Оқулық. Алматы, 518 бет


Жануарларды иммундеу әдістері



Pdf көрінісі
бет54/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Жануарларды иммундеу әдістері. 
Иммундеудің нәтижесі 'Қолданыла- 
тын дэрмектің иммуногендік қасиетіне ғана емес, оны қолдану эдісіне де 
байланысты. Сонымен қатар жануарларды жаппай иммундеу оларды ауруға 
тексеру (аллергиялық тексеру, қан алу) сияқты көп еңбекті қажет етеді.
Жануарларды негізінен екі түрлі жолмен:! жекелей жэне жаппай иммуң- 
деуге болады. 
Дара иммундеу
жануарлардың әрқайсысына жеке-жеке вакци- 
на жіберу арқылы, ал 
тоһтап иммундеу
жануарлардың түтас бір тобына 
вакцинамен бірден эсер ету арқылы іске асырылады. Жекелей иммундеу 
кезінде вакцинаны бұлшық етке, тері астына, тері ішіне, тері үстіне жібереді: 
Бүл эдістерді 
парентералъдъщ
деп атайды (ішекке соқпай, яғни ішек арқылы 
емес, деген мағынада). Парентеральдық жолға көк тамырға енгізу де жатады, 
бірақ бүл әдіспен іс жүзінде ешбір вакцина жіберілмейді. 
Энтералъдъщ
жолмен яғни ішек арқылы, дэлірек айтқанда ауыз арқылы, яғни пероральдық 
жолмен, вакциналау әдісі кеңінен қолданылады. Сонымен қатар вакцинаны эр 
түрлі кілегейлі қабықтар арқылы да (танау қуысына, көз конъюнктивасына, 
клоакаға, емшек үрпіне) денеге енгізуге болады.
Вакцинаны денеге енгізу жолын таңдағанда ол дәрмектін антигендік, 
физикалық жэне химиялық қасиеттері жэне тиісті аурудың ерекшеліктері 
ескеріледі. Мысалы, тері астына топалаңның және қүтырықтың, бүлшық етке 
қысаға мен лептоспироздың, тері үстіне шешектің, танау қуысына пара- 
грипптің, емшек үрпіне (интрацистернальдық немесе диалетикалық.жолмен) 
колибактериоз бен қылаудың вакциналары жіберіледі.
Топтап вакциналау
екі түрлі жолмен: ауыз арқылы 
іэнтералъдык
немесе 
пероральдық әдіс) жэне 
аэрозольдік
(аэрогендік немесе аспирациялық) эдіс- 
пен іске асырылады. Бүл эдістер еңбек өнімділігін шүғыл арттырып, вакци- 
налау жұмысын көп жеңілдетеді. Пероральдық эдіспен алиментарлық жолмен 
жүғатын, ал аэрозольдік әдіспен респираторлық жолмен жүғатын ауруларға 
қарсы егу жақсы нәтиже береді. Бірақ бүл заңдылық бұлжымайтын қағида 
емес. Іс жүзінде жаппай егетін эдістін екеуін де, аурудың табиғи жүғу.жолы 
қандай болмасын (алиментарлық, аэрогендік, трансмиссивтік ніемесе жанасу
72


арқылы) пайдалана беруге болады. Әйтсе де респираторлық инфекциялар 
кезінде аэрозольдік, ал алиментарлық инфекциялар кезінде пероральдік егу 
әдісі жақсы нәтиже береді. Өйткені организмді жұқпалы аурудан сақтан- 
дырғанда жалпы иммунитетпен қатар, орны шектелген иммунитет те үлкен 
рөл атқарады.
Аэрозольдік эдіспен құстарды, шошқаны, қойды, сиырды, терісі бағалы 
аңдарды иммундеу жөнінде біраз тәжірибе жинақталған. Құсты Ньюкасл 
ауруына, шешекке қарсы егу туралы ұсыныстар жасалған. Иммундеу нәти- 
жесі аэрозольдің көлеміне байланысты. Ірі аэрЬзольдер жоғарғы тыныс 
жолдарында шөгеді де, өте майда аэрозольдер өкпенің ең тереңгі бронхиола- 
лары мен альвеолаларына өтеді. Аэрозоль түйірішіктері майдаланған сайын 
вакцинаның реактогендігі арта түседі.
Аэрогендік әдіспен иммундеу үшін вакцинаны қүрғақ немесе сұйық 
күйінде де пайдалануға болды. Әйтседе бірдей нәтижеге .жету үшін сұйық 
вакцинаға қарағанда құрғақ вакцина анағүрлым көп мөлшерде, кажет болады. 
Иммундеудің нэтижесі тірі вакцинаның аэрозоль күйінде тіршілігін сақтауы- 
на байланысты. Бүркілген вакцина штаммы жылдам кебуінің салдырынан тез 
өле бастайды. Оның тіршілігін сақтауы табиғатына, ортаның температурасы 
мен ылғалдығына байланысты. Аэрозольдік жолмен иммундеу үшің тірі 
вакциналар тиімді. Олардың ауада тіршілігін ұзақ уақыт сақтау үшін эр түрлі 
түрақтандырушы қоспалар пайдаланылады. Ондай қоспалар ретінде қолда- 
нылатын кептірілген сүт, глицерин аэрозоль бөлшектерінің ылғалын сақтауға 
көімектеседі.
Аэрозольдік вакцина ретінде аз уақыт ішінде (1-3 тэулікте) иммунитет 
қалыптастыратын штаммдарды пайдаланған тиімді. Ондай вакцина адам мен 
жануарлар үшін қауіпсіз болуы керек. Аэрозольдік әдіс тез арада ауруды 
дауалауға мүмкіндік береді. Бірақ герметикаландырылған қора-жайды, тиісті 
аэрозольдік генераторлар мен бүріккіштерді керек етеді.
Пероральді иммундеу ең қарапайым жэне денеге бөгде заттың енетін 
табиғи жолы болып табылады. Бүл эдісті 1930-жылдары Безредка бактерия- 
лық ішек инфекциялары (дизентерия, іш сүзегі) кезінде жан-жақты зерттеген 
болатын. Бірақ ол кездегі вакциналардың жарамсыздығынан іске аспай қалды. 
Кейінірек бұл эдіс медицинада пайдаланыла бастады да, кейбір ауруға, 
мысалы полимиелитке қарсы егуде негізгі әдіске ! айналды. Ветеринарияда 
Ньюкасл ауруының Ві жэне Ла-Сота штамдарынан даярланған вакциналарды 
тауыққа суға қосып ішкізеді.
Энтеральдік вакциналарды даярлағанда оларға қарьщ сөлінің қолайсыз 
эсері ескеріліп, таблетка жасағанда сыртын қышқылға төзімді қоспамен қор- 
ғайды немесе май, балауыз, смола сияқты қосындылармен толықтырады.
Пероральді иммундеу кезінде антиген ішекке жетпей, тіпті ауыз қуы- 
сында сіңіріле бастайды, мысалы, шешек вирусы мен аденовирустар. Жалпы 
ішек-қарын жолынан антигендік заттар қан мен сөлге өтіп, сөл түйіндері мен 
көкбауырда іркіледі. Мұндай жолмен иммундегенде гуморальдік, жасувдалық 
жэне орны шектелген барлық иммунитет реакциялары іске қосылады. Ерекше 
атап өтетін жағдай антиденелер қанда ғана емес, секреттік А иммуноглобулин
:73


ретінде сілекейге, ішек сөліне, капроглобулин ретінде нәжіске шығады. Мұн- 
дай антиденелер ішекке тэн жас төлдің инфекцияларынан қорғауда маңызды 
рөл атқарады.
Пероральді вакциналаудың тиімділігін шошқаның тілмесіне қарсы тірі 
вакцинаны қолданғанда Кулеско (1961) анықтаған. Өте жақсы нәтиже бұзау- 
ды колибактериозға иммундеуде алынды. Бұл үшін Сидоров пен Курашвили 
(1981) колипротектан деп аталатын дәрмекұсынды. Торайларға колиэнтеро- 
токсемияға қарсы вакцинаны сумен ішкізу жақсы нэтиже береді. Бұл әдіс па- 
разитарлық инвазиялар кезінде қолданыла бастады. Диктиокаулез гельминті- 
нің балапан құрттарына рентген сэулесімен ,эсер етіп, пероральдік жолмен 
иммундеу үшін пайдалануға болатындығы анықталды. Пероральдік эдіс жа- 
байы жануарларды, мысалы қасқырға құтырықтың вакцинасын, етке қосып 
беру арқылы, иммундеудің бірден-бір қолайлы жолы болып табылады.
Жануарларды жаппай иммундеуді жеңілдету мақсатында бірнеше вакци- 
наны бір мезгілде егуге болады. Бұл эдіс 
кешенді вакцинсиіау
деп аталады. 
Кешенді иммундеу кезінде эрбір вакцина жеке-жеке егіледі. Әр түрлі вак-г 
цинаны даярлаған кезінде араластырып 
қоспа (ассоциацияланган) вакцина
даярлау биология өндірісінде жолға қойылып, дамытылып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет