Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет56/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттанулық балау әдісі. 
Індеттанулық балау әдістері індеттің шығуы 
мен таралуына қатысты төмендегідей мэліметгерді талдау арқылы жүргі- 
зіледі.
1. Індеттік жағдай.
2. Індет бүғауының буындары.
3. Аурудың індеттік ерекшеліктері.
Індеттік жагдайдың
негізгі көрсеткіші - күдік тудырған аурудың . сол 
өңірде бар немесе жоқ екендігі. Басқаша айтқанда, тиісті індет ощағының 
немесе табиғи ошақтың болу болмауы. Егер ондай ошақ бұл аймақта болмаса, 
осы аурудың басқа жердегі ошағына ауырған: малдың қандай қатысы болуы 
мүмкін екендігін анықтау. Бұл жағдай індет бұғауының нысандарын талдауға 
тікелей қатысты.
Індет бүғауының буындарын талдау жануардың ауруға бейімділігінен 
басталады. Ауруға бейім жануар індет бүғауының соңғы буыны болса да, 
жануардың ауруға бейімділігі балау жүмыстарында бірінші кезектё ескері- 
леді. Оған мынандай мысал келтіруге болады, сиыр маңқаға шалдықпай- 
тындықтан малдың бүл түлігінде аталған ауруға балау жүргізу орынсыз 
әрекет екені даусыз. Ауруға бейімділік жануардың түр, жыныс жэне жас ерек- 
шеліктеріне негізделіп қарастырылады.
Індет бұғауының буындарын талдағанда екінші кезекте күдік тудырған 
ауру қоздырушысының бастауы болып табылатын ауру немесе микроб алып 
жүруші жануардың бар немесе жоқ екені анықталады. Егер инфекция қозды- 
рушысының бастауы табылса, оның берілу тетіктері іздестіріледі. Ауруға 
бейім жануар инфекция қоздырушысымен тікелёй жанаспаған жағДайда лсүғу 
факторлары мен тасымалдаушылардың аурудың тарауына қатысы анықтала- 
ды. Сонымен қатар инфекцияның қарастырылып отырған жағдайдағы мүмкін 
болатын берілу жолдары жэне олардың осы аурудың ерекшеліктерімен үйле- 
сімділігі.
Аурудың індеттік ерекшеліктеріне тоқталғанда, оның қарқыны (спора- 
дия, эпизоотия, панзоотия), жүғымталдығы, шығын жэне өлім көрсеткіштері, 
т.б. ескеріледі. Сонымен қатар аурудың маусымдық жэне кезеңдік ерекше- 
ліктері оны балау үшін құнды деректер болып табылады.
Індеттанулық балау эдісі түпкілікті нозологиялық диагноз қоюға толық 
мүмкіндік бермегенмен, басқа дэлдігі жоғары арнаулы эдістерді пайдалануға 
бағдар береді.
'75


К л и н и к а л ы қ балау әдісі. Ауырған жануарды клиникалык тексеру -
балаудың міндетгі шарты. Сіреспе, қысаі а, аусыл, құтырьіқ сияқты аурулар 
кезінде клиңикальіқ теқсерудің, диагноз қою үшің щещущі маңызы бар. Ал 
көптеген жұкпалы аурулар кезінде бұл аса құнды қосымша эдіс болып 
табылады. Індеттанулық талдаумен қатар клиникалык тексеру ауруға лаб- 
ораториялық зерттеуді белгілі бір бағдарда жүргізуге жағдай жасайды. Қіш- 
никалық тексеру кезінде ауырған жануардан тірі кезінде лабораториялық 
зерттеулер үщін тиісті материалдар альінады.
Жұқпалы ауруларға. қлиңиқалық балау жүргізгеңде олардьщ мыңандай 
ерекшеліктерін ескеру керек.
Жұқпалы 
аурулардың \Өршуінің сатылыгы (стадиялыгы
).
Аурудың біріг 
нен соң бірі келетін жасырын, клиника алдындағы, клиникалық жэне акырғы 
қорытынды сатылары болады. Сондықтан аурудың белгілерін динамикалық 
өзгерістерін ескере отырып қарастырады.
Инфекциялыц синдромга тән құбылыстар.
-Инфекциялық синдром деп 
этиологиясына қатыссыз жұқпалы аурулардың көпшілігіне тэн клиникапық 
белгілер кешенін айтады. Бүл белгілері арқылы аурудың жүқпалы екендігі 
пайымдалады.
Көп жағдайда инфекциялық синдром организмнің жалпы өзгерістері ре- 
тінде байқалады. Бұл өзгерістер: дененің қызынуы, жабырқау, тэбеттің жойы- 
луы, метоболиттік ақаулар (су-ион алмасуының бұзылуы, ацидозға бейімдік, 
қан тамырларының өткізімділігінің бүзылуы). Кейде инфекциялық синдром 
орны шектелген ақаулар арқылы білінеді. Мұндай құбылыстар белгілі бір 
ұлпалар мен мүшелердің шектеулі зақымдануы кезінде байқалады. Орны шек- 
телген инфекциялық процестің әдеттегі белгілері - жалпы қабыну құбылыс- 
тарына тэн өзгерістер: 
rubor, tumor, calor, dolor
жэне 
fu n ctio laesa.
Бұған осы 
мүшеге ғана тэн симптоматологиялык белгілер қосылады.
Көптеген жұқпалы аурулар кезінде сепсис (өлі тию) байқалады. Сепсис- 
тің клиникалық белгілері: дененің ыстығы 2-4° С өзгеріп түратын қайталама 
қызба, демігу, тамыр соғуының жиілеп-бәсеңдеуі, жүрек аритмиясы, кілегёйлі 
қабықтардың сарғаюы, ішек-қарын қызметіңің бұзылып іщ !өтуі, қүрысу, 
салдану, көз бен мүрыннан сора ағу, ядросы солға ауысқан лейкоцитоз.
Жануарларды клиникалық тексеру жалпы, арнаулы жэне лабораториялық 
эдістерді пайдаланып жүргізіледі. Жалпы әдістерге жататындар: тіркеу, 
анамнез, қарау жэне бақылау, дененің ыстығын өлшеу, пальпация, перкуссия
аускультация. Арнаулы эдістер: зондтау, катетерЛеу, эндоскопия, ультрады- 
быспен зерттеу, рентгеноскопия, графикалық эдістер (ЭКГ, ринография, пнев- 
мография, гастрография, сфигмография, флегмография, рентгенография).
Лабораториялық эдістер: несептің, нэжістің, ликвордың т.б. анализдері.
Юіиникалық зерттеу нозологиялық диагңоз қоюмен қатар аурудың біліңу 
түрлерін де айқындауға мүмкіндік береді. Аурудың клиникалық түрлері: 
эдеттегі (кэдімгі), эдеттегінден тыс, аса жіті, жіті, жітіден төмен, созылмалы, 
үзікті, зілді, зілсіз, орны шектелген, жайылған, т.б. Аурудың мүндай турлерін 
айқындаудың емдеу үшін маңызы аса зор.
76




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет