Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет78/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Сілтілер 
- суда жақсы еритін негіздер, судағы ерітінділерде гидроксиль 
иондарынының күшті концентрациясын береді. Ветеринария практикасында 
келесі сілтілер пайдаланады: күйдіргіш натрий, күйдіргіш калий, сөндіріл- 
меген жэне жаңадан сөндірілген эк, ДПК-1, ДПК-2, ниртан, сода, сақар, каль- 
циленген сода, ДЕМП, каспос.
Сілтілердің дезинфекциялаушы эсерінің бастау көзі - гидроксиль ион- 
дары болып табылады. Олар ортаның рН-ын жоғарылатып, ақзаттарды гидро- 
лиздейді, сонымен қатар коллоидты бөлшектер түзеді, майды сабынданды- 
рып, көмірсуларын ыдыратады. Бүл процестер микробтың қалыпты тіршілігін 
бұзып, белгілі бір дэрежеден асқанда өлтіреді. Тек қана күшті ерітінділері 
микробтардың дамуына кедергі жасап, оларды өлтіреді (негізінен вегетативтік 
түрлерін), ал элсіз ерітінділері керісінше микроорганизмдердің тіршілік қуа- 
тын арттырады.
Сілтілердің ерітінділері ыстық күйінде (70-80 °С) пайдаланылады, ал қо- 
раны дезинфекциялап болған соң оны мүқият желдету қажет. Өйткені сілтілер 
несепте болатын аммоний тұздарымен қосылып, көп мөлшерде аммиак бөліп 
шығарады да, малдың улануына себеп болады.
Күйдіргіш натрий -
түссіз, ылғал тартқыш қатты зат, суда жақсы ериді. 
Еріген сэтте көп мөлшерде жылу бөліп шығарады. Шаруашылық жағдайында 
дезинфекция үшін тазартылмаған техникалық препарат - каустика содасын 
пайдаланады. Оның қүрамында 92-95 
%
күйдіргіш натрий, ас тұзы жэне сода 
бар.
Ауада күйдіргіш натрий көмірқышқыл газымен қосылып, көмірқышқыл 
натрийға айналады да, кесек дезинфектанттың бетінде ақшыл қабат қүрады. 
Бүл қабық ауадан ылғал мен көмірқышқыл газын онан ары сіңіруге бөгет 
болып күйдіргіш натрийдың жақсы сақталуына көмектеседі, 
2%
ыстық (70°С) 
ерітіндісі эмбебап дезинфектант ретінде көптеген бактериялық жэне вирустық
106


инфекцияларға қарсы қолданылады. 10% дейін ас тұзын қосқанда спорацит- 
тік әсері күшейеді.
Күйдіргіш калий
- ақ, кристалды зат, сынған жері жарқаштанып түрады. 
Дезинфекциялық қасиеттері, қолданылуы күйдіргіш натриймен бірдей. Бірақ 
бағасы қымбат болғандықтан ветеринарияда өте аз қолданылады.
Әк.
Сөндірілмеген экті (СаО) эк тастарынан (СаСОз) күйдіру арқылы 
алады. Ақ түсті, ұнтақ зат, ылғалды бойына тез сіңіреді.
Сөндірілген экті - яғни кальцидің су тотығын - Са(ОН)г - алу үшін сөн- 
дірілмеген экке су қосады. Әкті сөндірген кезде оған -70-100 % -дай мөлшерде 
су қосса ұлпаланған эк алынады. Ал суды одан көп құйғанда эк сүті болып 
шығады.
Зарарсыздандыру үшін эктің 10 немесе 20% -ды түнбасын қолданады. 
Оны пайдаланар алдында ғана, сол күні дайындайды. Күні бүрын дайындаса 
ауадан көмірқышқыл газын сіңіріп, күшін жояды. Сөндірілген әктің қаныққан 
ерітіндісі эк суы деп аталады.
Сода.
Соданың бірнеше түрі болады. Кальциленген, немесе көмірқыш- 
қыл содасы - ЫагСОз, қоскөмірқышқылды немесе ас содасы - КаНСОз, крис- 
талды сода - ЫагСОз • ІОНгО. Кальциленген сода соданың басқа түрлерін алу 
үшін негіз болып табылады. Соданың дезинфектант ретінде күші элсіз болға- 
нымен ол майды жақсы алатын арзан жуғыш зат. Оның 1-2% ерітіндісінде 
халат, арнаулы киім, қүрал-жабдықтарды қайнатады.
Күл.
Отынды жаққанда алынатын күлді дезинфектант ретінде қолдануға 
болады. Күлден әсіресе алабота тектес өсімдіктердің, күнбағыс сабағының 
күлінен, сақар (поташ) алады. Онда эр түрлі мөлшерде сілті болады. Күлдің 
тұнбасымен қора маңайындағы ауланы зарарсыздандыруға болады, оны жыл- 
дың жылы жэне қүрғақ уақытында пайдаланған жөн. Сақарды сода орнына 
ыдыстарды жууға пайдалануға болады.
Каспос -
каустикалық сода-сақар қоспасының (каустифицированная 
содово-поташная смесь) орысшадан қысқарған атау. Бүл - сарғыштау, иіссіз 
сұйық зат. Қүрамында 40-42 % дейін күйдіргіш сілтілер болады. Қора-жайды, 
қүрал-сайманды зарарсыздандыру үшін күйдіргіш натрдан 1,5 есе артық 
концентрацияда пайдаланылады.
Ниртан
- сары түсті ұнтақ зат, әсер ететін құрама бөлігі аммонийдің 
төрттік тұзы. Металдарды бүлдірмейді, усыз, комплекстерде мал тұрғанда 
дезинфекциялау үшін пайдаланылады. Сонымен қатар транспортты, арнаулы 
киімді, малдың үстін зарарсыздандырғанда қолданады.
ДПК-1 және ДПК-2
дезинфекциялаушы перекись композициялары -
түйіршікті, ақ түсті, сарғыштау ұнтақ заттар, иіссіз, суда жақсы ериді, сақта- 
ған кезде бүлінбейді. ДПК-1 - 2%-ды, ДПК-2 - 3% -ды ыстық ерітінді күйінде 
мал жэне қүс соятын мекемелерде, товарлы сүт фермаларында, ыдысты, кұ- 
рал-жабдықтарды жуыгі, зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ерітінділерді 
пайдаланар алдында даярлайды. Аздаған металлға коррозиялық әсері болады. 
Тітіркендіру қасиеті жоқ, сондықтан малдың үстін зарарсыздандыруға жагай- 
ды.
107




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет