нәтижесінде антигеннің организмге сіңуі баяулап, ыдырайтын жэне әсер
ететін мерзімі ұзарады. Сондықтан
мұндай вакциналарды
деполандырылган
(депо - қойма) деп те атайды. Лимфалық элементтердің молынан шоғырла-
нуына байланысты қабынған түйіршіктерде антиденелердің 80% дейіні түзі-
леді. Адъюванттардың мутогендік қасиеті бар. Олардың. әсерінен маңындағы
жэне алыстағы сөл түйіндерінде, көк бауырда көптеген бүдырмақтар пайда
болады. Бұл бүдырмақтар - белсендірілген лимфоциттердің шоғыры.
Микроорганизмдердің құрамында көптеген антигендер болады.
Ауруға
қарсы иммунитет пайда болуы үшін олардың барлығының маңызы бірдей
емес. Тек қана
протективті
(қорғаушы) деп аталатын антигеыдер ауруға
қарсы иммунитет тудыра алады. Энтербактериялардың
протективті антиген-
деріне Vi-антиген, ішек таяқшасында К-антиген жатады. Осындай тазар-
тылған протективті антигеннен даярланған вакциналар
химиялъщ вакциналар
деп аталады. Мұндай вакциналар организмде
жайсыз реакциялар тудырмай-
ды, ондай препараттардың болашағы зор.
Достарыңызбен бөлісу: