Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет67/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Қысқаша қорытынды
Індетке қарсы шаралар жүқпалы аурулардың алдын алуға, ауру шыға 
қалған жағдайда індет ошағын жоюға бағытталады. Алдын алу жэне сауық- 
тыру шараларының әрқайсысы ұйымдастыру-шаруашылық, ветериңариялық- 
санитариялық жэне арнайы шаралар кешені ретінде індет процесінің барлық 
буындарын қамтиды. Бұл шаралар жоспарлы түрде мемлекет тарапынан іске 
асырылады.
¥йымдастыру-шаруашылық шаралары малды өсіру, бағып-күту, мал ша- 
руашылығын өркендетуге қатысты элеуметтік-экономикалық тетіктерді және 
ветеринариялық білімді насихаттауды қамтиды.
Ветеринариялық-санитариялық шаралар мемлекет шекарасынан бастап 
мал өсіретін нысандарға дейін санитариялық реттілікті қамтамасыз етіп, қа- 
жет болғанда карантин мен шектеу енгізу, инфекция қоздырушысының бас- 
тауы мен берілу тетіктерін жою жэне зарарсыздандыру арқылы жүқпалы 
аурулардъщ шығуына жэне таралуына тосқауыл қояды.
90


Індетке қарсы арнайы шаралар екі салаға бөлінеді. Олар ауруды балау 
жэне оған қарсы жануарларды иммундеу.
Жүқпалы ауруларды балау індеттанулық, клиникалық, патанатомиялық, 
микробиологиялық,.серологиялық, аллергиялық тексеру. арқылы іске асыры- 
лады. Нозологиялық диагнозбен щектелмей індеттанулық диагноз қою қажет. 
Індеттанулық диагноз індеттік жағдайды анықтайды, яғни індет процесінің 
барлық буындарына жэне індет ошағына сипаттама береді.
Жануарларды жүқпалы ауруларға қарсы иммундеу үшін ңегізінен эр 
түрлі вакциналар қолданылады.
Атаулар мен ұғымдар
Індетке қарсы шаралар, дауалау шаралары, сауықтыру шаралары, ұйым- 
дасгыру-шаруашылық шаралары, ветеринариялық-санитариялық шаралар, ар- 
найы шаралар, ветеринариялық білімді насихаттау, карантин, шектеу, вак- 
цина, өлтірілген вакцина, тірі вакцина, аттенуация, пассаждау, анатоксин, 
адъювант, вариолизация, вакцинация, овинация, галинделген, овинделген, 
өсіндік вакцина, қоспа вакцина, дара иммундеу, топтап иммундеу, аэрозольдік 
вакциналау, парентеральдік вакциналау, энтеральдік вакциналау, пероральді 
вакциналау, кешенді вакциналау, фармокопрофилактика, симульталді иммун- 
деу.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар
1. Індетке қарсы шаралардың мақсаты не?
2. Індетке қарсы шаралар мақсаты бойынша қандай салаларға бөлінеді?
3. Індетке қарсы шаралар мазмұны бойынша қандай салаларға бөлінеді?
4. Індетке қарсы ұйымдастыру шаруашылық шаралары не үшін қажет?
5. Ветеринариялық білім кімдер үшін насихатталады жэне індетке қарсы 
шараларға маңызы қандай?
6. Шекараны жүқпалы аурудан қорғау қалай жүргізіледі?
7. Мал өсіретін нысандарды індеттен қорғау шаралары қалай қамтамасыз 
етіледі?
8. Жаңадан әкелінген мал қалай карантинделеді?
9. Тірі элсіретілмеген вакциналар қалай қолданылады?
10. Тірі әлсіретілген вакциналардың штамдары қалай даярланады?
11. Өлтірілген вакциналар қалай даярланады?
12. Адъювант деген не, оның қандай түрлері бар, не үшін қолданылады?
13. Анатоксин, анавакцина деген не?
14. Протективтік антиген деген не?
15. Химиялық вакцина қалай даярланады?
16. Генноинженерлік вакциналар қалай даярланады?
17. Дара иммундеу әдістері қалай орындалады?
18. Топтап иммундеу қалай іске асырылады?
19. Кешенді иммундеу деген не?
91


20. Қоспа вакцина деген не?
21. Симульталді иммундеу деген не?
22. Аэрозольді вакциналау қалай жүргізіледі?
23. Жұқпалы ауру кезінде жануарларды қалай емдейді?
24. Нозологиялық және эпизоотологиялық (індеттанулық) диагноздар- 
дың айырмашылығы қандай?
25. Індеттанулық балау не үшін жэне қалай орындалады?
26. Жұқпалы ауруларға диагноз қалай қойылады?
92


7-mapay


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет