айқын шекара жоқ жэне күнделікті өмірде зарарсыздандырудың нәтижесін
зардапсыз микробтардың жойылғандығы арқылы анықтауға тура келеді. Ал
енді қазіргі заманғы ірі өндірістік кешендерде дезинфекцияны аса көп мөл-
шерде
шоғырланған зардапсыз, не болмаса шартты түрде ғана зардапты ми-
кробтарға қарсы жүргізеді.
Дезинфекция нысандары.
Дезинфекция нысандарына яғни зарарсыз-
дандырылатын заттарға жататындар:
- мал қоралары: сиыр, қой, ешкі, жылқы, құс, қоян қоралары, терісі ба-
ғалы аңдардың лапастары (шед),
инкубаторлар, ара ұялары, мал төлдейтін қо-
ралар, бұзау профилакториялары, төл қоралар, оқшауханалар,
карантин жай-
лары;
- ветеринариялық нысандар: емханалар, ауру малдарға арналған стацио-
нарлар;
- мал қораларының ішкі жабдықтары: мал тұрағы (стойло), астау мен
науа, мал байлайтын жабдықтар;
- малды күту жабдықтары:
қамыт-сайман, ер-тұрман, ноқта-жүген, тарақ-
шетка;
- арнаулы жұмыс кимдері: етік, алжапқыш;
- су жэне су көздері, малдың жемі;
- эр түрлі жайлар мен бөлме ішіндегі ауа;
- мал серуендейтін аула, топырақ;
- сүрлем шұңқырлары мен мұнаралары, жем қоймалары;
- көлік жабдықтары жэне ыдыстар;
- көң, садыра, канализация ағындысы, сарқын су;
- мал өлекселері, шу,
қасапхана тастандылары;
- мал мен құстан алынған шикізаттар: тері, жүн, түбіт, қауырсын, мамық,
қыл, сүйек;
- инкубациялық жұмыртқа;
- малдың сүті, желіні, сыртқы жыныс мүшелері.
Достарыңызбен бөлісу: