Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет55/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

6.5. Жұқпалы ауруларды 'балау
Жүқпалы ауруларды балаудың ерекшеліктері. 
Жұқпалы ауруды ба- 
лау, немесе диагноз қою, аурудың кез келген түріне (ішкі жұқпайтын, ота- 
шылық, т.б.) қатысты ортақ заңдылықтарына негізделген. Әйтсе де жұқпалы 
ауруларды балаудың өзіндік үш түрлі ерекшеліктері бар.
1. Жұқпалы аурудың эрқайсысының өзіне тэн телімді тірі қоздырушысы 
болатындықтан, сол қоздырушыны ауырған жануардың денесінен тауып, .оны 
анықтау диагноз қоюға толық негіз болады.
2. Жұқпалы ауру кезінде денеде ауру қоздырушыға қарсы өзіне тэн 
иммундік жауап реакциялары болатындықтан, осы өзгерістерді аллергиялық 
немесе серологиялық тэсілдермен анықтау - ауруды балаудың аса бір тиімді 
эдістері болып табылады.
3. Жүқпалы ауруға індет процесі тэн болғандықтан, індеттену ерекше- 
ліктерін ескеру арқылы балау жүмыстарына тиісті бір бағдар беруге болады.
Жұқпалы ауруларды балау кешенді түрде жүргізіледі де, бүл кешен мы- 
нандай қүрама бөліктерден түрады:
1. Індеттанулық эдіс.
2. Клиникалық эдіс.
3. Патологиялық-анатомиялық эдіс.
4.Микробиологиялық (бактериологиялық, микологиялық, вирусология- 
лық) эдіс.
5. Серологиялық эдіс.
6. Аллергиялық эдіс.
74


Жұқпалы ауруды балау кезінде диагноздың екі түрін ажыратқан жөн. 
Олар - нозологиялық жэне індеттанулық диагноз. Нозологияльіқ балау -
аурудың түрін (мысалы: бруцеллез, топалаң, сіреспе) анықтауға саяды. Індет- 
танулық балау толық індеттік жағдайды анықтауға бағытталған. Індеттанулық 
балау негізінде індеттің буындары (инфекция қоздырушысының бастауы, 
оның берілу тетіктері мен ауруға бейім жануарлар) және індет ошағының 
ерекшеліктері мен шекарасы анықталады. Тек егжей-тегжейлі іңдеттанулық 
балау негізінде ғана індетке қарсы нәтижелі жүмыс жүргізуге болады. Әрине 
нозологиялық диагнозды анықтап алмай дұрыс індеттанулық балау жүргізу 
мүмкін емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет