Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет216/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Дерттенуі. 
Ac қорыту жэне тыныс жолдарына түскен вирус кілегейлі 
қабықтардың эпителийінде көбейіп, қанға өтеді де, лейкоциттерге жабысады. 
Бұл кезде дененің ыстығы көтеріледі. Вирусты бейтараптаушы антиденелер 
пайда болып, олар қанға түскенде виремия тежеледі. Вирус қан мен сөл ар- 
қылы сөл түйіндеріне жэне басқа да лимфоидты мүшелерге жетіп, шоғыр- 
ланады. Сөл түйіндерінде, көк бауырда, Пейер түйіндерінде жас жасушалар 
өліп, көбею орталықтары дегенерацияға шалдығады (азғындайды). Өліеттену 
эсіресе, Пейер түйіндерінде едэуір болады. Гранулоциттердің түзілуі тежеліп, 
уақытша кең ауқымды лейкопения қалыптасады, нэтижесінде мононуклеарлы 
торшалар шамадан тыс көбейеді. Бұл торшалар ауыздағы, аңқадағы, қарын- 
дағы, танаудағы эпителий капиллярларының маңайына шоғырланады. Кейін- 
де эпителий торшаларының бір бөлігі өліеттенеді де, олардың сыдырлуының 
салдарынан вирустық диареяға тэн ойылымдар пайда болады. Ac қорыту және 
тыныс жолдарының бөлінділерімен вирус сыртқы ортаға бөліне бастайды. 
Ауру басталған соң 1-2 апта өткенде қанда антиденелер пайда болып, егер 
ауру асқынбаса, жануар жазыла бастайды немесе процесс созь.ілмалы сипат 
алады. Ауырып жазылған малдың қанында антиденелер 1-1,5 жылға дейін 
сақталады. Кейіннен серологиялық реакциялар өшеді, бірақ, вирусты қаннан 
немесе сөлден бөліп алуға болады. Мұндай малдың лимфоциттері арқылы сау 
малға ауру жұқтыруға болады.
289


Буаз сиырға ауру жұққанда, іштегі төл тез зақымдалады. Оның қағанақ 
жарғағы қанталап, өліеттенеді, төлдің жұмсақ ми қабығы қабынады, мишық 
зақымданады, терісі суланып қабынады, кейде төл түтастай семіп, мумияға 
айналады. Іштегі төлдің зақымдануы нәтижесінде сиыр іш тастайды. Егер төл 
тірі туса, ол шалажансар болады. Аурудың іштегі төлге жұғуы, қоздырушы 
вирустың вертикальді тікелей жолмен берілуін қамтамасыз етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   212   213   214   215   216   217   218   219   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет