Оқулық. Алматы, 518 бет


Физикалық зарарсыздандыру



Pdf көрінісі
бет72/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Физикалық зарарсыздандыру. 
54 мың жэне 108 мың шошқаға арңал- 
ған ірі кешендерде көң агысты бу қондырғылары арқылы 110-120“С темпере- 
турада 0,2 мПа қысым жағдайында зарарсыздандырылады. Экспозициясы 45- 
60 мин.
Топалаң, қарасан, маңқа, делбе, мандам, қүтырық, жыбырлақ, секіргпе, 
сиыр обасы, солма еияқты аурумен ауырған малдан алынған көң гек қана өр- 
теу арқылы ойдағыдай зарарсыздандырылады. Көңді өртейтін бірқатар күрде- 
лі жэне қарапайым қондырғылар болады. Теміржол станцияларының дезин- 
фекциялап жуатын пункттерінде көңді өртейтін арнаулы пеш орнатылады. Ең 
қарапайым эдіс - жерден қазылған ошақ. Оның тереңдігі 75 см, ені 75-100 см. 
Түбінен 45-50 см биіктікте металл біліктер орнатып, оның үстіне көң салы- 
нады. Астына отын тасталып, жағылады. Көңнің тез жануы үшін оны құрғақ 
қоқыс немесе сабанмен араластырған жөн.
7.3.2. 
Жануарлардың өлексесін зарарсыздандыру. 
Мал өлексесін за- 
рарсыздандырудың қазіргі кезде үш түрлі әдісітері қолданылады. Олар: вете- 
ринариялық-санитариялық утил заводтар мен цехтарда пайдаға асыру, өртеу 
жэне биотермиялық әдіспен зарарсыздандыру. Өлексені жерге көмуге соңғы 
кезде тиым салынгаи. Өйткені өлсксе көмілгсн жер ұзақ мерзімге шаруа- 
шылық айналымынан шығып қалады және адам мен жануарлардың денсаулы- 
ғына зиянды болып табылады.
Ветеринариялық-санитариялық утил заводтар мен цехтар жануарлар 
өлексесі мен қасапхана тастандыларын өңдеп, пайдаға асырады. Олардан 
ет-сүйек ұнын, техникалық жэне жемдік май, желім алынады. Бүл өндіріс 
орындарында шикізат ретінде пайдаланылатындар: барлық малдар мен құс- 
тардың өлексесі, малдың шуы, инкубация қалдығы, ет пен балық өңдейтін 
мекемелердің қалдықтары мен тағамға жарамайтын тастандылары, қүсты, 
қоянды, т.б. сойып, өңдеген кездегі, сою пункттеріндегі, қүс фабрикаларын- 
дағы тағамдық қүндылығы төмен өнімдер, қауырсын-мамық өндірісінің, же- 
латина мен желім заводтарының, тері-терсек өңдейтін аңшылық кэсіп мекеме- 
лерінің қалдықтары. Барлық аталған қалдықтарды жемдік мақсатта іске асы- 
рарда ветеринариялық бақылау арқылы өңдеуге жіберіледі. 'Мұндағы ерекше 
көңіл бөлетін жағдай - аталған қалдықтардың көпшілігінде, эсіресе зардапты 
микробтар тіпті аса қауіпті аурулардың қоздырушылары болуы мүмкін.
97


Ветеринариялық-санитариялық утил заводтарының 6 түрлі типтік жо- 
басы бар. Олар эрбір ауысымда 1,5 тоннадан 3 тоннаға дейін ет-сүйек ұнын 
шығаруға есептелген. Заводты дөңес жерге, қоғамдық үй-жайлар мея мал 
фермаларынан кемінде 1000 м, ал мал кешендерінен 3000 м қашықтықта сала- 
дьі.
Ветеринариялық-саніггариялық утил завод мал өлекселері мен басқа да 
қалдықтарды жинап, залалсыздандырады. Өзі қамтитын територияда (эдетте 
бір экімшілік ауданда) тиісті ветеринариялық-санитариялық тэртіп орнатады, 
ет-сүйек ұнын, техникалық жэне жемдік май, тері, желім өндіруді қамтама- 
сыз етеді. Мұндай заводтарда малдың өлімінің себептерін анықтайды. Жұқпа- 
лы аурулар айқындала қалған жағдайда ветеринариялық қызмет орындарына 
хабарлап, аурудың тез жойылуына ықпал жасайды.
Шикізатты жинау.
Заводтың қызметін пайдаланатын шаруашылықтар 
ведомостволық бағынштылығына қарамастан өзіндегі мал шаруашылығы 
қалдықтарын заводқа өткізеді. Оларға мал өлекселері мен қасагіхана тастан- 
дыларын жерге көмуге немесе басқадай жолмең жоюға тиым салынады.
Өлексені жинау үшін эр түрлі шаруашылықтар, кей жағдайда жеке ірі 
мал фермалары өзінің немесе бірнеше шаруашылыққа ортақ шаруашылық 
аралық өлексе жиңау пунқтін салады. Пункт типтік жобаға сэйкес, түрғын 
және қоғамдық үйлерден 500 м қашықтықта 3 түрлі салынады.
1. Бір қабатты өз канализациясы бар тоңазытқыш камерасыз.
2. Бір қабатты электроэнергиясы мен тоңазытқыш камерасы жэне өз 
канализациясы бар.
3. Лапаспен жабылған эрқайсысының сыйымдылығы 360 кг 8 контейнер 
қойылған алаңшық.
Малдың өлексесін жинау пунктіне мал өсіретін шаруашылық өзі, ал қа- 
лалар мен поселкелерде экімшілік тағайындаған мекеме жеткізеді. Қожалық- 
тар басқа да мал иесі өлексені 12 сағаттың ішінде, шалғайдағы мал отарла- 
рынан 24 сағатта жинау пунктінде арнаулы көлікпен жеткізуге тиісті. Ол үшін 
жын мен қан сорғаламайтындай етіліп, кузовы темірмен қапталған арнаулы 
автомашина пайдаланылады. Ірі қара өлексесін тиегі-түсіру үшін машинаға 
шығыршықты білік орнатылады. ¥ са қ малдың өлексесін жинау үшін қоқыс 
таситын М-20 маркалы автомобильді пайдалануға болады.
Шалғайдағы мал отарларынан, эсіресе жаздың күні шірітпей жеткізу 
мүмкін болмағанда өлексені консервілеуге тура келеді. Бүл мақсатпен пара- 
формның (құрғақ формалин) 2% -ы ерітіндісі, гексаметилентетраминнің (уро- 
тропин) 2% -ы ерітіндісі қолданылады.
Жинау пунктімен утил заводы өлексені өз күшімен жеткізіп алады. Тиісті 
ветеринариялық бақылаудан өтіп, топалаңның жоқ екені анықталған соң (ПР 
бойынша) маңқа, қарасан, мандам, жыбырлақ, қатерлі домбығу, сиыр обасы, 
аса жұғымтал басқа да ауруларға күдік тумаса өлексенің терісін алып, союға 
жібереді. Аталған аурулар байқалған жағдайда терісін алмастан жояды.
Терісі алынған соң өлексені сүрыптап, ұсактап, көлбеу вакуум қазанға 
түсіреді. Онда жоғары температура мен қысымда өңделген соң, майын түн-
98


дырып, бөліп алады да, суын май ұстағыш арқылы өткізіп, канализацияға 
ағызып жібереді. Бөлінеген майды 2-3% мөлщерде ұсақ тұзбен тұздайды. 
Егер май құстың жеміне қосуға арналса түздалынбайды. Майы бөлінген соң 
қалған бөлігінен (шыжғырық) ет-сүйек ұнын даярлайды. Май мен ет-сүйек 
ұнының сақтау мерзімі-6 айдан аспайды.
Өлексені өртеу - қоздырушылары спора түзетін (топалаң, қарасан, 
секірітпе) немесе аса қауіпті жұқпалы аурулар (маңқа, сиыр обасы, құтырық) 
кезінде міндетті шара болып есептелінеді. Бұл эдіс зарарсыздандыру жағынан 
сенімді болғанымен экономикалық жағынан тиімсіз.
Мал өлексесін өртеу немесе зоокремация, арнаулы қондырғыларда іске 
асырылады. Республикамыздың эр түрлі аймақтарында жергілікті жерлердің 
ерекшеліктеріне сэйкес бұндай қондырғылардың бірнеше түрлерін қезіктіруге 
болады. Өлексе өртейтін пешті құдықтың ішін көмкеру үшін пайдаланатын 
бетон шығыршықтан жасауға болады. Оның бір бүйірін тесіп, есік жасайды 
да, төменгі жағыная жерден 20-30 см биіктікте оттық істейді. Оттықтың үс- 
тінде темір кереге орнатылып, оның үстіне өлексе салынады. Мүндай пешті 
темір күбіден немесе комбайнның сабан жинағышынан да жасауға болады. 
Пештің ішіне өлексе ілетін ілмекше орнатады да, оған ілінген өлексенің 
астынан от жағады. От жағу үшін қатты отын (ағаш, көмір) немесе бүріккіш 
форсунка арқылы жанатын жанармай қолдануға болады. Қазақстандық ғалым
Н.Т. Қадыров ұсынған өлексе өртейтін қондырғы бар.
Ешқандай жағдай жоқ даладағы жағдайда өлексені өртеу үшін жер 
ошақты пайдалануға болады. Жер ошақты 0,5-0,7 м тереңдікте қазып бетіне 
көлденең темір салып, астын отынға толтырып, бетіне өлексені тастайды. 
Өлексені бастыра тағы да отын тастап, оны айналдыра киіз үй тэрізді етіп 
қаңылтыр немесе басқа да жанбайтын затпен бастыра қоршап, төбесінен 
шаңырақ тэрізді тесік қалдырады. Отынға от қойғанда, онымен қоса өлексе де 
түгел жанып кетеді. Ірі қараның өлексесін өртегенде 2,5-3 м3 отын жүмсалып, 
6-7 сағат ішінде толық жанып болады.
Еиотермиялъщ апан
(Пирятин, чех, Беккари апандары) ет-сүйек і ұнын 
жасайтын завод болмаған жағдайда өлексені зарарсыздандыру үщін аса 
қолайлы эдіс болып табылады. Биотермиялық апан мал қораларынан, өндіріс 
жэне түрғын объектілерінен кемінде 300 м қашықтықта жер асты суы төмен 
орналасқан ауданы 594 м2 жер бөлінеді. Оны дуалмен қоршап, ішінен терең- 
дігі мен ені 1 метрден ор қазады. Территорияның дэл ортасынан диаметрі 3 м 
тереңдігі 10 м апан қазылады. Қабырғасын кірпіш не басқа материалмен 
қалап, оны жер бетінен 40 см көтеріп, таспен көмкереді (3-сурет). Бетін қос 
қақпақпен жабады. Қыстың күні қос қақпақтың арасында сабанмен толты- 
рылған бөстек болу керек. Апанның үстіне лапас орнатып, жауын-шашыннан 
қорғайды. Ауа соратын тақтайдан жасалған вентилияция шахтасы (25 X 25 см) 
лапастың төбесінен жоғары шығып түруы керек. Апанның жанында өлексе 
соятын үйшік немесе алаңқай жасалады.
99


3-сурет. Биотермиялыц апанның құрылысы.
Биотермиялық апанда өлексе шіріткіш микробтардың тіршілігі нэтиже- 
сінде зарарсызданады. Микробтардың қауырт өсіп-өнуінен өлеқсенің темпе- 
ратурасы 65-70°С-қа жетеді де, оның нэтижесінде барлық зардапты микробтар 
өліп қалады. Бұл жағдайда спора түзгіш бактериялар споралық түрге ауыса 
алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет