Балау.
Ауруды балау үшін індет жағдайын (эпизоотологиялық жэне эпи-
демиологиялық)
ескереді, клиникалық жэне патологиялық-анатомиялық де-
ректерді пайдаланады.
Обаға түйе осы аурудың табиғи ошағы бар аймақта шалдығады жэне оба
індеті бұл сэтте кемірушілердің арасында байқалады. Осындай індет ахуалы
қалыптасқан аймақта эрбір себебі айқындалмаған түйе ауруының кезінде кү-
дік туады. Түпкілікті диагноз тиісті бактериологиялық зерттеудің нэтижесіне
негізделеді. Бұл үшін ауырған түйенің қанын, түйнек шыққан телімнің ішін-
дегісін, ауыздан жэне танаудан аққан сораны, түйенің
денесіндегі қанға той-
ған кенелерді алады. Тастанды төл болса соны, өлекседен ішкі үлпершек ағза-
лардың кесіндісін, зақымданған сөл түйінін жэне ірінді алады. Егер өлексе
бұзыла бастаса, жіліктің сүйегін жэне қүлағын кесіп алады. Өлексені сой-
ғанда, ауырған түйеден материал алғанда сақтық шараларын аса мүқият сақ-
тап, аурудың адамға жүғуына жол бермеу үшін
барлық тиісті шаралар қол-
данылады. Бұл жүмыстарды атқарған сэтте обаға қарсы күресетін медицина
мекемесінің маманы қатысуы қажет. Патматериалды ыдысқа салып, оның
аузын мүқият жабады да, ол ыдысты екінші бір ыдысқа орналастырады. Екі
ыдыстың ортасында дезинфектантқа малшытылған дэке болуы қажет. Ақыр
соңында ыдысты металл бикске немесе ағаш жэшікке салып,
арнайы зерт-
ханаға жөнелтеді.
Зертханалық тексеру кезінде даярланған жағындыны Никифоров ерітін-
дісіне 20 мин бойы батыру арқылы бекітеді, қалған спиртті қолма-кол жағып
жібереді. Жағындыны грам жэне биполярлығын анықтау үшін метилен көгі-
мен бояйды. Микроскопия тек қосымша тәсіл бола алады.
Негізгі эдіс -
қоректік ортада өсін алу. Ол үшін материалды ет пептон агары мен сорпа-
сына, Хоттингер агары мен сорпасына егеді де, 28-30°С жағдайында 12-24
сағат өсіреді. Микробты айқындау үшін арнайы бактериофаг қолданылады
жэне теңіз тышқанына немесе ақ тышқанға жұқтырып, биосынама қояды.
Обаның микробын міндетті түрде кемірушілердің псевдотуберкулезінің
қоздырушысынан ажырату қажет. Ал аурудың өзін 'туляремиядан,
топалаң-
нан, пастереллезден, трипанозомоздан ажыратқан жөн, өйткёні бүл аурулар
кезінде де сөл түйіндері зақымданып, дененің ыстығы көтеріледі, сепсис жэне
пневмония байқалады.
Обаны балау үшін үсынылған серологиялық
реакциялар қосымша мэлі-
мет қана береді, негізінен ретроспективалық диагноз үшін пайдаланылады.
Достарыңызбен бөлісу: