Газбен дезинфекциялау. Газдардың эсерімен эр түрлі заттарды газ каме-
раларында зарарсыздандыруға болады жэне аэрозольдік дезинфекция тэрізді
бұл әдіспен қора-жайды да зарарсыздандырады. Дезинфекциялық камералар-
да эсіресе булы формалин камераларында жүмыс киімдерін зарарсыздандыру
кеңінен тараған. Өйткені бүл эдіс оңай жэне матадан жасалған заттарды бүл-
дірмейді. Газ арқылы жүн мен тері шикізаттарын зарарсыздандыру тиімді.
Бүл үшін ОКЭМБ (окись этилена-бромистый метил) і азы пайдаланылады. Ол
этилен тотығының бір салмақ бөлігінен жэне бромды метилдің 2,5 салмақ
бөлігінен түрды. Оны болаттан жасалған балондарда шығарады. Қайнау тем-
пературасы қалыпты атмосфералық қысым жағдайында 8,5°С болғандықтан
өте тез газ күйіне ауысады. Бүл жағдайда жүннен, теріден, матадан жасалған
заттарды бүлдірмейді. ОКЭМБ газы аса улы, онымен противогаз киіп жұмыс
істейді.
Газдар микробтарға жеткілікті дэрежеде ылғал болған жағдайда ғана эсер
етеді. Газдарды қабырғалар жэне бөлмедегі эр түрлі заттар өзіне сіңіріп ала-
ды. Сондықтан газбен дезинфекциялаған соң қораны мал енгізерден бүрын
жақсылап желдеткен жөн. Газбен зарарсыздандыруға ауаның температурасы
да елеулі эсер етеді. Дезинфекцияланатын қора-жайдың температурасы 15° С
-тан төмен болмауы керек. (15 тен 50° С-қа дейінгі аралықта).
Газбен дезинфекциялауды қүрал жабдықсыз жасалатын аэрозольдік дез-
инфекция деп те атайды. Әсіресе формальдегидті құрал-жабдықсыз-ақ газ
күйіне айналдыруға болады. 1м3 кеңістікті зарарсыздандыру үшін 40 г фор-
мальинге 30 г калий перманганатын жэне 20 г су қосады. Бүл әдіспен әдетте
инкубаторларды зарарсыздандырады.
Мал жэне құс қораларында ауаны зарарсыздандыру үшін хлор-скипидар
аэрозолін пайдалануға болады. Аэрозоль алу үшін хлорлы эк пен скипидарды
4:1 қатынасында араластырады. 1м3 ауаны зарарсыздандыру үшін 2 г хлорлы
эк пен 0,5 г скипидар жүмсалады.
116