Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет76/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Сәуле қуаты. 
Сэуле қуатының табиғи көзі ретінде - күн, ал жасанды 
көзі ретінде сынап- кварц шамдарының маңызы зор. Микробтарды жою үшін 
жарықтың ең қысқа толқынды ультракүлгін бөлігінің әсері күшті. Тура түскен 
күн жарығы аз да болса шашыранды күн жарығы микробтарға, жойқын әсер 
етеді. Жарықтың күшіне әсіресе микробтардың вегетативтік түрі сезімтал 
келеді. Споралық түрдегі микробтар да жарықтың әсерінен өледі, біақ, ол 
үшін үзақ уақыт қажет. Мысалы топалаңның қоздырушысының спорасы күн 
көзінен 60 күн өткенде барып жойылады. Біздің республиканың жағдайында 
егер көң мен қоқыстан тазалап, жазғы күні есік-терезесін ашып тастаса, мал 
қоралары іс жүзінде қандай да микробтан болмасын толық зарарсызданады 
деуге болады.
Бөлме-жайларды зарарсыздандыру үшін әлбетте толқын үзындығы 254- 
257 нм ультракүлгін сәуле шығаратын бактериоцидті лампалар: БУВ-15, БУВ- 
30, БУВ-30 П; сэуле шығарғыштар: Н-6У, Н-60 қолданылады. Ультрак\глгш
103


сәуле ауаны зарарсыздандыру үшін өте қолайлы. Алайда бұл сэулелер сұйық 
ортаға өте алмайды. Сұйық заттарды, мысалы, сүтті өте жұқа қабатта ағызып, 
сэулелендіру арқылы зарарсыздандыруға болады.
Кептіру
миқроорганизмдердің тіршілігіне қолайсыз жағдай туғызады. 
Сусыз ортада микробтардьщ өсіп-өнуі күрт тоқтайды, өйткені олардың 'бар- 
лық зат алмасу құбылыстары ылғалдығы жеткілікті ортада ғана қалыпты жағ- 
дайда өтеді. Құрғақ жерде микробтардың вегетативтік түрлері өліп қалады 
немесе уыттылығын жояды. Кептіру арқылы тері, жүн, :батпақтанған мал 
серуеңдететін алаң, жайылым алқаптары, т.б. зарарсыздаңдырылады. Шөп 
пен құнарлы жем тек дұрыс кептірілгенде ғана бүлінбей, дұрыс сақталады.
Қыздыру
немесе жоғары температураның эсері арқылы зарарсыздандыру 
үшін қайнату, ыстық бу, қүрғақ ыстық ауа, отпен күйдіру пайдаланылады 
70 °С кезінде ақзат (белок) үйып, микроб тіршілігін жояды. Құрғақ ыстық ауа 
үзақ уақыттан (бірнеше сағат) кейін ғана әсер егеді, сондықтан кейбір зат- 
тарды күйдірігі жібереді. Әйтсе де бүл әдіспен кептіру шкафтарында мақта 
матасымен тігілген халат, киіз, лабораториялық ыдыстарды, саймандарды 
зарарсыздандырады. Киім мен халатты, таңатын материалдарды үтіктеу де 
осындай нәтиже береді.
Gy қайнағанда бактериялардың вегетативтік түрлері 15-30 мин., ал спо- 
ралық түрлері 45-120 мин. өледі. Бұл эдіс қолайлылығыныңіарқасында қүрал- 
саймандарды, арнаулы киімдерді, ыдыстарды зарарсыздандыру үшін кеңінен 
қолданылады. Суда қайнату үшін стерилизаторлар, кастрюлдер, қазандар пай- 
даланылады. Өңделетін заттарды суға толық батырып, қайнай бастаған мез- 
гілден уақыт есебін жүргізеді.
Судың буы дезинфекциялау үшін қолданылатын негізгі эрі сенімді эдіс- 
тің бірі. Оның қүрғақ ауадаң гөрі бактериоциттік эсері өте жоғары. Әсіресе 
қысымы жоғарылаған кезде су буының микробқа қарсы эсері күрт артады. 
Автоклавта 1,2-2 атм. қысымда температура 115-120°С-қа жетіп, бактерия- 
ларды, вирустарды, саңырауқұлақтарды толық жоюды қамтамасыз етеді. 
Автоклавтан басқа жемшөп цехының бу бергішін, эр түрлі бу камераларын 
(Крупин камерасы, жылжымалы бу дезинфещия камерасы) пайдалануға 
болады.
Отты зарарсыздандыру әдісі ретінде инфекция жұққан қоқысты, төсеніш- 
ті, көңді, жемшөп қалдықтарын, өлексені, т.б. өртеуге қолданады. Оттың 
жалынымен топырақты, қүрал саймандарды, металл ъідыстарды, жануарлар- 
дың металл торларын зарарсыздандырады. Бүл үшін дэнекерлеу шамы 
(паяльная лампа) пайдаланылады. Ол ұзындығы 70 см жететін температурасы 
400-600°С жалын береді.
Гамма-сэулелері арқылы жүн, тері-терсекті, т.б. зарарсыздандырады. 
Азық-түлік заттарын гамма-сәулесімен өңдеуге болмайды. Бүл мақсатқа элек- 
трондық сэулелер пайдаланылады. Олар радиация тудырмайды және тереңгі 
қабаттарға жеңіл өтеді.
Ультрадыбыс микроорганизмдерді механикалық жолмен бөлшектейді. 
Онымен кейбір ерекше жағдайларда бактерияларды антигендік құрамын сақ-
104


тай отырып ыдырату үшін әр түрлі препараттар даярлауға болады. Ультра- 
дыбыс тек қана сұйық ортада әсер етеді.
Биологиялъщ дезинфекция
микроорганизмдердің тіршілік әрекетін пай- 
далануга негізделген. Бұл эдіс экологиялық зиянсыздығы жэне экономикалық 
жағынан шығыңсыздығы арқасында өте тиімді болып табылады. Биологиялық 
жолмен зарарсыздандыруға көңді жэне өлексені биотермиялық өңдеуден 
өткізу жатады. Бұл эдістер жоғарыда қарастырылып кетті. Бұдан басқа биоло- 
гиялық дезинфекцияға топырақты табиғи биологиялық эдіспен зарарсыздан- 
дыру жатады. Ерте уақыттан бері топырақта ондаған жылдар бойы сақтала- 
тын топалаң қоздырушысының спорасын жою эдістері қарастырылып келеді. 
Осыған байланысты кейбір өсімдіктер өскен алқапта аталған микробтың спо- 
расы жойылып кететіні анықталды. Зерттей келгенде бұршақ тектес өсімдік- 
тердің (мысалы, жоңышқа), тамырларының төңірегіндегі (рйзосферасындағы) 
микробтардың 
В. anthracis
үшін антогонист екені белгілі болды. Бұл антого- 
нист микробтардың бөліп шығарған заттары топалаңның қоздырушысына 
жойқын әсер етеді.
Соңғы уақытта зерттеушілер (Н.М. Колышев) топырақтағы туберкулез 
микобактерияларын осындай биологиялык жолмен зарарсыздандыру әдісте- 
рін қарастыруда. Шаруашылықтарды туберкулезден сауықтырған соң, ферма 
мен оның маңайындағы территорияны зарарсыздандыру өте бір маңызды 
мәселе болып табылады. Мұндай жерде сиыр жоңышқа мен сұлыны аралас- 
тырып егіп тастаса, осы өсімдіктердің ризосфералық микрофлорасының тір- 
шілік әрекетінің нэтижесінде топырақ туберкулез микобактерияларынан то- 
лық зарарсыздандырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет