеген сүтқоректі
жануарлар, қүстар жэне буын аяқтылар адам меке-
нінде немесе адамға жуық ортада тіршілік етуге бейімделген. Бұндай тіршілік
иелерін синантроптар деп атайды. Ал осындай синантроптар елді мекендер
төңірегінде ауру ошағын тудырады. Ондай ошақты
синантроптъщ
деп атай-
ды.
Кёй жерде бір алқаптың өзінде бір уақытта бірнеше аурудың ошағы қа-
тарынан кездеседі.
Мұндай табиғи ошақтарды
қабаттасңан
деп атайды.
Тышқан тектес кемірушілердің бір ортаға шоғырлануынан туляремия, лепто-
спироз және Қу-қызбасының қабаттасқан ошақтары кездеседі.
Егер ауру қоздырушы микроб жануарлардың бірнеше түрлерінің арасын-
да тараған болса, сондай неше алуан жануарлар қалыптастыратын табиғи
ошақты
шашыранды
деп атайды. Мысалы, тышқан, егеуқұйрық. ондатра,
қоян, т.б. аңдар табиғатта листериоздың шашыранды ошағын қалыптасты-
рады.
Аурудың
жылжымалы
ошағы да болуы мүмкін. Ондай табиғи ошақтар
ауру қоздырушысын таратушылардың орын
ауыстыруы нәтижесінде пайда
болады. Құстар алып жүретін жэне тарататын аурулардың (орнйтоз, құс
тымауы) осындай ошақтары кездеседі. Әсіресе жыл құстары алыс жерлерге
ұшуына байланысты ауру ошағының орын ауыстыруына қолайлы жағдай
тудьфады. Мал қораларында мекен ететін егеуқүйрықтар мен тышқандар жаз-
да егінді алқапқа кетіп, күзде қайтадан фермаға оралуы Ауески ауруын,
листериоз, т.б. тудьфуы мүмкін. Әр маусымда қоныс аударатын басқа жа-
нуарлар да (мысалы, киік) аурудың жаңа ошағының пайда болуына себепкер
болады.
Әрбір аурудың ошағы белгілі бір табиғи ландшафтпен байланысты. Бір
аурудың
ошағы орманды жерде болса, екіншісіңікі жазық далада, шөлейтте
немесе таулы жерде кездеседі. Осыдан барып
ландшафтық оиіац
деген үғым
қалыптасты. Мысалы, лептоспироздың ошағы ылғалды аймақтармен, түйенің
обасының ошағы кұрғақ дала немесе жоталы бұйраттармен байланысты. Әр
табиғи ландшафтта өзіне тэн биоценоз қалыптасқан. Сол биоценоздың мүше-
лерінің бірі ауру қоздьфушысын алып жүрсе, екіншісі сонын тасымалдау-
шысы болады. Мысалы, нулы, суы мол, масасы көп жерлердегі жайылымды
маса
шықпаған көктемгі мезгілде, немесе маса басылған күзгі уақытта
пайдаланса малға да жайлы, маса тарататын жұқпалы аурулардың таралу қау-
пі де төмен болады. Жер жағдайына байланысты ауру ошақтарын зерттеудің
нэтижесінде індеттанудың жеке бір саласы
ландшафтъщ індеттану
қалып-
тасты.
Достарыңызбен бөлісу: