басқа заттармен араластырып пайдаланады. Әсіресе фенол-крезол қосындысы
дезинфектант ретінде кең танымал. Фенол-крезол креолиннің негізгі құрамы
болып табылады.
Фенолдың дезинфекция үшін қолданылатын
қоспаларына фенол-крезол-
дан басқа күкірт-карбол жэне сабын-карбол қоспалары жатады.
Күкіріт-карбол
(күкірт-крезол) қоспасы дерматомикоздар кезінде жэне
топалаң шыққанда қора мен ауланы зарарсыздандыру үшін пайдаланады. Оны
жасау үшін 3 өлшем фенолға немесе крезолға аздап араластыра отырып, 1
өлшем күкірт қышқылын қосады (керісінше емес). Қоспаны 1 тэулік (3-4 күн
болса тіпті жақсы) оқтын-оқтын араластыра отырып ұстайды. 1 % -ды ері-
тіндісін дерматомикоздар кезінде қораны дезинфекциялау үшін, ал 2% -ды
ерітіндісі топалаң кезінде еденді, топырақты,
садыра ағатын ойықты зарар-
сыздандыруға пайдаланылады.
Сабын-карбол цоспасы
5 бөлік жасыл сабыннан жэне 3 бөлік крезолдан
түрады. Оны дайындау үшін 500 г жасыл сабынды аз ғана ыстық суға жібітіп
алып 10 л ыстық суда ерітеді де 300 г карбол қышқылын қосадьи 50-80 °С ыс-
тық ертіндісімен майға бөккен, былғанған заттарды зарарсыздандырады.
Креолин
- өзгеше иісі бар, қара-қоңыр қоймалжың сұйық зат. Сумен
араластырғанда сүтке ұқсап ағарып кетеді. Әр партиясының химиялық қүра-
мы эр түрлі. Паразиттерге, әсіресе қотыр кенелеріне эсері қүрамындағы крео-
лин майының мөлшеріне байланысты. Бірақ та креолин
тек қана вегатативтік
бактерияларға эсер етеді де, спораларды өлтіре алмайды. Дезинфекция үшін
3% -ды ерітінді пайдаланылады. Дезинфекция жасалған қораны жақсылап
желдеткен соң ғана малды енгізуге болады, өйткені креолиннің буынан мал,
эсіресе, жас төл, улануы мүмкін.
Ксилонафт-5 -
қызғылт-қоңыр түсті, қоймалжың сұйық зат.
Сумен ара-
ластырғанда ақшыл-сұрғылт түсті ерітінді түзеді. Дезинфекциялық күші крео-
линнен едәуір жоғары. Мал қорасын дезинфекциялау жэне дезинсекция жасау
үшін қолданылады. Профилактикалық дезинфекция үшін 2-3%, ал тежеу
дезинфекциясы үшін 4-5 % ыстық ерітіндісі қолданылады.
Феносмолин -
фенольдық смола, техникалық этанол (спирт) жэне күйдір-
гіш натрдың қоспасы, қарақоңыр түсті, жағымды исі бар зат, қүрамында 80 %-
ға дейін белсенді бөлігі бар. Эмульсиясының бактериоциттік, вирулициттік,
спороциттік, дезинсекциялық, акароциттік жэне
дезинвазиялық қасиеттері
бар. Бактериялык жэне вирустық инфекциялар кезінде 3% ерітіндісі пайда-
ланылады, ал топалаң кезінде 18%, туберкулез бен солма (паратуберкулез)
кезінде 8 %. Малдың үстін зарарсыздандыру үшін аусыл кезінде 1 %, микоз-
дар (қысаға) кезінде және сарып (некробактериоз) кезінде малдың аяғын то-
ғыту үшін 5% эмульсиясы қолданылады. Дезинсекция, дезинвазия, дезако-
ризация үшін 8 %, ал дезтосқауыл мен дезбөстек (дезковрик) үшін 3 % күйінде
пайдаланылады.
110