Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет207/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Тыныс жэне жыныс жолдарының кілегейлі қабығына түскен 
вирус эпителий торшаларына енеді де, онда көбейіп, торшалардың тіршілігін 
жойып, сыдырылып түсуіне әкеліп соқтырады. Бүдан қабыну реакциясы 
туындап, кілегейлі қабықтың бетінде бастапқыда үсақ, кейіннен едэуір өліет-
280


тенген телімдер пайда болады. Вирус лейкоциттерге жабысып, қанға өтеді де, 
вирусемияның нэтижёсінде жануардың күйі нашарлап, ыстығы көтеріледі. 
Вирус плацентарлық, гематоэнцефальдік тосқауылдардан өтіп кеткенде ми, 
жатыр және ондағы төл зақымданады. 2-6 айлық бұзауларда энцефалит бай- 
қалуы мүмкін, an буаз сиырлар іш тастайды. Іштегі төлге вирустың өтуі 
буаздықтың екінші жартысында да, эмбриогенездің бірінші кезеңінің соңында 
да болуы мүмкін. Іштегі төл вирустың эсерінен тез өледі, соның нэтижесінде 
мап іш тастайды. Іш тастаған сиырдың қанында антиденелер болады да, 
вирусты негізінен тастанды төлден бөліп алады. Вирустың титрі бэрінен де 
катиледондарда жоғары болады, онда тастанды төлден вирус бөлінбеген жағ- 
дайда да табуға болады. Плацентада да вирус мол болады, тіпті көзге түсер 
өзгерістер байқалмаған жағдайда да қоздырушыны бөліп any мүмкін.
Өтуі 
мен симптомдары. 
Жасырын кезеңі 2-4 күн. Клиникалық байқалуы 
қоздырушы вирустың денеге ену жолына, жануардың физиологиялдық жай- 
күйіне және жасына байланысты. Әдетте ауру жіті өтеді, бірден ыстығы 
көтеріліп 40-42°С-қа жетеді, бейжай күйге түсіп, жемшөптен қалады, тез 
арықтап, сауын сиырдың сүті қайтады.
Аурудың бірнеше кпиникалық түрлері болады: тыныс мүшелері зақым- 
данады (ринотрахеит), жыныс жолдары қолдырап бөртеді, көзі зақымданады 
(конъюнктивит, кератоконъюнктивит). Жалпы апғанда осының бэрі аурудың 
негізгі респираторлық жэне генитальдік екі клиникапық түріне саяды.
Жұқпалы ринотрахеиттің 
респираторлъщ
түрі кезінде ауру басталған 
алғашқы күндері жануардың танауынан көп мөлшерде кілегейлі сора ағады, 
уақыт өте экссудатқа фибрин талшықгары, an кейде қан араласады, әбден 
асқынған кезде фибринді іріңді жалқаққа айналады. Танаудың, аңқаның кіле- 
гейлі қабықтары шектен тыс домбығып, ісінеді, көп жағдайда малдың қаң- 
сары қанға кернеліп, қызарады, оны «қызыл танау» деп атайды. Жануардың 
тынысы тарылып, ентігеді, ауызын ашып дем алады, ауызынан сілекей 
шүбырып, жөтеледі. Қаңсары мен танаудың кілегейлі қабығында беті өліетті 
қабыршақпен көмкерілген ойылған қолдырауықтар пайда болады. Жекелеген 
жануарларда конъюнктивит байқалады, буындары ісіп, ақсайды. Ауырған 
бұзаулардың іші өтеді.
Дененің ыстығы ауру басталғаннан 3-4 күн бойы сақталады да, процесс 
қосалқы микробтармен асқынып, пневмония басталғанда қайтадан жоғары- 
лайды. Ауру зілсіз жайлы өткенде мал 7-10 күнде жазыла бастайдіы, ал 
асқынған жағдайда ақыры сәтсіз болады.
Кейбір 2-6 айлық бұзауларда дерт миға шауып, энцефалит байқалады да, 
жүріс-түрысы бұзылады. Айналшықтап, бұлшық еттері дірілдеп, қүрысады, ал 
езуінен көбікті сілекей ағады. Мұндай жағдайда жануар 5 күннің ішінде өліп 
қалады.
Аурудың ұзақтығы шаруашылықтарда эр түрлі болып келеді. Кей жағ- 
дайда 2-3 аптаның ішінде 80-90 % мал ауырып жазылады, ал кейде ауру бір- 
неше апталарға созылып, малдың бір бөлігі ғана ауырады. Жұқпалы рино- 
трахеит негізінен респираторлық түрде өткеннің өзінде кейбір жануардың 
жыныс мүшелері зақымданады. Аурудың респираторлық түрі кезінде өлім
281
I


көрсеткіші 1-10% мөлшерінде. Респираторлық жұқпалы ринотрахеитпен 
ауырған құнажындар мен сиырлар 6-8 айлық буаздығында іш тастайды. Іш 
тастағаннан соң сиырда метрит байқалып, сүттілігі төмендейді. Вирус денеге 
жыныс жолдары арқылы енгенде ауру генитальдік түрде өрбіп, ұрғашы малда 
вульвагинит, ал еркек малда бланопостит байқалады. Инфекция басталған соң 
2-4 күн өткенде малдың күйі нашарлап, жем-шөптен қалады, сүті қай-тады, 
сарпай мең қынаптың кілегейлі қабығын қан кернейді. Кейбірінде кілегейлі 
қабықтың эр жері қолдырап, мөлдіреген сұйыққа толып тұрады. Олар жары- 
лып, орны қызыл шақаланып, бетінде кілегейлі фибринді қабыршақ түзіледі. 
Жануар мазасызданып, құйрығын бұлғаңдатып, қынаптан кілегейлі-іріңді 
сұйық ағады, эдетте денесінің ыстығы көтеріледі. Еркек малда қабыну 
процесінің сипаты сиырдағыдай болады да, әдетте үрпектің кілегейлі қабы- 
ғында байқалады. Егер ауру асқынбаса 10-14 күнде жазылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   203   204   205   206   207   208   209   210   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет