Оқулық. Алматы, 518 бет


Патологиялық-анатомиялық өзгерістер



Pdf көрінісі
бет208/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Патологиялық-анатомиялық өзгерістер. 
Аурудың респираторлық тү- 
рінде кеңсірік қуысында, аңқада, кеңірдекте фибрин араласқан кілегейлі- 
іріңді экссудат жиналады. Кілегейлі қабықтар ісініп, домбығады, өліеттенген, 
ойылған, қанталаған телімдері болады. Маңайындағы сөл түйіндері ылғал- 
даңып, қызарады. Ауру асқынғанда катарлы, ірінді-қатарлы бронхопневмания 
байқалады.
Жұқпалы ринотрахеиттің 
гениталъдік
түрінде жыныс мүшелерінің кіле- 
гейлі қабықтары домбығып, қолдырап, ойылады, асқынған кезде эндометрит 
кездеседі. Тастанды төл ісінген, бауырында өліеттенген ошақтар, бүйрек 
майында геморрагиялық экссудат болады. Гистологиялық зерттеу зақымдан- 
ған кілегейлі қабықтардың эпителийінде түзілген денешіктерді айқындайды.
Балау. 
Клиникалық белгілері, індеттанулық деректер, патологиялық- 
анатомиялық өзгерістер арқылы жүқпалы ринотрахеитке жорамалмен диагноз 
қойғанымен, оны растау үшін зертханалық тексерулер жүргізу қажет. Виру- 
сологиялық зерттеуге ауру малдан танау қуысынан, көзден, қынаптаң, үрпек- 
тен тампонмен сүртіп сұйық бөліндіні сіңіріп алады. Пышаққа ілінген немесе 
өлген малдан, өлгенінен кейін 2 сағаттан кешіктірмей кеңсіріктен, кеңірдек- 
тен, өкпеден, бауырдан, көкбауырдан, мидан, сөл түйіндерінен кесінді алады. 
Тастанды төлдің үлпершек ағзалары мен қағанақ қабықтарын алады. Вирус 
торша өсінділерінде бөлініп алынып, бейтараптау реакциясы мен иммуно- 
флоуоресценция тэсілі арқылы айқындалады. Соңғы реакция арқылы вирус- 
тың антигенін патологиялық материалдан тікелей анықтауға болады. Қандағы 
антиденелерді анықтау үшін жэне ретроспективтік диагноз үшін бейтараптау 
реакциясы мен қосалқы гемагглютинация реакциясы қолданылады. Соңғы 
кезде бұл ауруды балау үшін иммуноферменттік эдістер сынала бастады.
Ажыратып балау
мақсатымен зертханалық зерттеулер парагриппке, 
вирустық диареяға, аденовирустық жэне респираторлық-синцитиялық инфек- 
цияларға қатар жүргізіледі.
Емі. 
Емдік мақсатпен реконваленценттердің қан сарысуы пайдаланы- 
лады. Оны бұлшық етке 2мл/кг дозада, бірақ, 200 мл асырмай жібереді, екінші 
қайта 24-48 сағ. өткенде береді.
282


Бактериялардан болатын асқынудың алдын any үшін, микробтардың 
төзімділігін тексеріп барып антибиотиктер, сульфаниламидтер қолданады. 
Бұл дэрілерді топтық әдіспен аэрозоль арқылы, немесе бас-басына паренте- 
ральдік жолмен береді. Ауырған малдың жай-күйіне қарай қуаттандыратын 
жэне симптоматикапық препараттар қолданылады.
Аурудың генитапьдік түрінде нитрофурандар мен сульфаниламидтер 
қолданылады, антибиотиктер жақпа май, ерітінді ретінде пайдаланылады. 
Барлық жағдайда да емнің нәтижесі малдың күтімі мен азықтың құнарлығына 
байланысты.
Иммунитет. 
Ауырып жазылған жануарда белсенді иммунитет қалып- 
тасады. Аурудың респираторлық түрінен кейінгі иммунитет генитапьдік түрі- 
мен ауырғандағыдан гөрі күштірек болады. Ауырғаннан кейінгі иммунитет 
1,5-2 жыл сақталады.
Жұқпалы ринотрахеитке қарсы тірі жэне өлтірілген вакцинапар қолданы- 
лады. Өлтірілген гидрокись аллюминийлі этанол вакцина арасына Іай арала- 
тып 2 рет егіледі. Иммунитет мерзімі 6-7 ай. Тірі вакциналар иммунитетті тез 
жэне үзақ мерзімге қапыптастырады. Интраназапьдік әдіспен енгізгенде та- 
наудың секретінде антиденлер түзіледі жэне қанда интерферондар пайда бо- 
лады. Мүндай эдіспен енгізілген вакцинаның эсері бұлшық етке жіберіл- 
геннен гөрі жоғары болады. Тірі вакциналар бір валентті жэне екі валентті 
жұқпапы ринотрахеитке жэне парагрипке қарсы болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   204   205   206   207   208   209   210   211   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет