Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет74/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дезинфекцияның түрлері. 
Індетке қарсы маңызына сай дезинфекция екі 
түрге бөлінеді: сақтық жэне лажсыз. Сақтық дезинфекциясы жұқпалы ауру 
болмаса да одан сақтану мақсатымен жүргізіледі. Лажсыз дезинфекция жүқ- 
палы ауру шыққан сэтте оны тоқтату мақсатында іске асырылады.
Сацтъщ, профилактикалық (дауалыц), дезинфекция
жүқпалы аурулардан 
таза шаруашылықтарда эр түрлі жағдайларда жүргізіледі. Соның бірі 
іске цосу
дезинфекциясы.
Ол жаңадан салынған мал қораларын тапсырған кезде пайда- 
лануға бермес бүрын мал жіберер алдында жүргізіледі.
Барлық мал өсіретін шаруашылықтарда сақтық дезинфекциясы мал ша- 
руашылығының технологиялық ерекшеліктері мен індеттік жағдайға байла- 
нысты жылдың белгілі бір маусымында жүргізіледі. Сондықтан мүндай сак- 
тық дезинфекциясын 
маусымдъщ
деп атайды. Маусымдық дезинфекция жұк- 
палы аурулардан таза аймақтарда жылына бір рет малды алыс отардағы жа- 
йылымда баққанда мал қораларына күзде малды қы стауға әкелерде жүргі-
101


зіледі. Егер малды жыл бойы қорада ұстап жақын жайылымда жайса, онда 
қораны көктемде малды жайылымға шығарған кезде дезинфекциялайды. 
Аурудан сау шаруашылық, сау емес аймақта орналасса, онда сақтық дезин- 
фекциясы жьілына екі рет: көктемде жэне күзде жасалады. Сақтық дезинфек- 
цияның үшінші түрі -
технологиялыц дезинфекция.
Ол технологиялық цикл- 
дар аралығындағы үзіліс мезгілде жасалады. Мысалы, сиыр төлдетілетін 
қораны бүзаулаған сиырды экетіп, оның орнына бүзаулайтын сиырды экелер- 
дегі екі аралықта дезинфекциялайды. Бұзау профилакторийінде мүндай шара 
10 күнге жеткен бүзауды алып, оның орнына жаңа туған бұзауды экелерде 
жүргізіледі. Мал бордақылайтын комплекстерде эрбір секцияңы бордақылау 
циклі аяқталып, бордақыланатын малдың жаңа тобын әкелерде зарарсыздан- 
дырады.
Сақтық дезинфекциясын жасау үшін 20% жаңадан сөндірілген әк, 2% - 
ды белсенді хлоры бар хлорлы эк, 2% күйдіргіш натрий, 1% формальдегид 
қолданылады. Бүл ерітінділер еденінде асфальт немесе басқа қатты төсеніщ- 
тер бар кешендерді сумен жуып тазалағанда 1 м2 аудаяға 0,5л, ал жер еденді 
фермаларда механикалық тазалаудан кейін 1 литрден жүмсалады.
Лажсыз
дезинфекция жүқпалы ауру біліңген сэттен бастап ол толық 
жойылғанға дейін жүргізіледі де, тежеу дезинфекциясы жэне қорытынды 
дезинфекция деп екі түрге бөлінеді.
Тежеу
дезинфекциясы ретті түрде аурудың ең біріңші байқалуынан бас- 
тап жүргізіледі. Егер кезекті екі тежеу дезинфекциясының арасындағы уақыт 
ұзақ болып, бұл мезгілде жаңадан мал ауырса, онда ауырған малды бөліп 
экеткен соң жэне эрбір балаулық зерттеуден кейін тежеу дезинфекциясын 
жүргізеді.
Өте жүғымтал аурулар кезінде (аусыл) тежеу дезинфекциясын күн сайын 
таңертеңгі тазалық жүргізген кезде жасайды. Жүқпалы аурулардың негізгі 
басым көпшілігінде апта немесе он күн сайын қораны зарарсыздандырады. 
Созылмалы аурулар (бруцеллез, туберкулез) кезінде тежеу дезинфекциясы- 
ның аралығы бір айдан аспауы керек.
Қорытынды дезинфекция кез келген жұқпалы ауруды жою шарасының 
ең соңғы сатысы. Оны карантин немесе шектеуді аларда жүргізеді. Бұл - індет 
ошағында ауру қоздырушы микробты жоюдың міндетті шарты болып сана- 
лады. Ол үшін мал қорасын, оның аймағындағы територияны, малды күтуге 
арналған жабдықтарды, малшылардың арнаулы жүмыс кимдерін, көң, көлік, 
т.б. түгелдей зарарсыздандыру керек.
Қорытынды дезинфекция кезінде қораға санитариялық жөндеу жүргізіп, 
тозығы жеткен бөліктерін жаңартады, қабырғаларын сылап, ағартады. Еден- 
нің тақтайын алып дезинфекциялық ерітіндіге батырады, күн көзінде кептіріп, 
үстіріктейді, шіріп бүлінгенін отқа жағады. Тақтайдың астындағы топырақ- 
тың көң жэне садырамен ластанған қабатын алып, таза жаңа топырақ төгіп 
тастайды. Содан кейін ғана еденнің тақтайын төсейді. Жер еденді де топы- 
рағың ауыстырып жаңартады.
102


Лажсыз дезинфекция үшін эрбір жұқпалы ауру кезінде сол ауру қозды- 
рушысының ерекшеліктері мен оның химиялық заттарға төзімділігіне сай 
тиісті дезинфектанттар қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет