Оқулық. Алматы, 518 бет



Pdf көрінісі
бет226/431
Дата12.03.2023
өлшемі26,67 Mb.
#172013
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   431
Байланысты:
Індеттану кітап

Індеттік ерекшеліктері. 
Секіртпемен қойдан басқа үй жануарларынан 
ешкі ауырады. Ауру спорадия түрінде немесе шағын індет ретінде байқалады.; 
Табиғи жағдайда қой жынысы мен жасына қарамай ауырғанымен көбінесе екі 
жасқа дейінгі, әдетте қоңдылығы жоғары малдар шалдығады. Кейде тек қана 
жас тоқтылар мен түсақтар ауырса, ікей жағдайда ересек қойлар ғана ауырады. 
Ауру жылдың кез келген маусымында шығуы мүмкін. Бірақ та, көбінесе 
қыста, немесе жаздың құрғақ айларында байқалады.
298


Инфекция қоздырушысының бастауы - ауырған қой. Өлген қойдың 
өлексесі жайылым мен суатты брадзоттың қоздырушысымен ластайды. Ауру 
алиментарлы жолмен жэне су арқылы жүғады.
Дерттенуі. 
Секіртпе кезіндегі дерт процесінің өрбу заңдылықтары толық 
анықталған жоқ. Ауру қоздырушысын алиментарлық жолмен, тіпті аса көп 
мөлшермен бергеннің өзінде, брадзот байқалмайды. Парэнтеральдық жолмен 
жұқтырғанда мал ауырғанмен ауруға тэн клиникалық белгілері болмайды. 
Аурудың шығуы үшін мал организмінің табиғи төзімділігі маңызды роль 
атқарады. Стресс-факторлардың (ыстық, суық, ішек құрттары), эсерінен орга- 
низмнің төзімділігі нашарлап, ішек-қарынның қозғалысқа келуі бұзылып, 
ауру қоздырушысының жедел өсіп-өнуіне жағдай туады. Нәтижесінде 
\
көп 
мөлшерде экзотоксиндер бөлініп, денені улап, өлімге экеліп соғады.
Өтуі мен белгілері. 
Секіртпе аса жіті жэне жіті өтеді. Аса жіті өткенде 
жасырын кезеңі бірер сағат қана, ал жіті өткенде бір тэулікке дейін созылады.
Аса жіті
өткенде мал кенеттен өліп кетеді. Алдында ғана сау жүрген қой 
кенеттен тыпыршып, бір орында секіріп барып құлайды. Осындай ерекше 
жәйт аурудың халық арасында "секіртпе" деп аталуына себеп болған. Жы- 
ғылған қойдың ауызынан көбік ағып, тісін шықырлатып, бірер минутта өліп 
кетеді. Кешкісін сау малдың таңертең өлексесі жатады.
Секіртпе жіті өткенде дененің , ыстығы көтеріліп, мал күйзеліп, жем- 
шөпке қарамайды. Тынысы, тамыр соғысы жиілеп, ауызы мен тануынан көбік 
ағады. Кейде қан аралас іші өтіп, несеп шығаруы жиілейді, ,іші кеуіп, тісін 
шықырлатады. Кейбір ауырған қой тынышсызданып бір орында секіріп 
немесе айналшықтап, жер тарпиды, оқтын-оқтын құрыстанады. Тынышсыз- 
данудан соң дел-сал күйге ауысады да, жатып қалады. Жатқанда аяқтарын 
созып, мойынын артқа немесе бір жағына қарай бұрады. Ауырған мал демігіп, 
элсіреп барып, бір күнге жетпей өледі. Ауру бэсеңдеу өткенде .3-5 күнге дейін 
созылып, өліммен аяқталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   431




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет