Оқулық. Алматы, 518 бет


Кешендерді салу және малмен толтыру кезіндегі індетке қарсы ша-



Pdf көрінісі
бет65/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Кешендерді салу және малмен толтыру кезіндегі індетке қарсы ша-
ралар. 
Болашақ кешенге жер бөлгенде оны елді мекендерден, басқа фермалар 
мен комплекстерден, өндіріс орындары мен магистральді жолдардан ветери- 
нариялық-санитариялық талаптарға сай белгілі бір қашықтықта орналасты- 
рады. Жерасты суы 5 м ары болуы керек. Шаруашылық қалдықтары мен қо- 
қыстарының шоғырлануы мен пайдалануы алдын ала ескеріледі. Әр кешеннің 
маңайында көң шашылатын, өсімдік өсірілетін ауыл шаруашылық алқапта- 
рының аумағы есепке алынады. 1 гектар егістік жэне шабындық жерге 4 ірі 
қараның (40-80 м ) немесе 35 шошқаның (30-45 м ) көңі төгіледі. Кешенді 
бұрын мал өлекселерін көмген қорым болған немесе топалаң байқалған жерге 
салуға болмайды.
Барлық құрылыс жүмыстары толық аяқталғаннан кейін ғана кешенге мал 
экелінеді. Алдымен құрылыс қоқыстарынан толық тазартылған кора-жайлар- 
ды іске қосу алдындағы дезинфекциядан өткізеді. Мал кіргізер алдында бар- 
лық технология жүйелерін байқап көру керек. Байқау (обкатка) үш кезеңге 
бөлінеді. Бірінші кезең - алдын-ала байқау, кешенге жануарларды енгізбес 
бұрын жүргізіледі. Сүт өндіретін кешендерде бұл кезең 2-3 күнге созылады. 
Осы уақытта жүмыскерлер өздерінің болашақ жұмыс орындарында болады. 
Барлық технологияық жүйелерді оларды орнатып, монтаж жасаған мамандар 
іске қосып, алдағы уақыттағы иелеріне жүмыс үстінде өткеріп береді. Алдын- 
ала байқау барлық өндіріс жүйелеріне, соның ішінде ветеринариялық-санита- 
риялық қызметке де қатысты.
Екінші кезең - тікелей байқау, сүт кешенінде 6 аптаға созылады. Бұл 
кезде аздап қана мал әкелінеді. Мысалы 2 000 сиырға арналған кешенге 500 
бас мал қойылады. Тікелей байқау кезінде барлық жүмыс қүрылыс-монтаж 
жэне инженерлік жүйелердің жұмыс кезінде қауіпсіздігі мұқият тексеріледі. 
Сүт кешенінде істейтін жұмыскерлер монтаждаушылардың басшылығымен 
механизмдерді өздері іске қосады. Олар кешенді пайдалану тәжірибесін иге- 
реді жэне апатты жағдай болғанда қолданылатын шараларға машықтанады.
Үшінші кезең - байқауды аяқтап, кешенді іске қосу. Бес ай мезгілінде 
малды әкелуді тамамдап, жеті ай өткенде барлық өндіріс процестері түгелдей 
игеріледі. Бүл уақытта барлық қызмет буындарының өзара байланысы жэне 
кешен мен басқа өңдіріс орындарының іс-әрекеті жөнге келтіріледі.
Өндіріс кешеңдерін малмен толтыру белгілі бір жүйе бойынша жүргізі- 
леді. Әсіресе ірі қараны бордақылайтын ірі кешендерді керекті мал басымен 
қамтамасыз ету жэне соған байланысты ветеринариялық-санитариялык шара-
87


ларды іске асыру күрделі мәселе болып табылады. Бордақыланатын мал 
алдын-ала іріктелген жүқпалы аурулардан сау щаруащылықтардаң алынады. 
Бұл шаруашылықтардан жарамды бұзауларды іріктеп алу жэне оларды тасы- 
малдау дәрігердің басшылығымен жүргізіледі. Малды беретін шаруашылық- 
та бұзаулар туғаннан соң 2 жэне 7 күн өткенде екі рет колибактериоз бен саль- 
монеллезге қарсы егіледі. Іріктелген жануарлар автокөлікке тиелер_алдыңда 
клиникалық байқаудан өткізіліп, термометрмен ыстығың тексереді, салмағьщ 
өлшейді, кұлағына нөмірленген пластмасса сырға салынады жэне стреске 
қарсы домдалады. Стреске қарсы домдау транспортқа тиеу алдында.2 л темпе- 
ратурасы +35...37° С жылы суға 125г глюкоза ерітіп ішкізу арқылы жүргізі- 
леді. Оңың үстіне бұлшық етіне 500 000 ӘБ тетрациклин немесе окситетра- 
циклин, 3 мл АДЕ үш витамині беріледі. Тұяқтары көңнен тазартылып, 0,5 
% каустика содасының ертіндісімен, немесе 1-2 % формалин (креолин, лизол) 
ертінділерімен дезинфекцияланады. Жүні щеткамен тазаланады, ластанған 
жерлері жылы сумен жуылады. _
Жануарларды арнайы жабық автокөлікпен тасымалдайды, Мал тиейтің 
жабық фургонда ауаның қалыпты жылылығы (18...20°С), ылғалдылығы (75 
%-
ға дейін), газдық құрамы (көмір қышқыл газы 0,25 %-ға дейін) сақталуы 
керек.
Кешенде бұзауларды қабылдайтын жерде түсіріп, үстіне 1% хлорофос 
ертіндісін бүркеді, колорифермен 40-50 минут кептіреді. 18 бастан үйшіктерге 
орналастырады.
Әдетте бұзаулар жүмыс күнінің ақырында әкелінеді. Келесі күні қолдан 
жасалынған сүтке 125г глюкоза қосылып беріледі. Келіп түскеннен кейін бір 
тэулік бойы су берілмейді, автосуарғыштар жауып тасталынады. Алғашқы екі 
күні таңертең жэне кешке 2 рет жасанды сүтке 1,5г тетрациклин қосылып 
беріледі. Онан кейін 16 күн бойы бұзаулар күн сайын 6г азықтық антибиотик, 
бір басқа шаққанда 60 000 ӘБ алады. Екінші күннен бастап жануарлар кешен- 
де қабылданған тэртіп бойынша азықтандырылады. Алғашқы 15 күн олар 
үшін карантин болып есептеледі_ де, дэрігерлік бақылауда .болып, ішіңара 
денесінің қызуы өлшеніп тұрады. Карантиннен кейін үйшіктегі бүзаулар 360 
бастан бір секцияға ауыстырылады. Бір айлық кезінде аусылға қарсы, тағы 7-8 
күннен соң трихофитияға қарсы ТФ-130 вакцинасымен егіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет