байланысты жеңіл-желпі түсіндіруге болмайды., Өйткені эрбір ;аурудын қоз-
дырушысының орын тебуі, шығу жолдары және басқа жануарға берілу тетігі
ұзақ эволюция нэтижесінде қалыптасқан ө зар а. тэуелділікпен бірінен бірі
туындайды.
Үшінші заң індеттің цозгауіиы күштері туралы:
індет процесі тек қана
инфекция қоздырушысының бастауы, оның берілу тетігі жэне осы қоздыру-
шыға бейім жануарлар өзара эсер еткенде ғана пайда болып, дамиды, бұл үш
фактор іңдеттенудің тікелей қозғаушы күщгері болып табылады.
Аталған үш құрама бөлігі де іңдет процесінің пайда болуы жэне дамуы
үшін міндетті болып табылады. Оның біреуі ғана қатардан шығып қалса,
іңдеттену тоқтайды. Індетке қарсы шаралар осы қағидаға негізделген. Іс
жүзінде індет процесінің бір буынын толықтай жою мүмкін болмағандықтан
іңдетке қарсы шаралар індеттенудің барлық буындарына қарсы бағытталады.
Төртінші заң індеттенудіц цосалцы қозгаушы күштері, туральі:
табиғи
жэне экономикалық (шаруашылық) факторлар індет
процесінің тікелей қоз-
ғаушы күштеріне (инфекция қдздырушысыньщ бастауына, берілу тетігіне
жэне бейім жануарларға) эсер ету арқылы індеттенуді сандық жэне сапалық
өзгерістерге үшыратады, сондықтан індет гіроцесінің қосалқы қозғаушы
күштері болып табылады.
Аталған факторлардың қосалқы қозғаушы күштер ретінде қарастыры-г
латын себебі, олар індет процесінің тікелей қозғаушы күштеріне эсер ету ар-
қылы оның қарқынын өзгертеді. Жоғарыда айтылғандай негізгі тікелей қоз-
ғаушы күштерінсіз індет процесінің жалпы өзі де болмайды.
Егер уақыт өткен сайын қоғамның экономикалық-шаруашылық іс-эрекеті
өзгеріп, соған байланысты малдың бағып-күтуі, жабайы жануарлардың тірші-;
лік жағдайы өзгеріске ұшыраса, індет процесінің тікелей қозғаушы күштері не
күшейіп, не әлсірейді де, соның салдарынан кез келген жүқпалы
аурудың
індеттенуі өзгеріске үшырауы мүмкін.
Егер тарихқа көз жіберсек шаруашылык жағдайының өзгеруі жүқпальі
аурулардың індеттенуіне тікелей эсер ететінін көруге болады. Үжымдастыру
кезінде жүқпалы аурулар мал шаруашылығына орасан зор шығындар келтір--
се, мүндай жағдай тың игеру кезінде де, мал шаруашылығын өндірістік
негізге көшіру науқанында да, ірі шаруашылықтар жекешелендірілген кезде
де анық байқалды.
Бесінші заң індет процесінің сатылары туралы:
індет процесі белгілі бір
ретпен өтетін індетаралық, індеталды, өршу, шегіне жету, өшу,
індет соңы
сатыларынан түрады.
Бұл заң жүқпалы аурудың байқалуынан бастап жануарлар .арасында
таралып, басылғанға дейінгі індет процесінің динамикасын сипаттайды жэне
аурудың келесі байқалғанына дейін .қоздырушы микробтын табиғатта. сақта-
луы жэне бұл кезеңде бейім жануарлардың иммундік статусына байланысты
жағдайларды сипаттайды.
Алтыншы зац аурулардыц табиги ошацтылыгы туралы:
жүқпалы ауру-
лардың табиғи ошағы инфекция қоздырушысының белгілі бір территорияда
түрақты тірш ілік ететін жабайы жануарлардың арасында айналымда болуы
124
салдарынан сол жерде адам мен үй жануарларының қатысуынсыз пайда
болып, сақталады да, ауру бейім үй жануарларына (немесе адаміа), олар сол
территорияда болғанда табиғи ошақтың белсенді кезінде жұғады.
Табиғи ошақтың белсенділігі трансмиссиялық аурулар үшін олардың
қоздырушыларын тасымалдайтын қан сорғыш
буын аяқтылардың биология-
лық белсенді кезеңіне сэйкес келеді. Сонымен бірге табиғи ошақтың белсенді-
лігі сондағы ауру қоздырушысының резервуары болып есептелетін жабайы
жануарлардың да белсенділіі іне байланысты болады.
Соңгы жетінші заң індетке қарсы шараларды жүргізу цагидалары
туралы:
індетке қарсы шаралар індет бұғауының барлық буындарына: инфек-
ция қоздырушысының бастауын жоюға (оқшаулау, зарарсыздандыру), қозды-
рушының берілу тетігін ажыратуға жэне жануарлардың жүқпалы ауруға тө-
зімділігін қалыптастыруға бағытталуы керек, эрдайым аурудың ерекшелік-
тері мен қалыптасқан жағдайға байланысты негізгі шара белгіленеді (басты
буынды айқындау).
Жұқпалы ауру байқалған сэтте оған қарсы шұғыл шаралар жүргізіледі.
Бұл шаралар індет процесінің барлық буындарына бағытталғанымен эр
ауруда жақсы нәтиже беретін сенімді шаралар болады. Бір ауру кезінде ондай
шара -
караңтин тәртібін сақтау болса, екінші бір ауру кезінде - дезинфекция,
ал үшінші жағдайда - вакциналау болуы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: