Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет61/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Қатер төнген аймаққа 
індет ошағын қоршаған аймақ жатады. Оның 
ауданы табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларға, қатынас жолдары- 
ның орналасуына жэне олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты 
анықталады. Қатер төңгең аймақта жүргізілетін шаралар негізінде шектеу 
шараларымен тақылеттес болады. Кейбір аса қауіпті іңдеттер кезінде (аусыл, 
оба) бұл шаралардың талабы карантиннің шарттарына сәйкес келеді.
Карантин мен шектеу індет буындарының ішінде ауру коздырушысының 
берілу тетігіне қарсы бағытталады. Ауру қоздырушысының берілу тетігіне 
қарсы шараларға сонымен бірге дезинфекция, дезинсекция, дератизация, 
қалдықтарды (өлексені, көңді, т.б.) зарарсыздандыру жатады.
Ауру қоздырушысының бастауына қарсы шаралар. 
Жұқпалы ауру 
білінген сәтте, індет ошағындағы барлық сол ауруға бейім мал түгелдей ба- 
лаулық тексеруден өтеді. Ауруға жаппай тексеру үшін эдетте клиникалық
серологиялық, аллергаялық әдістер қолданылады. Бұл зерттеудің нэтижесінде 
барлық жануарлар үш топқа бөлінеді: ауруы айқын, ауруы дүдэмал және 
аурудың жұғуы күдікті.
Ауруы айцын жануарларга
диагнозы күдіксіздер жатады да, олар жедел 
басқа малдардан бөлініп, жеке қора-жайға (оқшауханаға) ауыстырылады. Бүл 
малдарды күтуге бөлек адам тағайындалады да, аурудың ерекшелігіне бай- 
ланысты оларды емдеуге болмаса сояды (бруцеллез, туберкулез т.б.), не жоя- 
ды (қүтырық, оба, маңқа).
82


Ауруы дүдәмал жануарларга
диагнозы түпкілікті қойылмағандар жатады. 
Олар - клиникалық белгілері айқын емес, немесе зерттеудің нәтижесі;дүдәмал 
болғандар. Мұндай малдар ауруы айқын жэне :аурудың жұғуы күдіктілерден 
жеке бөлініп алынады. Олар қосымша қайтадан тёксеріледі де, диагнозы 
айқындалса ауруы айқын малдарға, ал диагнозы расталмаса аурудың жұғуы 
күдіктілерге қосылады.
Аурудың жүгуы күдіктілерге
барлық қалған малдар жатады. Олар ауруға 
шалдыққандармен жаңасқан себепті дэрігерлік бақылауда болып, ретті түрде 
ауруды балау үшін арнайы тексеруден өтіп тұрады,. Тексеру малдың ауруға 
шалдығуы біржола тоқтаганша жүргізіледі. Әрбір балаулық тексеруден кейін 
ауырған жануарлар бөлініп оқшауланғаннан соң қора-жайға дезинфекция жа- 
салынады. Сонымен қатар жүқпалы аурудың ерекшелігіне байланысты ібүл 
топтағы жануарларды иммундейді (белсенді немесе енжар әдіспен) болмаса 
микробтарға қарсы әсер ететін емдік-дауалық дәрмектер қолданылады. Аса 
қауіпті аурулар кезінде (мысалы, шошқа обасы) індет ошағындағы барлық 
бейім жануарлар сойылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет