бақылау жүргізіліп, кемірушілердің өсіп-өнуін қадағалап, әдейілеп ұсталын-
ғандарын бактериологиялық тексеруден өткізеді. Арнайы ветеринариялык-
санитариялық шараларды.ретті түрде жүргізу кажет.
Уақыт өткізбей, ерте ауруға диагноз қою - обамен күресудің
негізгі
тетігі. Кемірушілердің арасында оба байқалысымең ол аймақты түйенің оба-г
сынан сау емес деп жариялайды. Бұл аймақтағы түйе біткенді түгел есепке
алып, түрақты ветеринариялық бақьшау тағайындайды.
Сау емес аймақта карантин қойылып, айналасын қауіп төнген аймақ деп
жариялайды. Сау емес аймақтағы обамен ауырған жэне күдікті түйелерді
жедел оқшаулап, құртады,
өлексені терісін алмастан, өртеп жібереді. Ауырған
мал тұрған орын, қора-жай мұқият тазаланып, дезинфекциялаңады. Кеміру-
шілерді жою үшін дератизация жүргізеді. Түйелердің үстін
апта сайын инсек-
тицидтермен домдайды. Сау түйелерді егіп, егілген түйелерді есепке алады,
егер қемірушілердің арасында оба ұзаққа созылса, түйёлерді 6-ай өткен соң
қайталап егеді. Ауру бар аймаққа түйені әкелуге немесе әкетуге тиым салы-
нады. Союға малды 9 күн
бақылауда ұстап, күніне 2 рет температурасын
өлшеп, ауруға ешбір күдік болмаған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Інгендерді
сауу үшін олардың қоңы жақсы болса, ауруға ешбір күдік болмаса, малдың
үстінде эктопаразиттер жоқ болса жэне сауыншыны эктопаразиттердің ща-
ғуынан қорғау шарапары қарастырылған жағдайда ғана рүқсат етіледі. Түйе-.
нің сүтін тек қайнатып қана тағамға қосуға болады.
Ауру жайлаған пунктте
түйенің жүнін дайыидап, шетке шығаруға тиым салынады.
Карантин кемірушілер арасындағы індет басьілған соң, ең соңғьі ауруға
шалдыққан немесе күдікті түйе өлген соң немесе сойылған соң, 60 күн өт-
кеннен кейін апынады.
Атаулар мен ұғымдар
г
Түйе обасы, Pestis camelorum,
чума верблюдов, Yersinia pestis, обаға қар-
сы EV штамы вакцинасы.
Бақылау сүрақтары
1. Ауруға қатысты өзекті мәселелер саналатын негізгі мәліметтер: ауру-
дың атауы мен анықтамасы, тарихи деректер, қоздырушысы,
індетгік ерекше-
ліктері, дерттенуі, өтуі мен симптомдары, патологоанатомиялық өзгерістер,
балау, емі, иммунитет, дауалау және күресу шаралары.
2. Обаның таралуында кемірушілердің маңызы қандай?
3. Оба микробының берілуіне бүргелердің қатысы қандай, бүргенің қан-
дай түрлері қауіпті?
4. Оба адамға қандай жолмен жұғады?
Тапсырма
Қазақстан территориясындағы обаның үш түрақты
табиғи ошағына жан-
жақгы сипаттама беріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: