Оқулық. Алматы, 518 бет


ІНДЕТТАНУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет90/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

8. ІНДЕТТАНУДЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ ҚАҒИДАЛАРЫ
Өзекті мәселелер. Індеттанудың мэн-мағынасын айқын-
дайтын негізгі заңы жэне оның эр түрлі қырларын ашатын жеке
заңдары. Індеттану ғылымында қолданылатын үғымдар - ғылы-
ми категориялар. Жұқпалы аурулардың аталуы. ,Ауру атаула-
рының қалыптасуы жэне мағыналық сипаты. Жұқпалы аурулар-
дың жіктелуі, оның ғылыми және прақтикалық маңызы.
8.1. Індеттанудың заңдары мен үғымдары
8.1.1. 
Індеттанудың негізгі заңы. 
Кез келген ғылым даму сатысында 
белгілі бір деңгейге жетіп, кемелденген кезіңде оның негізгі қағидалары қа- 
лыптасып, ең өзекті мэн-мағынасын бір ғана тұжырымға экеледі. Бұл дең- 
гейге ғылым көптеген белестерден өтіп, әбден ж етілген; кезде келеді. Вете- 
ринарияның көптеген салаларының ішінде індеттану бүгінгі таңда осыңдай 
дэрежеге жетті деуге эбден негіз бар.
Микробиология, вирусология, иммунология тэрізді ғылымдардың орасан 
зор жетістіктерімен байи отырып, індеттану солардың ығында қалып қоймай, 
жекелеген аурулардың табиғатын терең зерттеумен қатар жаңадан тың қоры- 
тындылар да жасай алды. Осы жетістіктердің негізінде індеттану ғылымының 
негізгі заңдарын тұжырымдау қажеттілігі туып отыр. Бұл күрделі де жауапты 
мәселенің шешімі де оңай емес.
Індеттанудың негізгі заңдарын тұжырымдауға медицина саласында 
эпидемиология бойынша Л.В. Громашевский, Е.Н. Павловский, В.Д. Беляков, 
ветеринария саласыңда : эпизоотология бойынша С.Н. Вышелесский, М.С. 
Ганушкин, И.А. Бакулов елеулі үлес қосты. Бірақ індеттанудың негізгі тео- 
риялық түйіндерін терең зерттеу элі де болса шешімін таппаған болашақтың 
ісі.
Індеттанудың дербес ғылым ретінде мэн мағынасын түсіндіретін жалпы 
заңдылық бар. Бүл жалпы заңдылықты індеттанудың негізгі заңы деп атаса да 
болады. Сонымен қатар негізгі заңның мазмұнын эр қырынан түсіндіретін 
жеке заңдар бар. Бүл заңдардың мазмұны жеке ұғымдар (категориялар) арқы- 
лы айқындалады.
Індеттанудың жалпы заңдылығын былайша тұжырымдауға болады: 
жа-
нуарлардыц жұңпалы ауруларына өзіне телімді тірі цоздырушьі, иммундік
бейімделу және індеттену тән.
Бүл заңдылық кез келген жүқпалы аурудың 
міндетті шарты.
Айта кететін жай: академик И.А. Бакулов жэне оның әріптестері қоры- 
тындылаған індеттанудың заңдылығы "жануарлардың жұқпалы ауруларына 
індет процесі тэн" деп түжырымдалады. Бүл тұжырым жұқпалы ауруларға тэн 
бір ғана белгі - індеттенуды ғана ескереді. Жүқпалы ауруларға тэн тағы да екі 
ерекшелік: аурудың қоздырушысы мен иммунитеттің қалыптасуын назардан 
тыс қалдыруға болмайды. Бұл үш ерекшелікті түгел ескергенде ғана жүқпалы
122


аурудың табиғатын дұры стүсініп, онымен күрес жолдарын (балау, емдеу, 
дауалау) дүрыс айқындауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет