Оқулық. Алматы, 518 бет


Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар



Pdf көрінісі
бет63/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Ауруға бейім жануарларға қатысты шаралар. 
Індетке қарсы шаралар- 
дың маңызды бір бөлігі ауруға бейім жануарларға қатысты жүргізіледі. Олар 
негізінен хайуанаттардың ауруға төзімділігін арттыруға жэне оларды іауру 
,кұғу қаупінен қорғауға бағытталған. Аурудың малға жұғуына қарсы шаралар 
инфекция қоздырушысының берілу тетігіне қарсы шаралар ретінде қарасты- 
рылатындықтан бұл жерде жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру .жайы 
сөз болады.
Жануарлардың ауруға төзімділігін арттыру - фермаларда жүргізілетін 
барлық шаруашылыққа қатысты іс-әрекеттердің ең өзекті мақсаты. Оны 
қамтамасыз ету үшін кең ауқымды экономикалық-ұйымдыстыру, селекция- 
лық-зоотехникалық, ветеринариялық-санитариялық шараларды іске асыру 
керек. Өнімді көп беретін малды өсірумен қабат олардың ауруға төзімді бо- 
луына да көңіл бөлу қажет. Бұл қасиеттердің малдың тұқым тегіне ғана емес, 
оның күтіміне де байланысты екені анық. Сондықтан қора-жайдың, жайылым 
мен өрістің, сондай-ақ малды азықтандыру жэне суару, пайдалану санитария- 
лық-зоогигиеналық талаптарға сай жүргізілуі керек.
Жануарлардың ауруға төзімділігіне эр түрлі стресс жағдайлар кері'эсер 
етеді. Оларға сапасыз жем-шөп жэне су, олардың құрамында болатын зиянды 
қоспалар, ауаның қалыптан тыс температурасы, ылғалдылығы, қысымы, газ- 
дық кұрамы жэне шаң-тозаң ,жатады. Қорада немесе торларда жануарлардың 
аса тығыз орналасуы, эр түрлі механизмдердің жұмысына байлаңысты шулы 
дыбыстар, жануарларды көлікпен тасымалдау оларға зиянды эсер етеді. Сон- 
дықтан да жыл мезгілі ауысқан шақта, малды қыстаудан жайылымға шы- 
ғарғанда немесе керісінше қыстамаға ауыстырғанда, сондай-ақ көлікпен тасы- 
малдағанда стресс-факторлардың жануарларға жайсыз эсерін мейлінше бол-- 
дырмауға бағытталған арнайы шаралар қолдану қажет. Ауа райының құбыл- 
малы шақтарында: қарлы жауын, боран, қатты аяз, аяздан кейінгі жылымық 
кезінде малдың күтіміне ерекше көңіл бөлу керек. Малдың күтіміне, азықтан- 
дыру рационына, бос жіберілуіне (моцион) күнделікті бақылау - жануар 
организмінің ауруға төзімділігін қамтамасыз ететін ең маңызды алғы шарттар.
Жүқпалы ауру шыққан сәтте аталған шараларды орындау жеткіліксіз. Ол 
шарттар ауру болмаған уақытта да тиянақты түрде іске асырылып отыруы 
керек. Жүқпалы ауру байқалғанда, сол ауруға қарсы иммундік дәрмектер 
қолданылады. Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жа- 
наспаған болса, вакциналау арқылы белсенді иммундеу жүргізіледі. Қазіргі 
уақьггта қолдан жүқтыру арқылы ауруды жасанды түрде қоздырып, иммуни- 
тетті қалыптастыруға тиым салынған.
Егер жануарлар инфекция қоздырушысының бастауымен жанасқан бол- 
са, немесе тез арада ауру ш ы ғы п , кету қаупі туса, онда вакцинамен қатар 
иммуноглобулиндік дэрмектер арқылы енжар иммундеу эдісін қолдану, яғни 
симультанды иммуңдеу, жақсы нәтиже береді. Бүның нәтижесінде егілгеннен 
соң бірден организмде енжар иммунитет қалыптасады да, ол әлсірей бастаған 
кезде белсенді иммунитет күшіне енеді. Есте болатын бір жай, аса қажеттілігі 
болмаса енжар иммундеусіз-ақ белсенді иммундеу эдісін жеке қолдану дүрыс.
84


Әйткені енжар иммунитеттің эсерінен белсенді иммунитеттің күші төмен- 
дейді.
Кейбір жағдайларда, мыиалы, ауруіа қарсы иенімді иммундік дэрмектер 
болмаса немесе аурудың диагнозы толық анықталмаса, немесе жануарлардың 
физиологиялық жағдайына байланысты (буаздық, антигендік эсерді көтере 
апмау) иммуңдеу мүмкін болмаса онда миқррбтарға қарсы эсер ететін түрлі 
дэрі-дермектер қолданылады. Олардың қатарына антибиотиктер, сульфанила- 
мидті және нитрофуранды дэрілер, эр гүрлі химиялық дэрмектер жатады. 
Аурудың осылай алдын алу әдісі 
фармақопрофилактика
деп аталады. Фар- 
макопрофилактика жоғарыда аталған төтенше жағдайларда жануарларды 
жұқцалы аурудан аз уақытқа ғана қорғау үшін қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет