7.4.2. Дезинфекцияны іске асыру жолдары мен құрал- жабдықтары Химиялык дезинфекция бүрку, тозаңдату (аэрозоль) жэңе газдандыру
әдістерімен жүргізіледі.
Дезинфекцилаудың бүрку әдісі, ерітіндіні зарарсыздыратын затқа шыл-
қыта сіңдіруге негізделеді. Аэрозолді дизинфекция кезінде ерітінді ауада өте
ұсақ тамшыларға айналдырылып, тозаңдатылады. Газдандыру кезінде дезин-
фектант буға айналдырылады.
Дезинфекция жасаудың ең байырғы эдісі жэне кең тарағаны бүрку эдісі
болып табылады. Оны іске асыру үшін ерітіндіні шашатын қүрал жабдықтар
пайдаланады. Олардың ішінде қолмен басатын қарапайым аспаптардан бастап
үлкен жылжымалы немесе тұрақты қондьфғылар бар. Дезинфекциялық техни-
ка мен жабдықтарды таңдағанда зарарсыздандырылатын объектілердің
ерекшеліктері мен аумағы ескеріледі. Мал қоралары мен кешендерді дезин-
фекциялар алдында оларды мүқият тазартып, барлық беткі жағын жоғары
қысыммен берілген ыстық сумен жуу қажет. Сондықтан дезинфекция қон-
дырғылар 20-50 атмосфераға дейін жогары қысым беретін қуатты сораптар-
мен жэне суды 80-90°С дейін қыздыратын жабдықтармен қамтаммасыз еті-
леді. Дезинфекция техникасы зарарсыздандьфылатын ортаны жақсылап
жуып, соңынан дезинфекция жүргізуге жарамды болуға тиіс. Дезинфекция
жасау үшін төменде көрсетілген техникалық жабдықтар пайдаланылады.
Комаровтың дезинфекциялық қондырғысы - ДУК (дезинфекционная
установка Комарова) - ГАЗ-51 немесе ГАЗ-52 автомашинасына орнатылған
цистернасы, бастапқы дезинфекциялық ерітінділер даярлайтын күбілер, дез-
инфектанаттарды сақтайтын орындары, шлангалар, цистернадан шығатын ері-
тінді қыздьфатын пеші болады.
Цистернаның ішіндегі сүйыққа қысым беру үшін машина маторынан
шыққан газды пайдаланады. Қысымның күшімен таратушы қолтық пен бүрік-
кіш арқылы ерітінді залалсыздандыратын объектіге беріледі. Қондырғының
жүмыс күніндегі орташа өнімділігі ерітіндіні 1 л/м2 мөлшерінде шашқанда бір
шлангамен істегенде 2 250 м2, ал екі шланганы пайдаланғанда 3500 м2.