Оқулық. Алматы, 518 бет


Індетке қарсы санитариялық шаралар



Pdf көрінісі
бет66/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

6.8.2. Індетке қарсы санитариялық шаралар. 
Індетке қарсы санита- 
риялық шараларға территорияны санитариялық аймақтарға бөлу жэңе ветери- 
нариялық-санитариялық реттілікті сақтау жатады.
Санитариялық аймақтарға кешеннің өзінің ғана емес, сонымен бірге 
оның айналасындағы территория да бөлінеді. Айнападағы территория санита- 
риялық түрғыдан екі аймаққа бөлінеді. Біріншісі тікелей кешенді қоршап түр- 
ған ішкі күзетілетін аймақ, ал екіншісі сыртқы кеңейтілген аймақ деп атапады.
Сыртқы кеңейтілген аймаққа осы кешенге бекітілген жайылым жэне 
шабындық ретіңде пайдаланылатын алқап енеді. Бұл жерде қатаң мал азығы 
дайындалып, тыңайтқыш ретінде осы кешеннен алынған көң төгіледі. Бүл 
аймақ арқылы транзиттік магистральді жолдар өтпеу керек, утильзаводтары, 
тазарту жүйелері (кешенге қарамайтын) болмауы керек. Өңдіріс және түрмыс-


тық қоқыстарды төгуге болмайды. Аймақ қатаң-ветеринариялық бақылауда 
болып лейкоз, бруцеллез, туберкулез ауруларынан сау болуы қамтамасыз еті- 
леді. Басқа қещендер мең фермалардан экеліп көң төгуге рұқсат етілмейді, 
кемірушілерге қарсы жаппай дератизация жүргізіледі. -
Ішкі күзетілетін аймақ ені 200-250 м ғана, тікелей кешен қорғанының 
сыртында болады. Бүл жерде ешбір кұрылыс немесе жайылым болмайды. Ай- 
маққа бөтен адам жэне кешенге жат көлік жіберілмейді.
Кешеннің өз. территориясы өндірістік құрылымына, технологиялық про- 
цестердің ереқщелігіне қарай бірнеще аймаққа бөлінеді. Олардың ішінде 
негізгілері екеу. Бірі - өндіріс аймағы, оны ақ немесе таза деп те атайды. Екін- 
шісі - экімшілік-шаруашылық, яғни қара немесе лас аймақ.
Ақ аймаққа мал тұратын қора-жайлар орналасқаң территория жэне ке- 
шеннің ішкі жабдықтау жүйесі кіреді. Қара аймақта әкімшілік .үйлері орна- 
ласады, Екі аймақ бір-бірімен санитариялық өткелек арқылы қатынасады.
Ақ аймақтың өзі секторларға бөлінеді. Мысалы, сүт кещенінде бұзаулату 
бөлімі, профилакториялар, сауылатын сиырлар жэне суалған сиырлар цехта- 
ры болады. Ал ірі қараны бордақылау кешенінде өсіру жэне жеделдетіп бор- 
дақылау секторлары болады. Әрбір сектор, ;болмаса цех санитариялық жағы- 
нан бір-бірінен дербес болады.
Жем, пішен, сабан қоймалары, сүрлем мұнаралары мен шұңқырларын, 
малды қабылдап жэне жіберу, сүтті қабылдау жэне өткізу орындарын, өлек- 
сеге арналған бөлмені, олардың кіріп-шығатын есіктерін екі,аймақтың шек- 
арасыңа орңаластьірады,
Ішкі жэне сыртқы көлік жолдары бірін-бірі қиып өтпеуі керек. Сүрлем 
таситын машиналар сүрлем сақтайгын орынға сырт жағынан қатынайды. 
Кешенге кіретін көлік дезтосқауыл бар жабылған қақпа арқылы өтеді. Инфек- 
ция шыққан жағдайда кешенге кірер жерде машиналарды ,жуып, дезинфек- 
циялайтын жабдықтар орнатылады.
Жылу жүйесінің от жағатын орны, жанармай қоймалары қара аймақта 
немесе ақ аймақтың сырт жағында орналасады.
Қара аймақта жеке сектор ретінде көң қоймасын, қоқыс сақтайтын сиым- 
дылықтарды, сорап станциясын, көңді компостайтын, өлексені сақтайтын 
орындарды бөліп тастайды. Бүл сектор қоршальіп, оған қатынас ішкі күзетіле- 
тін санитариялық аймақ арқылы жүргізіледі.
Ветеринариялық объектілер әдетте ақ жэне қара аймақтардың шекара- 
сыңда орналастырылады. Санитариялық аймақ сою пункті, жем-шөп қоймала- 
ры, жем шөп цехы, тиеп-түсіретін өткеншек аймақтардың қоршау шеңберіңде 
орналастырылады. Карантин бөлімі імен оқшауханалар эдейі бөлінген ауаша 
жерлерде салынады.
Оқшауханалар мен санитариялық қасапханалардың бір-біріне жақын ор- 
наласуы мүмкін. Бірақ оларға апаратын жол негізгі қатынас жолдарын қиып 
өтпеуге тиіс.
Кешендегі көлік ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Сыртқы көліктің 
кешенге өтуіне аса бір қажет жағдайда ғана жуылып, дезинфекцияланған соң 
рүқсат етіледі.
89


Ветеринариялық-санитариялық реттілік жануарлардың бір-біріне ауру 
жұқтыруына қарсы бағытталған. Бұл шараларға жануарларды жас, жыныс, 
физиологиялық ерекшеліктеріне қарай бөлек ұстау, "бос-ббс емес" жэне мал 
ұстайтын орынға демалыс беру, т.б. жатады.
Жануарлардың эр түрлі топтарын араластырмай бөлек ұстау өндіріс тех- 
нологиясының ғана талабы емес, жұқпалы аурулардың алдын алудың да 
басты шарты. Шошқа кешендерінде мегежіндердің өзі қысыр, бастапқы буаз- 
дық, соңғы буаздық топтарына бөлінеді. Жас туған бұзаулар ересек бұзау- 
лардан бөлек ұсталуымен қатар профилактория ішінде жас жағынан айыр- 
масы үш күннен аспайтын шағын топтарға бөлініп ұсталынады. Өйткені 
туғанына 1-2 апта болған сәл ғана ересек бұзаулар 1-3 күндік бұзаулар үшін 
инфекция қоздырушысының бастауы ретінде қауіпті болып есептеледі.
Жүқпалы аурулардың алдын алудың санитариялық шараларының келесі 
қағидасы - "бос-бос емес". Бұл шарттың талабы бойынша қораға, секцияға' 
немесе үйшікке жануарларды жібергенде аз-аздан ілгерінді-кейінді емес бір- 
ден толтыру керек. Босатқанда да жануарларды түгелдей бірден экету керек. 
Өйтпесе микробиоз (микробтар мен жануарлар арасындағы тепе-теңдік) бұзы- 
лып, эр уақытта әкелінген жануарлар бір-бірі үпіін инфекция қоздырушысы- 
ның бастауы болуы мүмкін.
Санитариялық ережелердің үшінші қағидасы - қораны, секцияны, үйшік- 
ті, басқа да жануарлар тұратын жайларды "дем алдыру". Бүл шарт бойынша 
босаған қора-жайға малдың жаңа тобын бірден экелмей қбраны біраз уақыт 
бос ұстау қажет. Босаған қораны не секцияны мұқият тазалап, дезинфекция- 
лап, толық санация жүргізу үшін біраз уақыт 3-5 күннен 2 аптаға дейін бос 
үстау керек. Осылай еткен жағдайда жаңадан әкелінген жануарларға бүрын- 
ғылар қалдырған зиянды факторлардың (микрббтар, эр түрлі паразиттер) 
жағымсыз әсері болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет