Оқулық. Алматы, 518 бет


 Ветеринариялық санитария жане оның індетке қарсы



Pdf көрінісі
бет68/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

7. Ветеринариялық санитария жане оның індетке қарсы
шаралар кешеніндегі маңызы
Өзекті мәселелер: Ветеринариялық санитарияның мін-
деттері мен мақсаттары, ветеринариялық-санитариялық нысан-
дар. Мал шаруашылығының қалдықтарын (көң, өлексе, т.б.)
зарарсыздандыру. Дезинфекция, оның түрлері мен әдістері,
химиялық дезинфектанттар. Дезинсекция. Дератизация.
7.1. Ветеринариялық санитария туралы түсінік
Санитария латынның 
sanitas
(денсаулық) сөзінен шыққан, сондықтан кең 
мағынада қолданғанда бұл ғылымға денсаулыққа қатысты мэселелер түгелдей 
жатады. Атап айтқанда адам мен жануарлардың тіршілік ортасы (тұрақ 
жайынан бастап экологиялық жағдайларына дейін) жэне олардың тіршілігіне 
қатысты барлық қажеттіктері (азық, су, ауа, жарық, т.б.) жатады. Қазіргі кезде 
ветеринарияның негізгі бір саласы ретінде қалыптаса бастаған ветеринария- 
лық санитария осы күнгі түсінік бойнша адам мен жануарлардың инфекция- 
лық жэне инвазиялық ауруларының тарап кетпеуін және мал шаруашылығы- 
нан санитариялық жағынан жоғары сапалы өнім алуды қамтамасыз етеді. 
Өнімнің санитариялық сапасы деп оның адам денсаулығына зиянсыздығын 
айтады. Әрине мүндай мол ауқымды ғылым індеттану аясына сия бермейді. 
Індеттану ғылымы ветеринариялық санитарияны түгелдей қамти алмайды, тек 
қана індетке қарсы шараларында ветеринариялық санитария эдістеріне сүйе- 
неді. Індеттануға микробтар өлі табиғат заттарында және тірі тасымалдау- 
шылардың денесінде болатындықтан індеттануда қолданылатын ветеринария- 
лық санитарияның негізгі эдістері сол ауру қоздырушыларымен ластанған 
заттарды зарарсыздандыру жэне ауру қоздырушыларының тасымалдаушыла- 
рымен күрес жүргізу болып табылады.
Негізінен алғанда ветеринариялық-санитариялық шаралар инфекция қоз- 
дырушысының берілу тетігіне қарсы бағытталған. Ауру қоздырушыларының 
басты берілу факторлары болып табылатын өлексе, көң жэне басқа да мал 
шаруашылығы қалдықтарын зарарсыздандыру, ауру тасымалдаушы жәндік- 
термен, кемірушілермен күрес жүргізу дезинфекция, дезинсекция, дератиза- 
ция шаралары арқылы іске асады. Сыртқы ортадағы заттармен инфекция та- 
сымалдаушыларына ауру қоздырушыларын жұқтырмау жоғарғы аталған ша- 
ралардан да гөрі тиімді болып табылады. Бұның өзі инфекция қоздырушысы- 
ның бастауын сенімді түрде оқшаулау, оны бейтараптау арқылы ғана іске 
асады. Сондықтан да қоздырушы бастауынан зардапты микробтың ортаға та- 
ралмауы үшін эр түрлі ветеринариялық-санитариялық режим (реттілік) шара- 
лары белгіленген. Осы белгіленген реттілікті іске асыру жэне жетілдіру вете- 
ринариялық санитарияның негізгі міндеттерінің бірінен саналады. Сонымен 
ветеринариялық-санитариялық шаралар сыртқы ортада ауру қоздырушыла- 
рының таралуына жол бермеуге, ал тарай қалған сәтте оларды жоюға бағыт- 
талған.
93




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет